5- сыныптарға Жиып алып балғын шәкірт достарды



Дата31.08.2022
өлшемі17,06 Kb.
#148493
Байланысты:
Білім күні
5-сынып ЖАЗҒЫ МЕКТЕП 2022.docx, 5-сынып ЖАЗҒЫ МЕКТЕП 2022.docx

5- сыныптарға
Жиып алып балғын шәкірт достарды,
Салтанатты сәтке бөлеп жас жанды.
Мектептердің қоңырауы қағылып,
Тағы, міне, білім күні басталды.

Сыңғырлы үнге жас балдырған тамсанды,
Ата-ана да осы күнді аңсады.
Қол жеткізген жетістіктер еленіп,
Келешекке жоспарлар да жол салды.

Білім қымбат, оны жұрттар біледі,
Жетелейтін ұстаз соған үнемі.
Шәкіртімен достарындай сырласқан
Сенсің, Ұстаз, мектебіңнің жүрегі.

Қосылсыншы білім атты сырға сыр,
Өзгерсе де уақыт атты жыл, ғасыр.
Білім жалғар дәуірлердің арасын,
Білімдіні ұнатады бұл ғасыр.

Осы жолға ұмтылады бүгін жұрт,
Келешектен асқаралы ұғым күт.
Азат елдің арманы да - осында,
Азат елдің аңсары да - білімді ұлт.

Ғасырың бар тоса қояр сынағын,
Соны игерсең, заманыңа ұнадың.
Білім күні құтты болсын, Ұстаздар!
Білім күні құтты болсын, Барша әлем!

 Бүкіл елде басталып бүгін жыры
Бақ қоңырау шақырар шәкірттерді,
Білім - ғылым бастауы мерекелі
Құтты болсын бүгінгі білім күні!
Мектеп деген білім күні, жыр күні
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені
Мектеп деген білім күні, жыр күні
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені

Сәлем, саған мектебім,


Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің.
Қуаныш бүгін – мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Лицейге келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем.
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!.
Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн - еліміздің барлық оқушылары мен лицейге қабылданған 5- сыныптар үшін айырықша сәт.
Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет