іс - әрекетке шоғырлануы мен шомуы,яғни психикалық іс - әрекеттің мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін адам еңалдымен өзінің ой – санасын істеп жатқан әрекеті мен сол әрекет нысанына тоқтата білу қасиеті.Зейінді болу үшін қандай да бір істің түрін таңдап кана алу жеткіліксіз,сол таңдауды тұрақтатып,сақтап қалу қажет.
Зейін адамның бет,дене қалпы мен қозғалыстарында көрінеді.Кейде жағдайда зейін қоршаған дүние емес,адам санасындағы ойлар мен бейнелерге бағытталады.Мұндай жағдайдағы зейін интеллектуалды деп аталып,ол сезімдік зейіннен біраз өзгеше болады.Ал ой-сана дене қозғалыстарына бағытталатын болса сөз арқауынақимылдық зейін алынады.Мұның бәрі зейіннің дербес танымдық,өз мазмұнына ие болмай,өзге танымдық процестердің қосалқы қызметтерін атқаратынын дәлелдейді.
ЗЕЙІН ТҮРЛЕРІ
Өзінің пайда болуы мен іске асу жағынан зейін ырықсыз және ырықты деп екіге бөлінеді.
Ырықсыз зейін-ең қарапайым және адамда алғашқы көрінетін психикалық процесс.Ниеттелмеген деп те аталады.
Ырықты зейін-саналы мақсатқа тәуелді болады,адамның ерік-жігері нәтижесінде пайда болады.Ниеттелген не белсенді деп те сипаттлады.Басты қызметі-психикалық процесс ағымн белсенді түрде реттеп беру.
Зейіннің физиологиялық тетіктер арқылы қажетті де мәнді әсерлерді таңдауы белсенді ми қызметінің және жалпы тәннің сергектігі арасындағы байланысынан болады.
Зейіннің физиологиялық негіздерін айқындауда доминанта принципі(А.А.Ухтомский) жетекші мәнге ие.Доминанта түсінігі нақты бір мезетте жүйке орталықтарының қызметіне ықпал жасап,уақытша үстемдік етумен психикалық болмысқа бағыт-бағдар беретін қозу ошағын білдіреді.
Қорытынды
Сонымен зейін бағыттау-зерттеушілік іс-әрекеттің бір кезеңі,осыдан зейін адам психикасында нақты бір мезетте пайда болған бейнелер мен ой мазмұнын тұрақтатуға бағытталған психолгиялық әрекет.
Өз қызметі бойынша зейін осы мазмұнға қойылған бақылау.Әр адам әрекеті бағыттау,орындау және бақылау бөліктерінен тұрады.Осы тізбектегі үшінші іс зейін арқылы орындалады.
Белгілі өнім шығаруға бағытталған әрекеттен ерекше зейіннің,яғни бағыттаудың өз алдына нәтижесі болмайды.