Сманова ақмарал смаилқызы студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастыру



бет1/2
Дата17.02.2017
өлшемі0,7 Mb.
#9736
түріДиссертация
  1   2
ӘОЖ 378.02:37.036.5 Қолжазба құқығында

СМАНОВА АҚМАРАЛ СМАИЛҚЫЗЫ

Студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастыру

13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика

және білім тарихы, этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
а в т о р е ф е р а т ы

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалды.


Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы

Керімов Л.К.

Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы

Дүйсенбаев К.А.
педагогика ғылымдарының кандидаты

Үркінбаева Д.И.

Жетекші ұйым: М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік

университеті


Диссертация 2010 жылы «01» шілдеде сағат 10.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дєрежесін беру жөніндегі Д 14.05.01 диссертациялық кеңесінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, 2-қабат, мәжіліс залы).
Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30, 3-қабат.
Автореферат 2010 жылы « 01» маусымда таратылды.



Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы: Ә.Н.Көшербаева


КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі уақытта экономика мен индустрияның дамуына сәйкес өндірістік жүйелерді жетілдіру жағдайында халықтың өзіндік болмысы мен мәдениетіне баса назар аударылуы жастардың ұлттық мәдени мұралар негізінде адамгершілік қасиеттері мен өнімді еңбек ету дағдыларын, шеберліктерін шыңдау қажеттілігін арттырып отыр. Бұл бір жағынан студент-жастардың еңбекке жағымды қатынасы мен белсенділігін арттыруды көздесе, екінші жағынан олардың ұлттық мұраларды сақтау мен дамытуға оң көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік береді. Осы талапқа қазақ ұлттық киім үлгілерінің мазмұны мен технологиясын меңгерту процесі толық жауап береді. Өйткені ұлттық киім – халықтың дүниетанымынан, эстетикалық талғамынан, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен жан-жақты хабардар ететін тарихи-мәдени және материалдық мұра. Ал, оны әзірлеу ұзақ та тыңғылықты, табанды еңбекті қажет ететін, сан қилы әдіс-тәсілдер негізінде күрделі еңбек әрекеттері арқылы жүзеге асырылатын көп қырлы еңбек процесі.

Студенттерге ұлттық киімдердің мазмұндық, композициялық, техникалық, конструкциялық, технологиялық ерекшеліктерін терең меңгерту олардың танымдық түсініктерінің кеңеюіне, ұлттық киімдерге және оны әзірлеуге ынталарының артуына, ұлттық мәдени мұраға, еңбекке оң қатынасын дамытып, еңбекке бағыттылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Ал бұл болса, студенттерге ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың маңыздылығын арттырады.

Тарихи-педагогикалық еңбектерге жасаған талдау, қызығушылық мәселесінің жан-жақтылығын және көп қырлылығын дәлелдейді. Жеке тұлғаның қызығушылығын қалыптастыру мәселесі психологтардың (С.Л.Рубинштейн, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, Л.И.Божович және т.б.); педагогтардың (Г.И.Щукина, Н.Г.Морозова, Р.Г.Лемберг, А.П.Сейтешев және т.б.); әлеуметтанушылардың (Л.М.Архангельский, Г.А.Логинова және т.б.) еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.

П.Р.Атутов, С.Я.Батышев, Ю.К.Васильев сынды ғалымдар политехникалық білім беру процесіндегі кәсіби қызығушылықты қалыптастыру мәселесін зерттесе, Г.И.Щукина, Н.Г.Морозова, В.Н.Мясищев танымдық қызығушылықты қалыптастырудың теориялық-әдістемелік негіздерін жасаса, оқуға қызығушылық, танып білуге қызығушылық, еңбекке қызығушылықтың ара қатынасын А.Е.Голомшток, М.А.Хомутова анықтаған.

Мамандыққа қызығушылық, кәсіпке қызығушылық мәселелеріне А.П.Сейтешев, А.Д.Потемкин, В.Г.Рыжков, С.А.Ярушева және т.б. аса мән беріп, жан-жақты талдаған болса, оқушылардың ауылшаруашылығы еңбегіне қызығушылығын қалыптастыруды А.Ф.Ахматов, А.Д.Саблин қарастырған.

Қазақстандық ғалымдар да қызығушылық, қызығушылықты қалыптастыру мәселесіне баса назар аударған. Н.Д.Хмель, Г.К.Байдильдинова жоғары сынып оқушыларының әр жақты қызығушылығын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздесе, Б.Т.Нәбиева сабақ және сабақтан тыс жұмыстардың өзара байланысы арқылы оқушылардың пәнге, А.Ж.Едігенова бастауыш сынып оқушыларының қазақ халық ертегілеріне, С.Б.Қоянбекова химия пәнін оқытуда ойын арқылы студенттердің танымдық қызығушылығын қалыптастырудың, Н.В.Черкасова орта буын оқушыларының классикалық музыкаға қызығушылығын қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін, жолдарын ұсынады. С.Жолдасбекова бастауыш сынып оқушыларының сәндік-қолданбалы өнерге, З.Т.Көкшеева қазақ балалар фольклорына эстетикалық қызығушылығын қалыптастырудың мәнін ашып көрсетсе, Ж.М.Ақпарова мектеп жасына дейінгі балалардың, М.А.Оразалиева бастауыш сынып оқушыларының қазақ халық музыкалық шығармашылығына қызығушылығын қалыптастыруды, Л.Х.Мәжітова инженерлік-техникалық білім беруде кәсіби қызығушылықты қалыптастыруды, Н.С.Дускаева мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесіне және спортқа қызығушылығын қалыптастыруды терең зерделеген.

Еңбек, еңбек тәрбиесі, мамандық таңдау мен еңбекке дайындаудың теориялық аспектілері де жан-жақты қарастырылған. Балалар мен оқушыларды еңбекке дайындаудың педагогикалық теориялық негіздері (К.Б.Бержанов, А.А.Бейсенбаева, К.Қ.Құнантаева, Б.К.Момынбаев, Р.К.Төлеубекова және т.б); оқушыларға кәсіптік бағдар беруде еңбекке оқыту мен тәрбиелеу (Б.Ж.Дюсалиева, А.С.Имангалиев, И.Имашев, Л.Х.Мажитова, О.У.Мұсабеков және т.б.); еңбекке оқытудың тарихи педагогикалық аспектілері (Г.А.Уманов, Б.А.Абдыкаримов, Б.И.Қожаева, Ә.Н.Көшербаева, Г.Т.Хайруллин, А.Н.Ильясова және т.б.) мәселелерін зерттеген.

Сондай-ақ, кәсіптік-техникалық білім берудегі еңбекке баулу, еңбек мәдениетін қалыптастыру (Г.Т.Хайруллин, Л.К.Керимов, Ш.Таубаева, Б.А.Әлмұхамбетов, Р.А.Джанабаева, М.С.Молдабекова, М.А.Құдайқұлов, Т.С.Бортко), болашақ технология пәні мұғалімдерін даярлау (К.Ә.Дүйсенбаев, М.Ж.Қозыбақов, К.Өстеміров, Д.Үркінбаева, С.А.Жолдасбекова, Н.Б.Рахметова, Р.А.Дәрменова) мәселелеріне де жан-жақты талдау берілген.

С.А.Ұзақбаева, Х.Қ.Шалғынбаева қазақ халық педагогикасындағы еңбек дәстүрлеріне аса мән берсе, Ұ.М.Әбдіғапбарова сәндік-қолданбалы өнер арқылы халықтың балалар мен жастарды еңбекке тәрбиелеу жүйесін негіздеп жасаған, С.Сатқанов бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу, Н.М.Адамқұлов оқушы-жастарға қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жасату арқылы еңбекке тәрбиелеу жүйесін негіздеген.

Қазақ ұлттық киімдерінің шығу, даму тарихын, әлеуметтік мәнін, мазмұндық, технологиялық, стильдік ерекшеліктерін саяхатшы-ғалымдар (И.П.Фальк, П.С.Паллас, И.Георги, Г.И.Спасский, А.И.Левшин және т.б.), этнографтар (Ө.Жәнібеков, С.Қасиманов, Ә.Марғұлан, М.С.Муканов және т.б), технологтар (С.Ж.Асанова, М.А.Нұржасарова), өнертанушылар (Э.Рассохина, К.Ибраева, Б.Асанова), суретшілер (Р.Д.Ходжаева, И.В.Захарова, Г.Тәкішева, А.Құралов, Қ.Саматұлы) ой елегінен өткізсе, қазақ ұлттық киімдеріне бейнеленетін ою-өрнектердің тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін, ұлттық киім саласынан білімдерді жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың жолдарын педагогтар (Ұ.М.Әбдіғапбарова, С.А.Жолдасбекова, Н.Б.Рахметова, Р.А.Дәрменова) жасап ұсынған.

Сонымен аталған ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерге, озық педагогикалық тәжірибелерге жасаған талдау күні бүгінге дейін ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастыру проблемасының ғылыми тұрғыда жеткілікті негізделмегенін дәлелдейді. Демек, студенттерді ұлттық киім үлгісін әзірлеу негізінде тәрбиелеуге қоғамның сұранысы мен оның жүйелі түрде зерттелмегені арасында; ұлттық киім үлгісін әзірлеудің студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастыру мүмкіндіктерінің жоғарылығы мен оны жүзеге асыруға байланысты оқу-әдістемелік кешеннің жоқтығы арасында; ұлттық киім үлгісін әзірлеудің еңбек тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің кеңдігі мен оларды студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастыру мақсатында меңгерту жүйесінің жасалмағандығы арасында қарама-қайшылықтың бар екені анық байқалады. Осы қарама-қайшылықтың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты «Студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастыру», - деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің объектісі – жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеудің пәні - қазақ ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастыру үдерісі.

Зерттеудің мақсаты - қазақ ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу және оның мазмұны мен әдістемесін жасау.

Зерттеудің ғылыми болжамы – егер, студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері анықталса, ұлттық киім үлгісін әзірлеудегі еңбекке қызығушылықты қалыптастыру мүмкіндіктері айқындалса, студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың моделі және оны жүзеге асырудың әдістемесі жасалып, оқу-тәрбие үдерісіне жүйелі, бірізділікпен ендірілсе, онда студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеудегі танымдық, көркем шығармашылық, өндірістік процесінде білім, іскерлік, дағдысы артады. Ал бұл болса, студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастыруда негіз болып табылады.

Зерттеудің міндеттері:

1. Студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау.

2. Студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастырудағы ұлттық киім үлгісін әзірлеудің мүмкіндіктерін негіздеу.

3. Студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың моделін жасау және оның өлшемдерін, көрсеткіштерін, деңгейлерін айқындау.

4. Студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың әдістемесін жасау және оны эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.



Жетекші идея: жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісінде студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастыру олардың халықтың тарихи-мәдени, материалдық мұраларына жағымды қатынасын қалыптастырып, көркемөнер өндірістерін жетілдіруде халықтық сарынды, ұлттық озық үлгілерді дамытуға бағыттайды, қоғам талабына сай еңбек етуге дағдыландырады, еңбекке тұрақты қызығушылығы мен белсенділігін арттырады.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері болып диалектикалық білім және тұлғаны дамытудағы қызығушылықтың рөлі туралы таным теориясы саласындағы бүгінгі тұжырымдамалар, тұлғаны зерттеу процесіндегі және педагогикалық процесті ұйымдастырудағы жүйелі құрылымдық, тұлғалық іс-әрекеттік қатынастар, ұлттық мәдениеттің білімдегі рөлі туралы қағидалар, жастардың еңбек тәрбиесі тұжырымдамасындағы қағидалар, халық туындыларының тәрбиелік әлеуеті туралы теориялық тұжырымдар саналады.

Зерттеудің көздері болып “Қазақстан – 2030” Жолдауы, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми құжаттары (Заңдары, қаулы-қарарлары), Білім және ғылым министрлігінің ұлттық мәдени мұраны оқу-тәрбие процесіне ендіруге байланысты тұжырымдамалары мен бағдарламалары, оқу құжаттары, ғалымдардың (тарихшылар, этнографтар, философтар, өнертанушылар, психологтар, педагогтар) еңбектері, ұлттық мәдени мұралар, педагогика ғылымының озық тәжірибелері мен жетістіктері, сондай-ақ диссертанттың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі саналады.

Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша тарихи-этнографиялық, философиялық, өнертану, психологиялық, педагогикалық, технологиялық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; жоғары оқу орнының оқу құжаттарына (мемлекеттік стандарт, оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар), педагогтардың озық тәжірибелеріне талдау; бақылау; сауалнама жүргізу; әңгімелесу; педагогикалық эксперимент; мәліметтерді математикалық тұрғыда өңдеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәні.

1. Студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері анықталды.

2. Қазақ ұлттық киімдерінің ерекшеліктері мен педагогикалық жіктемесі негізделді, ұлттық киім үлгісін әзірлеудің құрылымы айқындалды және олардың еңбекке қызығушылықты қалыптастырудағы мүмкіндіктері негізделді.

3. Студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың моделі жасалды және оның қалыптасқандығының өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлері айқындалды.

4. Студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың әдістемесі жасалды.

Зерттеудің практикалық мәні: Жоғары оқу орындарына арнап: «Конструкция және технология даярлау негіздері», «Арнайы сурет және ою-өрнек» пәндерінен типтік бағдарламалар; «Киім тарихы», «Топтама бұйымдарын жобалау», «Материалмен жұмыс» пәндері бағдарламаларының мазмұнына қосымшалар; «Қазақ ұлттық киімдерінің тағлымы» атты элективтік курс бағдарламасы; «Іс тіге біл» студиясының бағдарламасы, Материалмен жұмыс пәніне арналған «семестрлік жұмыс үлгісі», Киім дизайны мамандығының студенттеріне арналған дипломдық жобаны орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар жасалды.

Зерттеу нәтижелерін жоғары және арнайы орта педагогикалық, көркемөнер-техникалық оқу-орындарында, мамандар біліктілігін қайта жетілдіретін мекемелерде пайдалануға болады.



Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  1. Қазақтың ұлттық киімдері студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың жетекші құралы. Өйткені олардың эстетикалық тұрғыдан әсерлілігі оған жағымды эмоционалдық көзқарасты, әуестікті; бай тарихы мен терең мазмұны, әлеуметтік мәні мен маңыздылығы, ерекшеліктері мен жіктемесінің кеңдігі мен қызықтылығы білуге құмарлықты, осы білімдерді пәндер мүмкіндіктері арқылы меңгерту пәнге қызығушылықты; ұлттық киім үлгісін әзірлеудің сан түрлі техникалары мен технологияларының күрделілігі мен әсерлі орындалуы оны меңгеруге ынтасының болуы кәсіпке қызығушылықты; ұлттық киім үлгілерін дербес белсенділікпен әзірлеуге даярлығы мен өнімді еңбек арқылы жетістікке қол жеткізуге ұмтылысы еңбекке тұрақты қызығушылықты қалыптастырады.

  2. Қазақ ұлттық киімдерінің мазмұндық және конструкциялық-технологиялық ерекшеліктерін анықтау мен негіздеу еңбекке қызығушылықты тиімді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Себебі, олардың шығуы мен даму тарихы, жіктемесі, ерекшеліктері, атқаратын қызметі туралы білімдер студенттердің танымдық қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етсе, ұлттық киім үлгісін әзірлеудің танымдық, көркем-шығармашылық, өндірістік процесі тұлғаны эстетикалық тұрғыдан жетілдіреді, шығармашылық ойлау, қиял, белсенділік, қабілеттерін дамытады, еңбек ету іскерліктерін, дағдыларын жетілдіреді, шеберліктерін шыңдайды

  3. Ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың моделі эмоционалдық-мотивациялық, мазмұндық, интеллектуалдық, еріктік, іс-әрекеттік, нәтижелілік компоненттердің бірлігін қамтиды және нақты өлшемдер мен көрсеткіштер арқылы сипатталады.

  4. Қазақ ұлттық киімдері мен оны әзірлеу ерекшеліктері саласынан жүйеленген білімдер негізінде жасалған элективтік курс, студия бағдарламалары және оларды жүзеге асыруға байланысты оқу-әдістемелік нұсқаулар мазмұнын жасау және практикаға ендіру, әр түрлі дәстүрлі және инновациялық әдістерді және жеке, топтық, ұжымдық формаларды пайдалану студенттердің еңбекке қызығушылығының нәтижелі қалыптасуына ықпал етеді.

Зерттеу кезеңдері. Бірінші кезеңде (2001-2003 жж.) қарастырылып отырған проблема бойынша материалдар жиналып, жүйеге келтірілді, ғылыми аппарат айқындалды, педагогтардың озық тәжірибелері жинақталып, қорытыланды, эксперимент жұмысының бағдарламасы даярланды.

Екінші кезеңде (2004-2008 жж.) оқу-тәрбие үдерісіне ендірілетін қазақ ұлттық киім мазмұны және оны әзірлеуге байланысты материалдар сұрыпталды. Үйірме жұмысының бағдарламасы даярланып, элективтік курс бағдарламасының мазмұны айқындалды және «Киім дизайны», «Кәсіптік білім» мамандығының бірқатар оқу бағдарламаларына қосымшалардың мазмұны әзірленді. Оларды оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың әдістемесі жасалды. Тәжірибелі-эксперимент жұмыстары жүргізілді, аралық кесінділер алынды.

Үшінші кезеңде (2008-2010 жж.) зерттеу нәтижелері жүйеге келтірілді, деректер математикалық өңдеуден өтті, қорытынды, ұсыныстар берілді, пайдаланылған әдебиеттер жүйеге келтірілді.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі теориялық-әдіснамалық негіздерімен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, тәжірибелі-эксперимент жұмысының мақсатына, міндеттеріне, мазмұнына барабар кешенді әдістердің пайдаланылуымен қамтамасыз етіледі.

Зерттеу базасы. Тәжірибелі-эксперимент жұмысы Қазақтың мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінде, Абай атындағы Қазақтың ұлттық педагогикалық университетінде, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткізілді. Экспериментке 105 студент қатысты: оның 54-і эксперимент тобында, 51-і бақылау тобында.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру. Зерттеу нәтижелері эксперимент барысында жүзеге асты және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда (Алматы 2002, 2005, 2007, 2008; Шымкент 2007), жоғары оқу орындары профессор-оқытушыларының ғылыми-әдістемелік конференцияларында («Сымбат» сән бизнесі академиясы, 2002; Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, 2002; әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ, 2005; Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, 2007), Қазақстанның «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына байланысты түсірілген «Хабар», «Таң» арнасындағы телебағдарламаларда (2006) баяндалды, сондай-ақ мерзімді басылымдарда, жарық көрген ғылыми мақалаларда, ғылыми жинақтарда, оқу-әдістемелік нұсқауларда көрініс тапты.

Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты: объектісі, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, зерттеу көздері, әдістері, негізгі кезеңдері мен базасы, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалары, ғылыми жаңалығы мен теориялық және практикалық мәні, нәтижелердің дәлелділігі мен негізділігі ашып көрсетіледі.

«Студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда зерттеу проблемасының теориялық-әдіснамалық негіздері анықталады, қазақ ұлттық киімдерінің шығу, даму тарихы, түрлері ерекшеліктері, атқаратын қызметі жүйеленеді және ұлттық киім үлгісін әзірлеудің құрылымы анықталады. Олардың еңбекке қызығушылықты қалыптастырудағы әлеуеті және оны жүзеге асырудағы пән мүмкіндіктері қарастырылады. Ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың моделі жасалады, оған сипаттама беріледі.

«Студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастыру әдістемесі» атты екінші тарауда жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінде студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың мазмұны, формалары мен әдістері, әдістемесі беріледі; эксперимент жұмысының анықтау, қалыптастыру, бақылау кезеңдеріндегі білім деңгейлерінің кесіндісі, нәтижесі мазмұндалады.

Қорытынды бөлімде зерттеудің негізгі қағидалары, нәтижелері тұжырымдалады, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қызығушылық ұғымының көпқырлылығын, күрделілігі мен көкейкестілігін оның философия, әлеуметтану, психология, педагогика ғылымы саласынан жан-жақты зерттелгендігі байқатады. Философтар қызығушылықты «адамның табиғатынан туындайтын, әлеуметтік бәсекелестік жағдайында дами түсетін талпыныс» (И.Кант) тұрғысынан анықтай келе, әлемдік ақыл-парасатпен, ешбір шартқа тәуелсіз идеямен (Гельвеций, Гольбах, Дидро, Гегель және т.б.) байланыстырып, қызығушылықтан жасампаз күшті (А.Д.Макаров, М.В.Яковлев, А.Г.Спиркин, В.К.Скатерщиков және т.б.) қарастырса, бұл түсінікті әлеуметтанушылар «тұлғаның әлеуметтік әрекеттерге себеп болатын идеологиясын, көзқарасын, эмоционалдық реакцияларын көрсететін оның қоғамдық бағытының бір формасы» (А.Г.Здравомыслов, В.Г.Нестеров) деп, адамның бір құндылығы тұрғысынан зерделейді. Ал бұл болса, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде зерттелуге тиісті әр түрлі әлеуметтік және жас ерекшелігіне сәйкес топтардың қызығушылығын дамытудың қажеттілігін туындатады.

Психолог-педагог ғалымдардың бірқатары қызығушылықты (Л.А. Гордон, П.И.Иванов, В.А.Крутецкий, А.Н. Леонтьев, С.Е. Матушкин) тұлғаның бағыты; ал келесілері (А.В. Петровский, М.Г. Яролевский) түрткі; үшіншілері (С.Л. Рубинштейн) эмоционалдық тұрғыдағы әсерлі зейін; келесі топтағылар (С.Ф. Егоров, В.Г.Иванов, А.Г. Кавалев, С.Е. Матушкин, Н.Г. Морозева, В.Н. Мясищев және т.б.) тұлғаның белгілі бір пәнге қатынасы; (А.П.Сейтешев) кәсіпке қатынасы; тағы бірі (Б.И.Додонов, В.Н.Тугаринов) тұлғаның қажеттілігі тұрғысынан қарастырғанымен олардың әрбірі қызығушылықта қажеттілік пен түрткінің болатындығын және «қызығушылықтың әсерлі, мәнді, мазмұнды затқа, құбылысқа, іс-әрекетке зейін қою екендігін» жоққа шығармайды. Диссертацияда олардың берген анықтамаларын жан-жақты талдай отырып, біз С.Е.Матушкиннің «қызығушылық дегеніміз адамның объектті тануға немесе іс-әрекетті меңгеруге жағымды эмоционалдық әсерімен байланысты оның белгілі бір пәнге немесе шынайы құбылысқа белсенді танымдық бағыты» деген анықтамасын тірек етеміз.

Жоғарыда аталған ғалымдар қызығушылықты терең зерттеу нәтижесінде оны әр түрлі белгілеріне: мақсатына (В.А.Крутецкий, А.В.Петровский, С.Л.Рубинштейн); кеңдігіне (А.В.Петровский, Г.И.Щукина); мазмұнына; әрекеттігіне; қоғамдық маңыздылығына (В.А.Крутецкий); тереңдігіне (В.А.Крутецкий, С.Л.Рубинштейн); тұрақтылығына (В.А.Крутецкий, Н.Г.Морозова); оқушылардың білім деңгейіне (Г.И.Щукина), ұзақтығына (В.Б.Бондаревский) қарай топтастырған. Зерттеу барысында осы топтамаларға аса мән бере отырып, тұрақтылығына қарай белгіленген жіктемеге (тұрақсыз, тұрақты, берік тұрақты) кеңінен тоқталамыз. Қызығушылықтың тұрақтылығы оның ұзақтылығымен және қарқындылығымен сипатталса, оның берік тұрақтылығы тұрақты жекелік бағыттылығымен айқындалады. Қызығушылықтың тұрақты болуы өздігінен қызығушылық тудырмайтын, бірақ қызықтырған іс-әрекетті жүзеге асырудың шарты болып табылатын әрекетті іске асырудағы қиындықтарды меңгеруден көрінеді. Қызығушылықтың тереңдігі оның тұлға үшін мазмұндылығымен және маңыздылығымен анықталады.

Ғылыми әдебиеттерге жасаған талдау қызығушылық мәселесі қарастырылған зерттеулердің басым бөлігінде танымдық қызығушылықты қалыптастыруға аса мән берілгенін, бірқатарында эстетикалық қызығушылықты, кәсіпке қызығушылықты қалыптастырудың зерттелгендігін, ал еңбекке қызығушылықты қалыптастырудың өте аз қарастырылғандығын (А.Ф.Ахматов, А.Д.Саблин, 1974 ) көрсетті. Осыған орай әдебиеттерде айқын орын алған «танымдық қызығушылық», «кәсіпке қызығушылық», «кәсіби қызығушылық» ұғымдарының мәніне берген талдау нәтижесі «танымдық қызығушылық», «кәсіпке қызығушылықтың» еңбекке қызығушылықты қалыптастыруда негіз болатындығын көрсетті.

Олай дейтініміз Г.И.Шукина танымдық қызығушылықтың ерік, эмоция, интеллект салаларының бірлігінде жүзеге асатынын танымдық іс-әрекеттегі интеллектуалдық белсенділікпен, дербестілікпен, білім алуға деген құлшыныспен және алған білімнің қуанышы арқылы анықталатынын негіздесе, Н.Г.Морозова оның танымдық іс-әрекет пен танымдық белсенділік ерекшеліктерімен өлшенетінін көрсетеді. Еңбек процесінде танымдық іс-әрекет те, танымдық белсенділік те маңызды орынды иеленетіндігін ескерсек, еңбекке қызығушылықты таным үдерісі тұрғысынан, яғни шығармашылық үдеріс тұрғысынан қарастырудың қажеттілігі артады.

Оқу, танымдық, кәсіби қызығушылықтар ара қатынасын айқындау осы байланыстардың өзара тәуелділігін, бір-біріне бағыныңқылығын және орталықтандырылғанының жетекші рөлді иеленетіндігін байқатты. С.Л.Рубинштейннің тұжырымдауынша негізгі қызығушылықтың басыңқы болуының нәтижесінде қалғандары жоғалып кетпейді, керісінше тұлғаның жан-жақты дамуына жағымды жағдай жасайды. Еңбек іс-әрекетіне қызығушылық танымдық қызығушылық және кәсіпке қызығушылық арқылы дами отырып белсенділікке негізделген бағыттылыққа айналады.

Осы тұрғыдан «кәсіпке қызығушылықты» А.П.Сейтешев, А.А.Шадрин, «кәсіби іс-әрекет барысында анықталған еңбек түріне тұрақты қызығушылықтың болуы» деп анықтаса, В.Ф.Бессараб, А.В.Мордовская, С.Е.Матушкин «анықталған іс-әрекет түріне, яғни мамандығына жағымды эмоционалдық, танымдық қатынасының, бағыттылығының болуы», деп түсіндіреді.

Кәсіпке қызығушылық – бұл ең алдымен белгілі бір еңбек іс-әрекетіне қызығушылықты білдіреді. Еңбек адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қоғамдағы орнын қанағаттандыратын, яғни өмір сүру мақсаты мен мәнін анықтайтын бірден-бір дерек көзі болып табылады. Сондықтан да еңбек ету нәтижесінде қол жеткізетін материалдық қызығушылық оның еңбекке ынтасының негізгі себебі болып табылғанымен, тұлғаның еңбек процесінде, шеберлігінде, ой және дене еңбегінің бірлестігінде, қоғамға пайдалы нәтижеге қол жеткізуін сезінуі мен шығармашылық ізденісін қанағаттандыруында да маңызды саналады.



Қызығушылықтың даму кезеңдерін (Н.Г.Морозова, Г.А.Щукина, А.Е.Едігенова) жан-жақты талдау бізге ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастыру механизмін (Сурет-1) жасауға мүмкіндік берді (ұлттық киімге әуестік, мазмұнын білуге құмарлық, осы саладағы пәнге қызығушылық, кәсіпке қызығушылық, еңбекке тұрақты қызығушылық). Диссертацияда аталған даму кезеңдеріне мазмұндық сипаттама береміз және негізді дәлелдейміз. Және еңбекке қызығушылық ұғымына «тұлғаның еңбек түріне жағымды қатынасымен және осы саладан кәсіби білім, іскерлік, дағдыларын терең игеруімен байланысты еңбек іс-әрекетіне белсенді танымдық бағыттылығы» деп түсініктеме береміз.

1-сурет - Студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастыру механизмі


Еңбекке қызығушылықтың даму кезеңдерін қалыптастыруда қазақ ұлттық киімдерінің мүмкіндіктері кең. Өйткені ол біріншіден, пішімі мен тігісі, формасы мен нақышы, жарасымдылығы мен көрнекілігі үйлесім тапқан эстетикалық-эмоционалдық жағымды әсерге толы рухани-материалдық мәдениет түрі, екіншіден этникалық тарихы мен экономикалық, әлеуметтік және табиғи ортаның ерекшеліктерінен туындайтын көне дәстүрлерге ие тарихи мұра, үшіншіден өзіндік тарихи даму сипаттамасы мен терең мазмұны бар, қоғамдық мәнге ие, тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктері кең танымдық мұра, төртіншіден ой еңбегі мен дене еңбегі арқылы жасалатын практикалық қажетті бұйым.

Тарихи-ғылыми әдебиеттерге (Ә.Марғұлан, Ө.Жәнібеков, С.Қасиманов, С.Асанова және т.б.), альбомдар мен энциклопедияларға жасаған талдау қазақ ұлттық киімдері жіктемесінің бір жүйеге түсірілмегендігін, олардың әрбірінде әр түрлі белгілеріне қарай топтастырылғандығын көрсетті. Мәселен, С.Қасиманов еңбегінде «іштік, сырттық, сулық, бір киер киім», Ө.Жәнібеков – «салтанатты киім, күнделікті киім», С.Асанова – «ерлер, әйелдер, балалар киімі, бас киім, аяқ киім», Н.Әлімбай – «бас киім, сырт киім, бой киім, аяқ киім», Қазақстан ұлттық энциклопедиясында – «ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік, салтанат-ғұрып киімдер» түрлері берілген.

Зерттеу барысында біз осы еңбектердегі топтамаларды негізге ала отырып қазақ ұлттық киім түрлерінің жіктемесін жасап ұсынамыз және мазмұнды сипаттаймыз (Сурет 2).


Қазақтың ұлттық киімдері





Тұтыну ерекшеліктеріне байланысты

Дене мүшелеріне байланысты

2-сурет – Қазақтың ұлттық киімдерінің жіктемесі

Қазақтың ұлттық киімдерін зерттеген ғалымдардың бірі Э.Рассохина қазақ киімдері негізінен сәндік-мерекелік болып келетіндігін, бірақ осы сәнділік оның атқаратын қызметтерімен органикалық үйлесімділікте болатындығын негіздейді. Мәселен, киімдердің жиектеріне сәнділік тұрғысында безендірілген ызбалар мен оқа жіптер оның етегін тозудан сақтандырады. Үлбірден жасалған ішіктер мерекелік тұрғысынан және үлбірін сақтап тұру үшін барқытпен тысталды.Теріден жасалған белдіктер сәндік үшін және мықты ұстап тұру үшін металл тілімшелермен әшекейленді.

Осындай тұжырымдарды ой елегінен өткізу бізге қазақ ұлттық киімдерінің атқаратын қызметін төрт топқа (практикалық, ақпараттық, ғұрыптық, эстетикалық) бөліп қарастыруға септігін тигізді. 1.Практикалық – суықтан, ыстықтан, самал-желден, шаңнан т.с.с. қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерінен қорғауы; көлікке (ат, түйе т.б.) отыруға; көшіп-қон өмірге (шапанын жастанып, жамылып, оранып ұйықтау және т.б.); малшылық, егіншілік өмірге жүріп-тұруға ыңғайлы болуы; 2. Ақпараттық – адамның әлеуметтік тегі мен қоғамдағы қызметін (байлар, хандар, сұлтандар, батырлар, сал-серілер, қожа-молдалар, бақсы-балгерлер киімдері және т.б); отбасылық жағдайын көрсетуі (қыз, келін, бәйбіше, балалы әйел және т.б киімдері); кәсіптік жұмысы туралы (аңшы, малшы және т.б киімдері); ата тегі, руы туралы ақпарат беруі (арғын үлгісі, кіші жүз үлгісі және т.б.); ою-өрнектері арқылы тілек білдіруі ( әнші шапанына салынатын таңдай өрнегі - дауысың құстың сайрауындай әдемі болсын дегені); 3. Ғұрыптық-дәстүрлік сыйлық-тартулық (шапан кигізу, иығына шапан жабу дәстүрі, елшіліктер арасындағы құрметті сый; «шен-шекпен алу»; жағалы киім беру; «тоғыз тарту»); магиялық (адам қайтыс болғанда шапан тарату; дүние салған адамның шапандарын бірге жерлеу); ырымдық (тіл-көзден, бәле-жаладан қорғау); салықтық (ат-шапан айып тарту); 4.Эстетикалық – киімдердің ою-өрнектермен әшекейленуі; тігіспен, кестемен, жапсырмамен, алтын зермен безендірілуі; аң терісімен (бұлғын, сусар, ақкіс, түлкі және т.б.) әрленуі; асыл тастармен, түрлі әшекейлермен безендірілуі; маржан моншақтармен, металл тілімшелермен үкі қауырсынымен әсемделуі; жібек, парша, барқыттан тігілуі; желбіршек, желбезектердің салынуы.

Қазақ ұлттық киімдерінің атқаратын қызметіне жасаған талдау оның мазмұндық ерекшеліктерін анықтауға септігін тигізді. Диссертацияда қазақ ұлттық киімдерінің ерекшеліктерін жеті топқа бөліп қарастырамыз: 1)танымдық (халықтың дүниетанымы, діні ұстанымы); 2) жергіліктік (географиялық, аймақтық); 3)әлеуметтік (отбасылық, қоғамдық); 3) әдет-ғұрыптық (тойлық, мерекелік және т.б.); 4) киінуіне байланысты (ерлер киімінің бірізділігі, әйелдер киімінің бірізділігі); 5)сахналық (айтыстық, әншілік, бишілік); 6)дизайндық (бояу түстері, ою-өрнектері, әшекейлері); 7)технологиялық (сыру, көктеу, кестелеу және т.б). Мәселен, әлеуметтік, соның ішінде отбасылық жағдайына байланысты қазақ келіншектері қыз киімдерін бір құрсақ көтергенге дейін киген. Олар бөрік, тақия кимеген, бас киімдеріне үкі тақпаған және жалаңбас жүрмеген. Құрсақ көтерген келіншектер кең етекті киім киген. Олар бастарына әшекейлері сиректеу шаршы, шәлі тартқан. Орта жастағы әйелдердің көйлектерінде қос етек болмаған. Бұл жастағы әйелдер шаршыны орап тартқан. Шаршыларының жиектеріне әшекейлер түсірілмеген. Қарт әйелдердің киімдерінің етектері мол қаусырмалы болып келген. Олардың әшекейлеріне көбіне түйме, қапсырма, оқалы өңір жатады. Олар шаштарына шолпы тақпай, өңірлеріне алқа салмаған. Ал көксауыр кебіс, кестелі мәсі, білезік, сырға, сақина, күміс түйме, теңге сияқты әшекей заттар барлық жастағы әйелдерге тән болған. Қыздың күйеуге шыққанына бiр жыл толғанда желек жамылған. Бала туғаннан кейiн жас әйел кимешек киген.

Ұлттық киімдер халықтың сәндік-қолданбалы өнерінің дамуымен қатар дамыды. Сол себепті зерттеу барысында ұлттық киімдердің тарихи даму кезеңдерін Ұ.М.Әбдіғапбарованың қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің шығуы мен дамуын қарастыруда тарихшылар топтамасы негізінде белгілеген бес кезеңдеріне сәйкес айқындадық және мазмұнды сипаттадық. Бұл бізге ұлттық киімдердің қайсыбір түрінің қай кезеңде дамып жетілгенін, қай түрінің басымырақ дамығандығын, қай түрінің қай кезеңдерде тоқырап қалғандығын айқындауға мүмкіндік берді.

Осы жоғарыда айтылғанның бәрі қазақтың ұлттық киімдері түрлерінің көптігі мен алуан түрлілігін, оның әлеуметтік мәнінің кеңдігін, бірқатар ерекшеліктерге ие екендігін, атқаратын қызметтерінің жан-жақтылығын, шығу, даму тарихының тереңдігін, қоғамдық қатынастық, тәрбиелік мүмкіндіктерінің жоғарылығын, құрастыру, әзірлеу технологияларының сан түрлілігі мен көп қырлылығын, еңбек операцияларының қиындығы мен күрделілігін, дизайнының мазмұндылығын аңғартады. Және қазақ ұлттық киімдері түрлерінің ішінде шапанның Сақ дәуірінен бастау алып халық арасында күні бүгінге дейін әлі де қолданылып келетіндігін, «шапан жабу», «жағалы киім», «киіт кигізу» дәстүріне сәйкес оған қазір де сұраныстың азаймағанын байқатты.

Зерттеу барысында ұлттық киім үлгісінің бірі – шапанның әзірлеу процесіне жан-жақты талдау жүргіздік. Шапанды әзірлеу бірізділікпен орындалуға тиісті сегіз бөлімнен тұрады: 1) мазмұндық бөлім (шапанның тарихы, түрлері, атаулары, ерекшеліктері, атқаратын қызметі, қазіргі шапан үлгілері туралы білімдер); 2) зерттеу бөлімі (дәстүрлі шапан түрлеріне, қазіргі шапан үлгілеріне, басқа ұлт шапандарына салыстырмалы талдау жасау, шапанның дамуын зерттеу т.б.); 3)композициялық бөлім (эскиздеу; шапан түсін, формасын, сәнді сызықтарын, дизайнын (ою-өрнегі, таспасы, жиектері, аксессуарлары) суреттеу; 4) техникалық (шапанға қолданылатын көне мата атауларын, қазіргі шапанға арналған маталардың тоқымасына, қасиетіне, құрылымына, тігін өндірісіне қойылатын талаптарды меңгеру, сән талабындағы мата үлгілері мен материалдарды таңдау); 5) конструкциялық бөлім (көне ұлттық шапан пішімдерін білу, өлшем алу, типтік тұлға өлшемін, еркіндікке берілетін қосымшаларды анықтау, есебін шығару, негіз сызбасын салу, көркемдеп модельдеу, лекалоны дайындау ); 6) көркем кестелеу бөлімі (ою-өрнек шаблонын дайындау, бұйымға түсірілетін орнын белгілеу, жапсырмалау, кестелеу, зерлеу т.б.) 7)технологиялық бөлім: (шапанды әзірлеу әдістерін, бөлшектерін өңдеу жолдарын, құрал-жабдықтарды, ылғалды-жылумен өңдеуді таңдау, әзірлеудің бірізділігін жүзеге асыру); 8) экономикалық бөлім: (сапалы, жарасымды шапанды дайындау, материалдар шығыны мен жұмыс құнын анықтау, жалпы құнын есептеу, бүгінгі нарыққа сәйкестігін есепке алу). Диссертацияда аталған бөлімдер жан-жақты талданады және оларға мазмұндық сипаттама беріледі, ұлттық киім үлгісін әзірлеу процесінің құрылымы анықталады (Сурет 3), сондай-ақ оның еңбекке қызығушылықты қалыптастырудағы мүмкіндіктері негізделеді.

Сонымен, біздің тұжырымдауымызша «студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеуі дегеніміз олардың көркемдік білімін тереңдететін, шығармашылық ойлау, қиял, белсенділік қабілеттерін дамытатын, шығармашылық еңбек ету іскерліктерін, дағдыларын, шеберліктерін, қалыптастыратын, оларды эстетикалық тұрғыдан жетілдіретін танымдық, көркем-шығармашылық, өндірістік еңбек процесі.

Осы айтылғандар студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу процесі арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастыру мүмкіндіктерінің жоғарылығын көрсетеді. Ұлттық киімдерінің ерекшелігі мен әсемдігі, эмоционалдық-эстетикалық әсерлілігі оған әуестікті оятуға ықпал етсе, оның бай тарихы мен онда бейнеленген халықтың дүниетанымы, түйсік-талғамы, салт-дәстүрі, адамгершілік қағидалары білуге құмарлықты арттырады, ал ойлану, іздену, табу сынды шығармашылық қабілеттер, құрастыру, кестелеу, сырып тігу сияқты ұзақ уақыт пен шыдамдылықты қажет ететін еңбек операциялары студенттің пәнге, ұлттық киім үлгісін әзірлеу процесіне, кәсібіне қызығушылығын дамытады. Нәтижесінде алынған еңбек өнімінің сапалы орындалуы, оның еңбегіне халықтың сұраныстарының болуы, өнімінің халыққа, қоғамға рухани, материалдық пайдасын сезінуі тұлғаның еңбекке тұрақты қызығушылығын қалыптастырады.




Танымдық

Мазмұндық

- Зерттеу



Зерттеу


Көркем-шығармашылық

Композициялық

Техникалық

Конструкциялық


Өндірістік

Көркем кестелеу

Технологиялық

Экономикалық


3-сурет - Ұлттық киім үлгісін әзірлеу процесінің құрылымы.

Осы айтылғандар студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың бірізділікпен жүзеге асырудың шешімін табуды қажет етеді.

Жоғары оқу орындарында (ЖОО) 050421 – дизайн мамандығының «Киім дизайны» мамандануының және 050120 – «Кәсіптік білім» мамандығының «Кәсіби оқыту ұстазы (тігін ісі)» мамандануының студенттеріне ұлттық киім үлгісін әзірлеуді меңгерту мүмкіндіктері бар. Аталған мамандықтардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарын, типтік бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерін, ЖОО оқу жоспарын жан-жақты талдау нәтижесі қазақ ұлттық киім үлгісін әзірлеудің мазмұндық, құрылымдық, технологиялық ерекшеліктерін студенттерге меңгертуде стандартқа енген «Бүкіл әлем киім тарихы, «Топтама бұйымдарын жобалау», «Материалмен жұмыс» пәндері мүмкіндіктерінің бар екендігін көрсетті.

Осы айтылғандарды ескере келе біз ең алдымен студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың құрылымдық моделін жасадық (Кесте 1).

Тәжірибелі-эксперимент жұмысы Қазақтың мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің экономика және білімдегі сервис факультетінде, Абай атындағы Қазақтың ұлттық педагогикалық университетінің көркемсурет факультетінде, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің жаратылыстану-педагогикалық факультетінде, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің өнер және дизайн факультетінде өткізілді. Экспериментке 105 студент қатысты: оның 54-і эксперимент тобында, 51-і бақылау тобында.

Анықтау эксперименті барысында студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеудегі еңбекке қызығушылығын байқау мақсатында жүргізілген сауалнама нәтижесі олардың бірқатарының ұлттық киім үлгісін әзірлеуге әуестігі болғанымен бұл саладан білімінің төмендігін, қазақ ұлттық киімдерінің шығу, даму тарихы, жіктемесі мен ерекшеліктері, атқаратын қызметі туралы білімдерді білмейтіндігін ұлттық киім әзірлеуде ізденістік танытпайтындығын, ұлттық киім әзірлеу процесін жетік білмейтіндігін, осы процесте белсенділігін танытпайтындығын көрсетті. Олардың себептерін анықтағанымызда жоғары оқу орнының оқу-тәрбие процесінде оның мазмұнының меңгертілмейтіндігін, өздігінен үйренулеріне уақыттарының жетіспейтіндігін, ұлттық киім үлгісін әзірлеудегі ізденістік жұмыстарына қызықпайтындығын, оның ең негізгі жұмысы кестелеудің ұзақ уақыт пен шыдамдылықты қажет ететіндігін, күрделілігін, оны үйренудің қиындығын айтты.

«Осы мамандықты таңдауға не себеп болды?», «Мамандығың өзіңе ұнай ма?», «Ұлттық киім үлгісін әзірлеуді үйренгің келе ме?» деген сұрақтарға 1 курс студенттерінің 38 % мамандығына қызығатынын, өзі таңдағанын, бірақ оның мәнін жете түсінбейтіндігін, 9 % ата-аналары мен үлкендердің ақыл-кеңес беруімен түскендігін, 7 % осы мамандықты кездейсоқ таңдағандығын,

1-кесте – Студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастыру моделі






Компонент

Өлшемдері


Көрсеткіштері

Деңгейлер

жоғары

жеткілікті

орта

төмен

1


Эмоционалдық-мотивациялық



Ұлттық киімдерге жағымды қатынасы

- ұлттық киімдерді эмоционалдық тұрғыда қабылдауы;

- ұлттық киімге жағымды көзқарасы

- ұлттық киімдерді әзірлеуге әуестігі;

- ұлттық киімдерді әзірлеуге ынтасының болуы;




ұлттық киімдерді асқақ сезіммен қабылдайды, қызығушылығы жоғары

ұлттық киім үлгілерін әзірлеуге ынтасы зор, ұлттық киім әзірлеуді аса қажетсінеді..



ұлттық киімдерді жақсы сезіммен қабылдайды, қызығушылығы жоғары

ұлттық киім үлгілерін әзірлеуге ынтасы бар, қажетсінеді



ұлттық киімдерді сезіммен қабылдайды, қызығушылығы бар

ұлттық киім үлгілерін әзірлеуді ара-арасында қажетсінеді.



ұлттық киімдерді сезіммен қабылдайды, ішінара қызығушылығы бар,

ұлттық киім үлгілерін әзірлеуді қажетсінбейді



2

Мазмұндық

Ұлттық киім саласынан білімі

- ұлттық киім тарихын, ерекшеліктерін жіктемесін атқаратын қызметін білуі;

- ұлттық киім мәні мен маңызын түсінуі;

- осы әзірлеудегі еңбек рөлін түсінуі


ұлттық киім тарихын, ерекшеліктері мен түрлерін жетік біледі, жақсы ажыратады, ұлттық киімнің атқаратын қызметіне байланысты киілетін орны мен мәнін жақсы түсінеді, әзірлеудегі еңбектің рөлін жоғары бағалайды.

ұлттық киім тарихын, ерекшеліктері мен түрлерін біледі, ажыратады, ұлттық киімнің атқаратын қызметіне байланысты киілетін орны мен мәнін түсінеді, әзірлеудегі еңбектің рөлін бағалайды.

ұлттық киім тарихын, ерекшеліктерін, түрлерін ішінара біледі, ұлттық киімнің киілетін орны мен мәнін арасында түсінеді, әзірлеудегі еңбектің рөлін біледі

ұлттық киім тарихын, ерекшеліктерін, түрлерін білуге ұмтылмайды, ұлттық киімнің киілетін орны мен мәнін түсінбейді, еңбектің рөлін түсінбейді

3

Интеллектуалдық

Ұлттық киім әзірлеуге ізденістік шығармашылығы

- ұлттық киім әзірлеуге өзіндік ізденісі;

- оған алдын ала зерттеу талпынысы;

- жеке ойының болуы;

- осы әзірлеудегі қиял тапқырлығы;

- ой белсенділігі;


ұлттық киім әзірлеуге өзіндік ізденісі жоғары, терең зерттеуге ұмтылады,

дербес әзірлеуде өз көзқарпрасы бар, ой белсенділігі жоғары




ұлттық киім әзірлеуге өзіндік ізденісі бар, зерттеуге ұмтылады, дербес әзірлеуде ой белсенділігі таныта алады


ұлттық киім әзірлеудегі зерттеу ізденістеріне қатысады, ара-арасында ой белсенділігі байқалады.


ұлттық киім әзірлеуде өзіндік ізденіс танытпайды, зерттеуге ұмтылмайды,

ой белсенділігін көрсете алмайды



4


Еріктік

Ұлттық киім әзірлеудегі

еріктік бағыттылығы

- ұлттық киім үлгісін әзірлеуге мақсат қоя білуі;

- осы әзірлеуде дербестік танытуы;

- еңбекке табандылығы;

- ұйымдастырушылық қабілетінің болуы;



  • еңбек кезеңдеріне жинақылығы.

ұлттық киім үлгісін әзірлеудегі мақсаты айқын, дербес орындауға ерік-жігері жетеді, еңбекте табандылық пен шыдамдылық, жинақылығық танытады, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары



-ұлттық киім әзірлеудегі мақсаты байқалады, дербес орындауға ерік-жігерлі, еңбекте табандылық пен шыдамдылық, жинақылыққа ие, ұйымдастырушылық қабілеті бар

ұлттық киім әзірлеуде мақсат қоя алады, ішінара дербестілік байқатады, орындауға ерік-жігері жетісе бермейді, ішінара табандылық, танытады.

ұлттық киім әзірлеудегі мақсаты айқын емес, дербестік таныта алмайды, еңбекте табандылық пен шыдамдылық, жинақылығық көрсете алмайды.

5

Іс-әрекеттік

Ұлттық киімдерді жасауға қатысуы

  • ұлттық киім үлгілерін эскиздеуі; материалдарды конфекционерлеуі;

  • конструкциясын жасауы; ою-өрнектерді орналастыра білуі; кестелеуді орындауы;

  • технологиялық жүзеге асыруы; экономикалық тиімділігін сақтауы

ұлттық киім үлгілерін эскиздеу, материалдарды конфекционерлеу, конструкциясын жасау; ою-өрнектерді орналастыруды, технологиясын белсенділікпен атқарады. кестелеудің барлық түрін меңгерген.

ұлттық киім үлгілерін эскиздеу, материалдарды конфекционерлеу, конструкциясын жасау; ою-өрнектерді орналастыруды біледі, кестелеудің бірқатар түрін меңгерген.

ұлттық киім үлгілерін эскиздеу, материалдарды конфекционерлеу, конструкциясын жасау; ою-өрнектерді орналастыруды ішінара біледі, кестелеудің аз ғана түрін меңгерген.

ұлттық киім үлгілерін эскиздеу, материалдарды конфекционерлеу, конструкциясын жасау; ою-өрнектерді орналастыруды азырақ біледі, кестелеудің өте аз түрін меңгерген.

6

Нәтижелік

Ұлттық киім әзірлеуде нәтижеге қол жеткізуі

  • дербес ұлттық киім әзірлеуге белсенділік танытуы;

  • жеке топтама жиынтығын шығаруы; көрмелерге қатысуы;

  • халықаралық конкурстарға қатысуы; - еңбек етуге тұрақты қызығушылығы.

ұлттық киім үлгісін аса белсенділікпен әзірлейді. жеке топтама жиынтығын жасаған, көрмелерге, халықаралық конкурстарға қатысқан; еңбек етуге тұрақты қызығушылығы қалыптасқан

ұлттық киім үлгісін белсенділікпен әзірлейді. жеке топтама жиынтығын жасауға ұмтылысы бар, көрмелерге, халықаралық конкурстарға қатысуға ынтасы бар; кәсіпке қызығушылығы қалыптасқан

ұлттық киім ішінара белсенділікпен әзірлейді. жеке топтама жиынтығын жасауға ұмтылмайды, көрмелерге, қатысуға арасында ынталанады; пәнге қызығушылығы қалыптасқан

ұлттық киім үлгісін әзірлеуде белсенділік танытпайды, жеке топтама жиынтығы жоқ, жасауға ұмтылмайды да, ысы бар, ішінара пәнге қызығушылық танытады, білуге құмұлшынысы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет