3D модельдеу және анимация



Pdf көрінісі
Дата08.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#122364
түріПрезентация
Байланысты:
3D модельдеу және анимация-конвертирован
педагогика, Казак т 13 апта, БЕКІТЕМІН титульный 2021, MOULINEX CE503132 prew.pdf, Зейін


П
ә
н мұғалімі: Ш. Исаханова



3 қатпарлы, яғни 3D анимация және
моделдеу
соңғы
жылдары
тез
қарқынмен
дамып,
кең
ауқымды
қолданысқа түсті. Бұл, сөзсіз, өнердің
жаңа саласы кино, мультипликация,
рекламалық роликтер дайындау, ойын
жасау және түрлі презентациялар
жасаудан бастап, сәулет өнері мен
инженерияда
және
көптеген
т.б
салаларда қолданылады.




3D модельдеу және оны анимациялау
негізінде
«аса күрделі заттарды
қарапайым нүктелер не фигуралар
көмегімен кеңістікте құрастыру» 
принципі жатыр. 





Енді сол бағдарламаларда жұмыс 
қалай жүретінін қарастырайық. Ол 
жұмысты мынадай бөліктерге бөлуге 
болады:



1) Моделлинг 
– бұл ең алғашқы этап және ең негізгі 
деп айтсақ та болады, себебі мұнда бүкіл фигураларға 
детализация жасалады. Қоршаған орта, жер бедері, 
кейіпкерлер болса солардың бейнесі барлығы осында
жасалады. Бұл этапта дайын болған фигуралар «3 
қатпарлы модель» деп аталады. Бұл модельдің әлі 
түсі, жасайтын қимылдары жоқ. Барлық нәрселер 
сұр-ақшыл түсте. Модельдерді жасау үшін бізге 3D 
бағдарламалар кез-келген фигураны бір-біріне қосу, 
кесу, деформация жасау сынды кең ауқымды 
мүмкіндіктер береді. Оларды қолданып модель жасау
тек жасаушының таланты мен тәжірибесіне және
әрине, оның фантазиясына тәуелді.



2) Текстуринг
– бұл этапта 3D модельдер нормалдар 
картасына бөлініп, яғни барлық модельдің 
фигуралары жазықталып, керекті түстерге боялады. 
Бұл процессті көзге былай елестетсе болады: «кез-
келген фигураның беткі бөлігін (терісін) сылып алып, 
оны жайып, керекті түске бояп, қайтадан фигураның 
бетіне жабыстыру» сынды. Бұл этаптан өткен соң 
объектілерге шынайы түр енеді, яғни олардың 
сыртқы көрінісі шын өмірдегіге қатты жақындайды. 



3) 
Риггинг 
– бұл процессті былай сипаттаса болады 
«қимылдайтын фигуралардың сүйектерін жасау». 
Яғни, бұл этапта барлық қимылдайтын фигураларға 
сүйектер енгізіледі. Бұл сүйектер фигураны
қимылға келтіру үшін керек, яғни модельдің әрбір 
бөлігін белгілі бір сүйекке бағынышты етіп қойып, 
сол сүйекті қимылдатқанда сол сүйекке бағынышты 
бөлік қимылға келеді.



4) 
Анимациялау
– бұл этапта барлық дайын 
модельдер қимылға келтіріліп, анимация жасалады. 
Жоғарыдағы риггингте жасаған сүйектеріміз
осында кеңінен қолданылады.



5) 
Рендеринг
– бұл этапты екі түрге бөлуге болады: 
1) Сурет рендерлеу 2)Видео рендерлеу. Сурет рендерлеу
бұл модельдерді текстуралап болған соң оны белгілі бір
ракурстан (бір камерадан) суретке түсіру. Ал видео 
рендерлеуде модельдерді бірнеше, я одан да көп 
камералар көмегімен түлі ракурстан қимылдап жатқан 
кезінде бейне түсірілім жасау. Бұл соңғы этап 
компьютерге аса үлкен ауырлықтар түсіреді, сондықтан 
ең ұзақ этап болып естептеледі. Егер рендеринг супер
компьютерлерде орындалмаса, бұл процесс ондаған 
жылдарға, тіпті ғасырларға созылуы мүмкін. Мысалға:
«Шрек 3» мультфильмінің рендерингі 20 миллион 
сағатты алған болар еді. Ескеретін жайт: мұнда 1000 
линуксте істейтін дербес компьютерлер және 3000 мың 
линукстегі серверлер күші қолданылған. 



3D модельдеу дегеніміз не?

Анимация дегеніміз не?

Қандай 3D графикамен жұмыс жасайтын 
программалар білесіңдер?

3D графикамен жұмыс жасайтын программалардың 
жұмысын нешеге бөліп қарастыруға болады?
Бекіту сұрақтары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет