«Алтын сақа» математикалық олимпиадасыныңЕРЕЖЕСІ 1.Жалпы бөлім Бұл Ереже 4-6 сыныптар арасында өткізілетін «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының (әрі қарай - олимпиада) ұйымдастыру тәртібі мен өткізілу форматын, ұйымдастырушылық-әдістемелік жағынан қамтылуын, олимпиадаға қатысу және жеңімпаздарды анықтау тәртібін белгілейді.
Олимпиаданың мақсаты – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту және пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервін қалыптастыру.