ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ. /САЙЫС САБАҚ/
Шымкент облысы
Абай ауданы
Кызылжар елдімекені
№93 орта мектептің
биология пәнінің мұғалімі
Ташманова Баян
Тақырыбы: ХХІ ғасыр көшбасшысы. /сайыс сабақ/
Мақсаты: танымдық қабілеттерді дамыту, ой-өрісті кеңейту, ойлануды, танымдық белсенділікті дамытуға жағдай жасау, ұжымдағы жұмысқа икемділіктерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, қазылар алқасы үшін жауаптардың қорытындылары жөніндегі бланк, слайдтар, ойын ережелері.
Барысы:
1) Құрамында 4 оқушы болатын екі топ қатысады.
2) Топтар бір немесе қатарлас оқу топтарының оқушыларынан құралады.
3) Топбасшысы сайланады.
4) Қорытынды шығару үшін қазылар алқасы сайланады.
5) Ойын басталар алдында қатысушылар мен қазылар алқасын таныстыру.
/Ойын 5 кезеңнен тұрады./
1 кезең: «Жорға»
2кезең: «Ғажайып бестілік»
3 кезең: «Анаграмма»
4 кезең: «Сан әдістемесі»
5 кезең: «Қызықты жағдаяттар»
1 топ: «Ойшылдар»
2 топ: «Ақиқат»
1 кезең: «ЖОРҒА»
Екі топқа жеребе тасталып, бастайтын топ анықталады. Екінші топ сыныптан уақытша шығуы тиіс. Сұрақтар саны 12, ойлануға 3 сек. Дұрыс жауапқа 5 ұпай. Екі топқа қойылатын сұрақ мәтіні бірдей.
1) Математик, дәрігер, ақын, музыкант, екінші Аристотель атанған шығыс ғұламасы кім?
/Әбу-Насыр әл- Фараби/
2) Қазақстан Республикасында тілдер мерекесі қашан?
/22-қыркүйек/
3) «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? /Ы. Алтынсарин/
4) Ежелгі грек дәрігері, «медицинаның атасы» /Гиппократ/
5) Бие сүтінен дайындалған қышқыл сусын? /Қымыз/
6) Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктердің тізімі. / «қызыл кітап» /
7) Қазақстан Республикасының салтанатты әні. /Әнұран/
8) Ең суық материк. /Антарктида/
9) Халық ауыз әдебиеті. /Фольклор/
10) Кептірілген жеміс: /Жүзім/
11) Мәтіндік және графикалық ақпаратты көрсететін құрылғы. /Монитор/
12) Компьютердің негізгі құрылғылары.
/Монитор, жүйелік қорап, пернетақта, тінтуір/
2 кезең: «ҒАЖАЙЫП БЕСТІЛІК»
Ұяшық таңдауда 1-кезеңнен көп ұпай жинаған топ таңдайды. Әр ұяшықта 4 сұрақтан. Жауап дұрыс болмаған жағдайда келесі топ жауап береді. Дұрыс жауап 10 ұпай. Ойлану уақыты 5 секунд.
Тарих
1) Ежелгі замандағы ең атақты кітапхана. /Александрия кітапханасы/
2) Адамзаттың өткен тарихын материалдық жәдігерлер арқылы зерттейтін ғылым. / Археология /
3) Моңғол империясының негізін салушы және ұлы ханы.
/ Шыңғыс хан/
4) Ежелгі Римдегі ең ірі құлдар көтерілісінің көсемі. / Спартак /
5)
География
1) Барлық жағынан мұхиттармен және теңіздермен қоршалған құрлықтың үлкен көлемі. / Материк /
2) Әлемдегі ең үлкен шөл. / Сахара /
3) Әлемдегі ең ірі арал. / Гренландия /
4) Қандай теңізге бірде-бір өзен құймайды. / Қызыл теңіз /
5)
Биология
1) Таныстыру және зерттеу үшін кептірілген өсімдіктер жиынтығы.
/ Гербарий /
2) Адамзат тарихындағы бірінші антибиотик. / Пенициллин /
3) Бұл вегетативтік органның арқасында өсімдік коректенеді.
/ тамыр /
4) Асқабақ тұқымдастарға қандай өсімдіктер жатады.
/ Қауын, қарбыз, қияр /
Ғылым мен техника
1) Тасымал компьютер. /Ноутбук /
2) Бағдарламалық қамтамасыз ету өндірісінің әлемдегі үздігі.
/ Майкросов/
3) Ұшақтар мен тікұшақтар қонатын айлақ. / Әуежай /
4) Динамитті ойлап тапқан. / Альфред Бернхард Нобель /
Астрономия
1) Қазақстан жерінде орналасқан әлемдегі тұңғыш және ірі ғарыш алаңы / Байқоңыр /
2) Аспан денелерін бақылайтын аспап. / Телескоп /
3) Күннің аспан сферасы бойынша жылдық жолы. / Эклиптика /
4) Төменгі планеталарды ата. / Меркурий, Шолпан /
Информатика
1) Баспаға шығару құрылғысы. / Принтер /
2) Белгілі бір атпен сақталған ақпараттар жиыны. / Файл /
3) Ақпараттың ең кіші бірлігі. / Бит /
4) Әлемге әйгілі компьютер бағдарламасын жасаушы, Майкросов компаниясының негізін қалаушы. / Билл Гейтс /
40
40 40
40
40 40
3 кезең: «АНАГРАММА»
Анаграмма дегеніміз – ретсіз жазылған әріптер жинағы. Оны шешу үшін берілген әріптердің орындарын ауыстырып қою арқылы мағыналы сөз шығару керек. Сонымен қатар сөздердің ортақ жұрнағын, жалғауын т. б бөліктерін дұрыс табу арқылы шешу керек. Тапсырмалар екі топқа бірдей. Тапсырмалар саны 5-еу, дұрыс жауапқа 10ұпай, ойлану уақыты 5 минут.
1) Анаграмманы шешіңіз, артық сөзді табыңыз. / КІТАП /
ИОҚ ҚОЙ
ТАІКП КІТАП
ЛЫЖЫҚ ЖЫЛҚЫ
ИЫРС СИЫР
2) Келесі үш сөздің жалпы бастамасын табыңыз. (АС)
(…) _____ ХАНА
(…) _____ ТЫҚ
(...) ______ ТАНА
3) Бірінші сөзді анықтайтын және екінші сөзді бастайтын әріптерді табыңыз. (РАУ)
АТЫ (...) ШАН
4) Сөздердің ортақ тіркесі жазыңыз.(АТ)
РАХ ______ (..)
Х ________ (..)
Д ________ (..)
С _______ (..)
Ж _______ (..)
АП ______ (..)
5) Анаграмманы шешіңіз, мағынасы жағынан бөлек сөзді табыңыз.(ТОРҒАЙ)
АМАС МАСА
БЫНШЫ ШЫБЫН
ҮБЕРГ БҮРГЕ
ҒОЙРАТ ТОРҒАЙ
4 кезең: «САН ӘДІСТЕМЕСІ»
Оларды орындау үшін әр тапсырмадағы сандардың орналасу заңдылықтарын тауып, қажетті математикалық амалдарды жасау арқылы бос орынға жерпей тұрған сандарды анықтап, оны тиісті жеріне жазу керек. Тапсырма саны 5-еу, дұрыс жауапқа 10ұпай, ойлану уақыты
1 минут.
1) Сандар қатарын жалғастырыңыз.
18; 20; 24 ; 32; ? ..
Жауабы: 48 /Қатардағы сандарбастапқыда 2-ге, кейін 4-ке, содан кейін 8-ге, соңында 16-ға артады./
2) Жетпейтін санды қойыңыз.
2 ?
6 18
9 13
Жауабы: 24 /Сағат тілі бағытына қарсы қарай жүргенде сандар ретімен 2, 3, 4, 5, 6-ға өседі/
3) Сандар қатарын жалғастырыңыз.
212; 179; 146; 113; ? ..
Жауабы: 80 /Әр саннан 33-ті алып отырамыз/
4) Жіберілген санды табыңыз.
234 (333) 567
345 (...) 678
Жауабы: 333. /Бұл сан жақшаның оң және сол жағындағы сандардың айырмасы/
6) Сандар қатарын жалғастырыңыз.
6; 7; 9; 13; 21; ? ..
Жауабы: 37. /Әрбір келесі сандар екі еселеніп, онан 5 алыналы./
5 кезең: «ҚЫЗЫҚТЫ ЖАҒДАЯТТАР»
Топбасшыларының сайысы. Кестедегі ұпай бойынша ұяшық таңдайды. Жауап дұрыс болмаса келесі топбасшы жауап беруге болады. Ойлану уақыты 5 секунд.
1) Бес жұмыртқа 12 минутта піседі, ал он жұмыртқа неше минутта піседі?
/12 минут/
2) Бір жанұяда 5 ұлдың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? /6 бала/
3) Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшылар біреуін атып алды. Қаншасы қалды? /Түйеқұс ұшпайды/
4) Ұшақ Шымкенттен Астанаға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұны қалай түсіндіресің? /Тең/
5) 1 т мақта ауыр ма? әлде 1 т темір ауыр ма? /Тең/
6) Көп үйрек ұшып келеді, екеуі артында, біреуі алдында, екеуі екі жағында, біреуі ортасында, екеуі алдында, біреуі артында. Барлығы қанша үйрек? /3 үйрек/
5 кезең: ҚОРЫТЫНДЫ
Қазылар шешімімен интеллектуалдық ойын қорытындыланады.
Достарыңызбен бөлісу: |