4 сыныпқа арналған қазақ тілі пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар



Дата08.11.2023
өлшемі26,82 Kb.
#190388
Байланысты:
4 сынып тусиик хат
kazakstan respublykasynyn azamattyk kodeksi, 260404.pptx, химиялық күйдіргіш зат улану



ТҮСІНІК ХАТ

4 – сыныпқа арналған қазақ тілі пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар:


«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік , орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі МЖМБС) (ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы,( ҚР Оқу-ағарту министрінің 23.09.2022 ж. №406 бұйрығымен өзгерістер енгізілген);
«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығы ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.08.2023 ж. № 264 бұйрығымен бекітілген);
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.09.2022ж. №399 бұйрығы, ( 21.11.2022 ж. № 467, 05.07.2023 ж. № 199 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен);
«2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хаты» (25.04.2023 ж. №3 хаттамасы) негізінде жүзеге асырылады.
«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – қоғамдық ортада қазақ тілінде қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін коммуникативтік дағдылардың негізін қалыптастыру және тілдік нормаларды қолдануға, сауатты жазуға үйрету. Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттердің шешілуі көзделеді:
1) тілдік дағдыларды (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дамыту;
2) қазақ тіліндегі сөздік қорды үздіксіз дамыту әдістерін меңгерту;
3) тұрмыста, қоғамдық орындарда, мәдени орталарда қазақ тілінде қарым-қатынас жасау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
4) қазақ тілінде меңгерген білім, білік, дағдыларын күнделікті өмірде өз бетінше қолдануға дағдыландыру;
5) шығармашылықпен жұмыс істеуді, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
«Қазақ тілі» пәні бойынша білім алушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар «Тілдерді меңгерудің жалпыеуропалық құзыреті» (CEFR) деңгейлерін (А1, А2, В1, В2, С1) ескере отырып, құрастырылды. Білім алушылар бастауыш сыныпты аяқтағанда, қазақ тілін қарапайым А1, А2 (бастапқы) деңгейінде меңгереді.
«Қазақ тілі» оқу пәнінің 4-сыныпқа арналған базалық мазмұны:

1) тыңдалым: әңгімелер мен ақпаратты тыңдау және негізгі ойды түсіну, мәтінді көркемдеу үшін қолданылған жеке сөздерді өз бетімен түсіне алу, жиі қолданылатын кейбір сөздерді өз бетімен түсіне алу;


2) айтылым: берілген тақырып бойынша пікір алмасу, айтылған немесе тыңдау/көру материалдарындағы әңгіме немесе ақпараттағы негізгі ойдың сипаттамасы, әдеп сөздер мен сөз тіркестерін қолдану, тақырып бойынша диалог/монолог құрастыру, жағдаяттарды талдау, шағын көркем шығармаларды оқып түсіну, үлгі бойынша тапсырмаларды орындау, сөйлеу стилін сақтау;
3) оқылым: мәтіннің түрлері, шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну, қарапайым фразалар, мәтіннің жанрын ажырату, мәтіннің тақырыбын және ондағы негізгі ойды анықтау, мәтінге сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру, тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын болжау;
4) жазылым: шағын сюжетті комикс/буклет/коллаж/жарнама/ презентацияны сөйлемдермен толықтыру, оқыған, тыңдаған, тыңдау/көру материалдары, сұрақтар мен жоспар бойынша мазмұнын жазу, дұрыс құрылмаған мәтінді түзеп қайта жазу, жазу емлесі;
5) сөйлеу әрекеттері аясындағы тілдік дағдылар (лингвистикалық терминдер қолданылмайды) бойынша; фонетика, төл дыбыстардың артикуляциясы, орфоэпия, дауыс ырғағы, буын, интонация, үндестік заңы; лексика: тақырыпқа қатысты лексикалық минимум, жиі қолданылатын сөздер, бейтарап сөздер, репликалар, қаратпа сөздер, антонимдер; грамматика; ауызша/жазбаша тілдегі сөз таптары, көмекші сөздер, ауызша/жазбаша тілдегі көптік/тәуелдік/жіктік/септік жалғаулар, етістіктің ауыспалы осы шағы, жедел/бұрынғы өткен шақ, ортақ етіс, ауыспалы келер шақ, қалау рай формалары, жіктеу/сұрау/сілтеу есімдіктері және олардың септелуі, үстеу және оның түрлері, одағай, модаль, еліктеуіш сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, қарсылықты және себеп-салдар жалғаулық шылаулар, сөйлемнің бірыңғай мүшелері, жай сөйлемдер мен себеп-салдар құрмалас сөйлемдер.
Төменде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны көрсетілген (7.4-кесте).
7.4-кесте. «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

4-сынып

2*

2*

2*

2*

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу әрекетінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым).




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет