Әлкей Хақанұлы Марғұлан 1904 ж. Баянауыл ауданыңда дүниеге келді. Əкесі Хақан – атақты Олжабай батырдың тікелей ұрпағы. Əлкейдің əкесі Хақан мен шешесі Нұрила көптеген халық ертегілері мен аңыздарын білген, үйде халық əндері мен Абай əуендері жиі шырқалатын. Əлкей бес жасында оқып, жаза білуді үйренді, бала кезінде «Қобыланды», «Алпамыс», «Көрұғлы», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» дастандарын жатқа білген. Хақанның шаңырағында белгілі ақын, ғалым Мəшһүр-Жүсіп Көпеев, Жаяу Мұса, Имантай Сəтбаев жəне қазақ даласына белгілі басқа да адамдар жиі бас қосқан.
Ғалымның ғылыми еңбектерінің бірқатары шетел тілдеріне аударылды. 1991 ж. Марғұлан атындағы Археология институты құрылды. Астана, Павлодар,Екібастұз,Жезқазған қ-мен Баянауыл,Екібастұз ауд. бірнеше көшелер,мектептер Марғұлан атымен аталды.
Павлодар қ-да мүсіні орнатылған, С.Торайғыров атындағы Павлодар
педагогиқалық ун-де Марғұлан атында шәкіртақы тағайындалып мұражай ашылған. 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның шешімімен дүниежүзі деңгейінде аталып өтті. 1967 ж. Қазақстан ҒА-ның Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығын, 1982 ж. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алды.Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы»,Ленин ордендерімен және медальдармен марапатталған.