4-тоқсанның жи



Дата02.01.2022
өлшемі53,05 Kb.
#107810
Байланысты:
tzhb-4-toқsan-8-synyp


4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

4-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы – 30 минут

Оқылым – 10 минут

Жазылым – 20 минут

Балл саны – 15
Тапсырмалар түрлері

Бір таңдауы бар сұрақтар

Көп таңдауы бар сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 2 компоненттен тұрады. Бірінші компонент -оқылым, екінші компонент – жазылым дағдыларын тексеруге арналған.



Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


*Тапс ырма

Қамтылатын мақсаттар

*Тапсырмаларға сипаттама

*Тапсырма лар түрлері

*Орындау уақыты, мин

Балл

1

8.1.2.1 -тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпараттарды анықтау

8.1.6.1 - оқылым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру



Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 180-200 сөзден тұратын мәтінді оқиды.

Мәтінді оқу барысында оқушы бірінші тапсырмада тест, екінші тапсырмада мәтіннен берілген сөздердің синонимін тауып жазу, үшінші тапсырмада сөйлемді жалғастыру, төртінші тапсырмада берілген сұраққа оқылым мәтіні бойынша жауап беру, бесінші тапсырмада ақпараттың дұрыс-бұрыстығын анықтау сұрақтарын орындайды. Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін, сөздік қорын орынды пайдалана алуын,



өмірдегі жағдаяттарға өз көзқарасын білдіре алуын бағалайды.

Бір таңдауы бар сұрақ

2

1

2

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақ

2

1

3

4

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

2

1

5

2

1

Көп таңдауы бар сұрақ

2

1

6

8.4.1.1 -мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала, пікір, интервью жазу 8.5.2.1 – жазба жұмыстарында себеп-салдар, талғаулы, кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар берілген үш тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Мұғалім оқушының жазба жұмысында стильді сақтауын, қосымшаларды дұрыс жалғауын, сөйлем соңындағы тыныс белгілерді, салалас құрмалас сөйлемдерді орынды қолдануын бағалайды.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

20

10

Барлығы

30

15

«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау

Оқылым
Мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы.

Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі.

Бірінші – Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы.

Екінші – бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Үшінші – зайырлы қоғам.

Төртінші – экономикалық өсім.

Бесінші – жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

Алтыншы – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Жетінші – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр. Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлығыңызды белсене қатысуға шақырамын! Әсіресе, стратегия жастарымызға арналады.


  1. Қазақстанның жаңа саяси бағдарын кім жариялады?

  1. Қоғам

  2. Халық

  3. Елбасы

  4. Жастар

1 ұпай

  1. Мәтіннен берілген сөздердің синонимдерін тауып жазыңыз.

Жұрт –

Келешек –

Ынтымақтастық –

Егеменді –



1 ұпай

  1. Сөйлемді жалғастырыңыз.

Қазастан – тәуелсіз мемлекет, себебі ...

1 ұпай

  1. Берілген сұраққа оқылым мәтіні бойынша жауап беріңіз.

«Қазақстан жолы – 2050» стратегиясының басты мақсаты қандай? (1 сөйлеммен жауап бер)
1 ұпай

  1. Ақпараттың дұрыс-бұрыстығын анықтаңыз.

Ақпарат

дұрыс

бұрыс

Қазақстан – зайырлы мемлекет.







Стратегия жастарға арналмайды.







Қазақстандықтар – бір халық.







Ел болашағының іргетасы қаланған жоқ.







1 ұпай

Жазылым

Берілген тақырыптардың біреуін таңдап, өз ойыңды жаз. Көлемі – 10-15 сөйлем. Тақырып ашылуы керек. Сөйлемдер дұрыс құрастырылуы керек. Грамматикалық қателіктер жіберілмеуі керек.



Тақырыптар:

  • «Жұлдыздарға жол салған Қазақстан»

  • «Нағыз айтыскер – сегіз қырлы, бір сырлы адам болуы керек»

  • «Тәуелсіз Қазақстанның ғарыш қызметіндегі жетістіктері және «Байқоңыр» ғарыш айлағы»

10 ұпай

Балл қою кестесі

Оқылым


Әр дұрыс жауап үшін 1 балл қойылады.


Сұрақ

Жауап

Балл

Жалпы балл

1

С

1

5

2

Жұрт – ел, халық

Келешек – болашақ

Ынтымақтастық – бірлік

Егеменді – тәуелсіз




1

3

Оқушы жауабы бағаланады.

1

4

«Қазақстан жолы – 2050» стратегиясының басты мақсаты – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы.

1

5

Ақпарат

дұрыс

Бұрыс

1

Қазақстан – зайырлы мемлекет.

+




Стратегия жастарға арналмайды.




+

Қазақстандықтар – бір халық.

+




Ел болашағының іргетасы қаланған жоқ.




+


Жазылым



Балл

Мазмұны мен дұрыс жазылуы (5 балл)

Тілі (5 балл)

5


Өте жақсы

Жауап толық, нақты негізделген және өте жақсы суреттелген, қарапайым және күрделі идеяларды тиімді ашады. Эссенің құрылымы мен жазылуы жоғары деңгейде, негізгі және қорытынды бөлімдері нақты жазылған, келтірілген аргументтері байланысқан және мазмұнын ашады.

Өте жақсы

Сабақтас құрмалас сөйлемдерді дұрыс және сәйкес келтіріп жазған, сөздік қоры мол, стильдік қолданысы өте дұрыс.



Нақты және жүйелі, елеусіз қателері бар.

4


Жақсы

Көптеген түрлі мысалдар мен сілтемелерді қолданған жауап, қарапайым және кейбір күрделі идеяларды ашады. Жалпы эссенің идеясында логикалық дамуы жақсы жазылған, аргументтерді қолдануы мен қорытынды жасау қабілеті көрінеді.



Жақсы

Грамматикалық формаларды көбіне сәйкесінше жақсы қолданады.



Түрлі лексикалық минимумды қолдануға тырысады, сөздік қоры жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.

Жалпы нақты, елеусіз қателері ақпарат беруге кедергі келтірмейді.




Қанағаттанарлық

Жауапта бірнеше мысалдар келтірілген,

Қанағаттанарлық

Қарапайым грамматикалық формалар мен



3

бірақ барлық жағдайда негізді емес, қарапайым идеяларды ашқанымен, суреттеуі аз.

Эссе дұрыс жазылған, бірақ кей кезде аргументтері логикалық жағынан дамытылмаған.



күнделікті лексикалық минимумды қолданады, сөздік қоры жеткілікті, стильдік қолданысы көп жағдайда дұрыс.

Көбіне нақты, қателері бар, бірақ ақпарат беруге кедергі келтірмейді.


2


Төмен

Негізгі тақырыпты ашуға тырысады, бірақ көптеген қателіктер мен сәйкессіздіктер кетіреді, тек қарапайым идеяларды ашады.

Эссенің құрылымы шектеулі, аргументтері дамымаған.



Төмен

Сөздік қоры шектеулі, жай сөйлемдерді қолданады, қайталаулар көп, сөздік қоры мен стильдік қолданысы жеткіліксіз.



Орфография мен негізгі грамматикалық формалар қате қолданылған, мағынасы кейде түсініксіз.

1

Өте төмен

Жауап түсініксіз, тақырыпқа байланысты сілтемелер аз, сұраққа жауап бермеді. Эссенің құрылымы мен аргументтерді қолдануы төмен деңгейде, идеялары жүйесіз.

Өте төмен

Тек қарапайым сөйлемдер мен шектеулі сөздік қорды қолданады, көп құрылымдары аяқталмаған және қате.



Көптеген қателіктер кетірген, түсінуге қиындық келтіреді.

0

Жауап жоқ

Жауап жоқ


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет