3D панораманың түрлері



Дата15.11.2022
өлшемі15,02 Kb.
#158246
Байланысты:
10-билет
Задачи по фтизиатрии с ответами

3D панорама – компьютер мониторында көрсетуге бейім- делген қоршаған ортаның 360°-тық бейнесі. 3D панорамада көру бағы- тын өзгертуге, суретті үлкейтуге, жеке бөлшектерді қарауға болады.
3D панораманың түрлері:
1. Жазық панорама – бірнеше кадрдан құралған қарапайым кеңформатты фотосурет.
2. Сфералық панорама. Сфералық панорамалар көлденеңінен 360° және тігінен 180°-ты қамтиды. Ол айналадағы барлық көрінетін кеңістікті қамтып, фотосуретті сфераға жабады және тұтас көлемді суретті береді.
3. Цилиндрлік панорама (циклорама) – көлденеңінен 360°- ты, ал тігінен 180-нен төмен градусты ғана қамти алады. Панораманың бұл түрі, суреттің жоғарғы және төменгі шека- раларын көрсетуді қажет етпейтін жағдайда қолданылады. Панорама айналадағы барлық көрінетін кеңістікті көрсетеді, қолданушы 360°-қа бұрыла алады, бірақ төмен немесе жоғары қарай бұрыла алмайды. Мұндай панорама бірыңғай цилиндрді қалыптастыра отырып, сақина тәрізді желімденеді.
4. Текшелі панорама. Панорама текшенің ішкі жағына проек- цияланады. Сфералық панорамамен салыстырғанда текшелі панораманың артықшылығы: дайындау, сақтау, тасымал- дау қарапайымдылығы болып табылады, себебі күрделі пішін бетімен емес, тек текшенің алты қырымен – жазық және шаршымен жұмыс істеуге тура келеді.
Виртуалды турлар (3D тур) – бір 3D панорамадан басқа пано-
рамаға өтуге мүмкіндік беретін бірыңғай «белсенді аймақтар» кешеніне біріктірілген, әртүрлі 3D панорамалар жиынтығы. Мұндай турлар музыкамен, кадрдан тыс дыбыспен, видеоролик- термен, жазбалармен және т.б. толықтырылуы мүмкін.
3D турларды жасау үш кезеңде өтеді:
• объектіні суретке түсіру, бірнеше суреттер алу;
• суреттерді өңдеу;
• виртуалды турды жинау.
Фототүсірілім. Жоғары сапалы панорамалар жасау үшін мына ережелерді сақтаған жөн:
• камераны таңдалған диафрагма бойында сериядағы барлық
кадрлар фокуста (камера, түсірілетін шеңбердің дәл орта-
сында тұрғаны жақсы) болатындай етіп орнату қажет;
• желімденетін суреттердің жиынтығын, болашақ сфералық па- норама тігістерінің орындары бір түсті орындарда (мысалы, үй объектілері жағдайында монолитті қабырғаларда) түсіру керек;
• штатив басы кеңістікте камераны қатаң орнықтыруға
арналған деңгейлермен жабдықталуы тиіс;
• барлық үш сурет үшін камераны көлденең және тігінен
бағытта жазықтықтағы синхронизациясын жүргізу қажет –
камераны туралау деңгейлер көмегімен жүзеге асырылады;
• камераның айналмалы бұрылу бұрыштары 120°-қа тең
болуы тиіс, ол бұрылыс шкаласымен реттеледі.
Өңдеу. Бастапқы суреттерді бірыңғай фотопанорамаға бірік- тіреді (бұрыштары бірдей проекцияға), онымен параллельді түрде жөндеулер жүргізіліп, түске коррекция жасалып отырады. Фотосуреттерді қолмен немесе арнайы желімдегіш-программалар көмегімен желімдеуге болады. Кейде проекцияны алтыбұрышты текшеге өзгертеді және әрі қарай 3D панораманың қажетті фор- матына түрлендіреді (Flash, HTML5 және т.б.). Сонымен қатар осы кезеңде белсенді аймақтарды белгілейді, графиканы, жазба- ларды, дыбыс және т.б. элементтерді таңдап, қосады.
Турды жинау. Жеке фотопанорамалар бір-бірімен, бір пано- рамадан екінші панорамаға өтуге және объектілер туралы қосым- ша ақпаратты беруге жауап беретін белсенді аймақтар (фотопано- рамадағы арнайы облыстар) көмегімен, бірқалыпты ауысулармен байланысады. Белсенді аймақтар технологиясы панораманың же- ке бөліктеріне: интерьер бөлшектеріне, сауда орталықтарындағы жаңа тауарларға, қызықты сәулет ескерткіштеріне, көрмедегі нақты бір стендке және виртуалды қолданушының назарын аудару қажет кез келген ақпаратқа көңіл бөлуге мүмкіндік береді. 3D турға қолданушының орналасқан жерін көрсетіп тұратын навигаторды да қосуға болады. Орын ауыстыру нүктелері жоспарлы немесе авто- матты түрде орындалуы мүмкін.
Қазіргі таңда 3D-панорама және виртуалды тур жасауға арналған программа түрлері өте көп. Атап өтетін болсақ: 3DVista Virtual Tour Pro; Kolor Panotour Pro; Pano2VR; Lapentor; Marzipano; Panoroo; OpenSpace3D және т.б.
Виртуалды тур жасауға арналған программалар - күрделі программалар түріне жатады. Себебі оларды орнату мен жұмыс істеу, қызмет түрлерін ажырату, 360 градустық кең бұрышты және сапалы тур жасау күрделі жұмыс пен көлемді уақытты талап етеді. Виртуалды тур жасауға арналған программаларды таңдау кезінде бір ескеретін жайт – дербес компьютердің жүйелік талаптарына сәйкес келетінін таңдау. Kolor Panotour Pro программасын қарастырып көрейік.
Kolor Panotour Pro – Krpano қозғалысына негізделген виртуалды турлардың көрнекі редакторы. Программаны құрушы Kolor компаниясы жұмыс жасауын тоқтатқанымен, сынақ түріндегі берілген нұсқаларын пайдалануға болады. Программаның түрлі нұсқалары бар, соның бірі – Kolor Panotour 2.3.2

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет