Ғылыми-техникалық кітапхана сыр елінің Ғалымдары



Дата04.07.2018
өлшемі1,21 Mb.
#46327
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КІТАПХАНА
СЫР ЕЛІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ



ЖАЙСАНБАЕВ

ТЕМІРБЕК РАМАНҚҰЛҰЛЫ
Педагогика ғылымдарының кандидаты,

академиялық профессор


2015 жыл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КІТАПХАНА

АНЫҚТАМА-БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМ

ЖАЙСАНБАЕВ

ТЕМІРБЕК РАМАНҚҰЛҰЛЫ
ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ,

АКАДЕМИЯЛЫҚ ПРОФЕССОР,

Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары

академиясының мүше - корреспонденті

БиоБИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШ

ҚЫЗЫЛОРДА 2015

Редакторы: Абенова Ж.А.

Құрастырушы: Доспаева Р.Т.

ОҚЫРМАНҒА
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ғалымдарының “Сыр елінің ғалымдары” атты айдарымен шығарылатын өмірбаяндық библиографиялық көрсеткіш, педагогика ғылымдарының кандидаты, академиялық профессор, халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының мүше-корреспонденті Темірбек Раманқұлұлы Жайсанбаевқа арналады.

Библиографиялық көрсеткіште жинақталған материалдар үнемі ізденіс үстінде жүретін ғалымның өмірі мен ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек жолын сипаттайтын мәліметтер мен ғылыми, оқу-әдістемелік және танымдық еңбектері жайлы әдебиеттер тізімінен тұрады. Жарияланған еңбектері әрбір жыл көлемінде мерзімдік тәртіппен орналасқан.

Көрсеткіш төмендегідей бөлімдерден тұрады:

1. Ұлағатты ұстаз, көрнекті ғалым. Б.Қ.Қалиев т.ғ.к., профессор

2. Ғалымның өмірбаяны

3. Ғалымның өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері

4. Ғалымның айрықша марапаттау белгілері

5. Ғалымның ғылыми еңбектері

6. Ғалымның оқу-әдістемелік еңбектері

7. Ғалымның ғылыми-көпшілік еңбектерінің тізімі

8. Ғалым туралы жарияланған мақалалар тізімі

9. Еңбектерінің хронологиялық көрсеткіші

Ғалымның еңбектері қазақ және орыс тілдерінде аралас берілген.

Көрсеткіштегі мәліметтер Қызылорда мемлекеттік университеті ғылыми-техникалық кітапханасының электронды, дәстүрлі каталогтары мен картотекаларынан және ғалымның жеке архивінен алынған.

3
Ғылым қайнар бұлақ секілді,

оның көзін білім және шәкіріттердің

көмегімен ашуға болады

Әл-Фараби

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ, ӘДІСКЕР – ҒАЛЫМ
“Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан” – деп ұлы Абай айтқандай адамзат баласының өмірден өз орнын тауып, азамат болып қалыптасуында ата-ананың рөлі қандай болса, шәкіртті тәрбиелеп білім нәрін құятын ұстаздың орны да тым бөлек. Ал шамдай жанып, соңынан шәкірт ерту кез-келген адамның маңдайына жазылмаған бақыт. Солардың бірі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті физика-математика факультетінің қалыптасуы мен дамуына өзіндік үлес қосқан педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогикалық білімдерінің Халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, профессор Темірбек Раманқұлұлы Жайсанбаев.

Темірбек Раманқұлұлы 1945 жылы 15 мамырда Қармақшы ауданының Қорқыт станциясында теміржолшының отбасында дүниеге келген. Бұл кезең соғыс аяқталып, ел жұрт қуанышқа кенелген кезі еді...

1955 жылы Қорқыт станциясының бастауыш мектебін, 1961 жылы Жосалы қыстағындағы №26 орта мектепті бітіргеннен кейін еңбек жолын Жосалы механикалық зауытында токарь болып жұмыс істеуден бастады.

1963 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының физика-математика факультетінің студенті болып қабылданды, аталған оқу орнын 1970 жылы “Физика” мамандығы бойынша бітіріп шықты, ал 1964-1967 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын атқарды.

Темірбек Раманқұлұлы студент кезінде интитут, факультет көлеміндегі барлық қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, осындай белсенді жұмыстардың арқасында 1968 жылы Болгария Халық Республикасында өткізілген Бүкіл дүниежүзілік студенттер мен жастар фестивалінің мәдени бағдарламаларына Қазақстан атынан қатысқан “Сыр сұлуы” ән-би халық ансамбілінің құрамында София, Бургас, Пловдив және Варна қалаларында болып қайтса, 1970 жылы Молдавияда өткен II Бүкілодақтық ән-би ансамбльдерінің фестивалында жүлделі орынға ие болған еді.

Сонымен, 1970 жылы институтты бітіргеннен кейін, алғашқы ұстаздық жолы 1970-1974 жылдары Қармақшы ауданының №26, №185 орта мектептерінде физика пәнінің мұғалімі және директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары болып қызмет істеуден бастаған еді. Осы жылдар ішінде Тәкең білікті ұстаз, шебер әдіскер, үздік ұйымдастырушы ретінде көзге түсіп, ұжым мүшелерінің және аудан білім басшыларының ілтипатына бөлене білді. Дегенмен, 1974 жылы ұстазы Б.Қашқынбаевтың шақыруымен институтқа ауысуына тура келді. Сөйтіп, 1974 жылы әуелі институттың

4

физиканы оқыту әдістемесі және жалпы техникалық пәндер кафедрасының оқу шебері болып қабылданып, кейін осы кафедраның оқытушысы қызметін атқарды. Осы жылдары Тәкеңнің зерек қабілеті мен ғылымға бейімділігін байқаған институттағы ұстаздары оны ғылыммен айналысуына бағыттайды. Сөйтіп, ол ғылымдағы ізденісін 1979 жылы Т.Г.Шевченко атындағы Киев мемлекеттік Университетінің жоғары және орта мектеп педагогика кафедрасына аспирант болудан бастайды.



Қажырлы еңбек пен тынымсыз ізденіс, үлкен жауапкершілікті сезіне отырып, Темірбек Раманқұлұлы кандидаттық диссертациясын қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаттығына қол жеткізеді.

Тәкеңнің ғылыми жетекшісі, п.ғ.д.,профессор Д.Л.Сергиенко оның ғалым болып қалыптасуына үлкен ықпал жасады.

Темірбек Раманқұлұлының ғылыми бағыты “6-8 класс оқушыларының политехникалық білімін жетілдірудің педагогикалық шарттары”. Осы бағытта Тәкеңнің көптеген ғылыми еңбектері жарық көрді. Киев Мемлекеттік Университетінің ғалымдары Тәкеңнің ғылыми жұмысына өте жоғары баға беріп, жұмыстың теориялық және практикалық құндылығын ашып көрсетеді. Осылайша, үлкен біліммен, терең ғылыммен қаруланған Тәкең өз институтына кайта оралып, 1991 жылға дейін жалпы физика және физиканы оқыту әдістемесі кафедрасында аға оқытушы, доцент, ал 1991-1998 жылдары физика және физиканы оқыту әдістемесі, кәсіби оқыту кафедраларының меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарып, педагогикалық мамандықтардың қалыптасып сапалы деңгейге көтерілуіне өз үлесін қосты.

1999-2001 жылдары Темірбек Раманқұлұлы Университеттің аға ғылыми қызметкері болып, болашақ мұғалімдерге экологиялық білім берудің кәсіби-педагогикалық негіздерін зерттеумен айналысып, халықарарлық және республикалық конференцияларда баяндама жасап, көптеген ғылыми еңбектері жарық көрді.

Тәкең 2001 жылдан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің физика және физиканы оқыту әдістемесі кафедрасында доцент, ал 2012 жылдан физика және математика кафедрасының профессоры қызметтерін жемісті атқарып келеді.

Қай заманда болсын білім мен тәрбие беру қоғамдағы ең маңызды мәселе екендігі белгілі. Ал ұстаздың білім берудегі негізгі мақсаты, жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой тұлғасы бар, адамгершілігі жоғары және қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы жоғары мақсатты жүзеге асыруда профессор Темірбек Раманқұлұлының еңбегі ерекше. Оның ұзақ та жемісті ғылыми-педагогикалық қызметі нәтижесінде ғылым мен өндіріске қажет мамандардың үлкен толқыны даярланды. Олардың ішінде мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, елімізге танымал белгілі тұлғалар көптеп саналады. Сонымен қатар, жүздеген мектеп басшылары, жоғары, арнаулы орта оқу орындары мен орта мектептердің физика, математика, технология және жаратылыстану пәндерінің мыңдаған білікті ұстаздары

5

дайындалып, табысты еңбек етуде.



Бүкіл өмірін жастарға білім беру мен ғылымға арналған профессор Т.Р.Жайсанбаевтың енбегі жоғары бағаланып, “ҚР Білім беру ісінің үздігі”, “Ы.Алтынсарин” белгісі, ҚР Президентінің “Алғыс хатымен”, Қызылорда облысы әкімдігі мен кәсіподақтар Кеңесінің құрмет грамоталарымен марапатталды.

Темірбек Раманқұлұлының зайыбы Айнагүл университеттің ардагер ұстаздарының бірі. Қос ұстаз дүниеге 4 бала әкеліп, оларды оқытып, отауландырып, қазіргі кезде немерелер мен шөберелердің ата-әжесі болып отырған бақытты да үлгілі отбасының бірі.

Отбасының отағасы және асыл ата атанған Темірбек Раманқұлұлын торқалы 70 жылдық тойымен құттықтаймын! Көпшіліктің кұрметіне бөленіп, ұрпақ тәрбиесі үшін жасап жатқан еңбегіңіздің жемісін көріп, ұлағатты ұстаз-ғалым атыңызбен ұзақ ғұмыр кешіңіз.

Шәкірті, “Физика және математика”

кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к.,профессор Б.Қалиев

6

Педагогика ғылымдарының кандидаты,



академиялық профессор

Жайсанбаев Темірбек Раманқұлұлының

ӨМІРБАЯНЫ

Жайсанбаев Темірбек Раманқұлұлы 1945жылы мамыр айының 15-і күні Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Қорқыт стансасында теміржолшының отбасында дүниеге келген.

1951 жылдан бастап Қорқыт стансасының бастауыш мектебінде оқып, орта білімді Жосалы қыстағының №26 қазіргі Ш.Уалиханов атындағы мектепте алды.

Орта мектеп бітіргесін екі жыл Жосалы механикалық заводында токарь болып жұмыс істеді. 1963 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының физика-математика факультетіне түсіп, оны 1970 жылы “Физика пәні мұғалімі” мамандығы бойынша аяқтады. 1964-1967 жылдарда Москва қаласында Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын атқарды.

Қызылорда облысының өнерлі жастарынан құралған “Сыр сұлуы” халық ән-би ансамблінің құрамында 1968 жылы Болгар Халық Республикасында Бүкілдүниежүзілік студенттер мен жастар фестивалінің мәдени бағдарламасына Қазақстан атынан қатысып, София, Пловдив, Варна қалаларында болып кайтты.

1970 жылы ансамбль құрамында Молдавияда өткен II-Бүкілодақтық ән-би ансамбльдерінің фестиваліне қатысып жүлделі орын алуына өз үлесін қосты.

Институтты бітіргесін төрт жыл бойы Қармақшы ауданының №№185,27 орта мектептерінде физика пәні мұғалімі, директордың оқу ісі бойынша орынбасары қызметтерін атқарды.

1974 жылдан бастап Қызылорда педагогикалық институтында физика методикасы және жалпы техникалық пәндер кафедрасының оқытушысы қызметіне қабылданды.

1979-1982 жылдары Т.Г.Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетінің “Жоғары және орта мектеп педагогикасы” кафедрасында, аспирантурадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 13.00.01 – “Педагогиканың теориясы және тарихы” мамандығы бойынша “6-8 класс оқушыларының политехникалық білімін жетілдірудің педагогикалық шарттары” (Қазақ ССР-ы мектептерінде физика мен еңбекке оқыту мысалында) тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты атағын алды.

1982-1991 жылдарда Қызылорда педагогикалық институтының “Жалпы физика және физиканы оқыту методикасы” кафедрасының аға оқытушысы, доценті қызметтерін атқарды,

1991-1999 жылдар аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің “Физика және физиканы оқыту методикасы”,

7

“Кәсіби оқыту” кафедраларында кафедра меңгерушісі болып жұмыс жасады.



1999-2001 жылдарда университеттің аға ғылыми қызметкері болды.

2003 жылы 28 қаңтарда Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының мүше-кореспонденті болып сайланды.

2001 жылдан физика және физиканы оқыту әдістемесі кафедрасының доценті, 2012 жылдан бастап “Физика және математика” кафедрасында академиялық профессоры болып қызметін атқарып келеді.

Жайсанбаев Темірбек Раманқұлұлы 80-нен астам ғылыми, оқу-әдістемелік, ғылыми-көпшілік еңбектердің авторы, оның ішінде 5 оқу-әдістемелік құралдары жоғары оқу орындары мен орта мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде қолданылуда және 4 магистрлік диссертацияға жетекшілік жасады.

Көп жылғы ұстаздық қызметі мен ғылыми жұмысындағы табыстары үшін Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі (1993ж.), Ы.Алтынсарин төсбелгісі (2005ж), Білім академиясының құрмет грамотасы (2007ж), Қазақстан Республикасы Президентінің “Алғыс хатымен”, Қызылорда облысы әкімі мен маслихатының Құрмет грамотасымен (2007ж) марапатталды.

Темірбек Раманқұлұлы жұбайы, университеттің “Жалпы педагогика” кафедрасының профессоры Табулова Айнагул Біркенқызы екеуі төрт баланы дүниеге әкеліп, қазіргі күні ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немерелері мен шөбересін тәрбиелеп отырған өнегелі отбасылардың бірі. Балаларының барлығы отбасылы, жоғары білімді, үлкен қызы Ләззат Сарыағаш қаласында салық инспекциясының бас маманы, ортаншы қызы Гүлшат Қарағандыда жеке кәсіпкер, кіші қызы Жадыра Қызылордада бас есепші, ұлы Мақсат “Болашақ” бағдарламасы бойынша Америка Құрама Штаттарында “ақпараттық технология” мамандығы бойынша білім алып, бүгінгі күні Алматыда Халық банкісінің бас аудиторы болып жұмыс істеуде.

8
Өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері
Жайсанбаев Темірбек Раманкұлұлы 1945 жылы 15 мамыр да Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Қорқыт станциясында дүниеге келді.

1951-1961ж.ж.– Жосалы қыстағындағы № 26 Ш.Уалиханов атындағы қазақ орта мектебінде оқыды.

1961-1963ж.ж. - Жосалы механикалық зауытында токарь болып жұмыс істеді.

1963-1970ж.ж.-Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда мемлекеттік педагогикалық институтын «Физика пәнінің мұғалімі» біліктілігі бойынша бітірді.

1964-1967ж.ж.–Кеңес Армиясы қатарында Ресейдің Иванова, Кострома, Москва қалаларында әскери борышын атқарды.

1970-1974ж.ж.- Қызылорда облысы Қармақшы ауданының №185, №26 орта мектептерінде физика пәнінің мұғалімі, мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

1974-1979ж.ж.- Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының «Физиканы оқыту методикасы және жалпытехникалық пәндер», «Жалпы физика» кафедраларының оқытушысы.

1979-1982ж.ж.–Т.Г.Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетінің «Жоғары және орта мектеп педагогикасы» кафедрасының аспиранты.

1982-1991ж.ж – Қызылорда педагогикалық институтының «Физиканы оқыту методикасы және ЖТП-дер», «Жалпы физика және физиканы оқыту методикасы» кафедраларының аға оқытушысы.

1991-1995ж.ж. – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтының «Физика және физиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының доценті және меңгерушісі.

1996-1997ж.ж – Қоркыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетінің «Тамақ, тігін өнімдері технологиясы» кафедрасының меңгерушісі.

1998-1999ж.ж – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Кәсіби оқыту» кафедрасының меңгерушісі.

1999-2001ж.ж – Қызылорда мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері.

2001-2010ж.ж.- Қызылорда мемлекеттік университетінің «Физика және физиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының доценті.

2011 жылдан «Физика және ФОӘ-і», «Физика және математика» кафедраларының академиялық профессоры.
9

Ғалымның айрықша марапаттау белгілері

1. 1965 ж. – Юбилейная медаль «Двадцать лет Победы в Великой

Отечественной войне 1941-1945гг».

2. 1993 ж. – Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі.

3. 1993 ж. – Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы.

4. 2005 ж. – Қызылорда облыстық Маслихаттың алғыс хаты.

5. 2005 ж. – Ы.Алтынсарин белгісінің иегері.

6. 2007 ж. – Қазақ білім академиясының грамотасы.

7. 2007 ж. – Облыстық Құрмет грамотасы.

8. 2008 ж. – Қызылорда облысының мәдениет басқармасының дипломы

9. 2013 ж. – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

ректорының алғыс хаты

10

Ғалымның ғылыми еңбектері
1. Педагогические условия совершенствования политехнического образования учащихся 6-8/7-9/ классов. / на примере изучения физики и трудового обучения КазССР/:автореф.дисс. на соиск.учен.степ.канд.пед.наук: 13.00.01 – теория и история педагогики. –Киев, 1989.-22с

2.Оқушылардың білімін талдап қорыту және жүйеге келтіру (әдістемелік ұсыныстар) / Т.Р.Жайсанбаев, А.Б.Табулова – Алматы, 2000.-23б.

3. Байқоңыр және ғарыштық ұшырылымдарының экологиялық зардаптары // Ізденіс.-2001.-№4,5. -100-104б.

4. Болашақ мамандарды экологиялық қауіпсіздікті сақтауға даярлаудың кейбір мәселелері//Труды Международной науч. конф. “Наука и образования–ведущий фактор стратегии “Казахстан-2030”, Вып.2.-Караганда, 2001.-120-123с.

5. Ғылыми-техникалық прогресс және оның экологиялық зардаптары // Ізденіс. -2002.-№2.-94-99б.

6. Использование местного экологического материала в учебном процессе // Педагогическое образование и наука. – 2003.-№2.-55-56с.

7. Ортаның электромагниттік ластануы және оның көздері // С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-інің 55-жылдығына арналған “Аманжолов оқулары – 2007” атты ғылыми-тәжірибелік конференция.-Өскемен, 2007.-130-132б.

8. Некоторые вопросы экологических последствий при космических запусках // Вестник Кызылординского государственного университета им. Коркыт Ата.-2008.-2(26). –с.89-91.

9. Магниттік дауыл – ғарыштық экологиялық фактор/Т.Р.Жайсанбаев, Қ.Ишанова, Н.Күздебаева // Фашистік Германияны талқандаған Жеңістің 65 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практ.конф.материалдары.-Кызылорда-Киев, 2010.-63-69б.

10.Педагогикалық қарым-қатынас негіздері /Т.Р.Жайсанбаев, А.Б.Табулова - Қызылорда: ЖШС “Арий” баспаханасы, 2013.-136б.

11
ҰСТАЗДЫҢ Оқу-әдістемелік зерттеулері
1. Политехникалық білім берудегі пәндік байланыс // Қазақстан мектебі.-1981.-№12.-41-44б.

2. Нетрадиционные формы обучения (Методические рекомендации для учителей школ) А.Б.Табулова, Н.П.Сапарходжаева, Т.Р.Жайсанбаев.-Кызылорда, КГУ им. Коркыт Ата, 1999.-18с.

3.Эстетические воспитания учащихся во внеурочное время (методические рекомендации) Т.Р.Жайсанбаев, А.Б.Табулова.-Кызылорда, КГУ им.Коркыт Ата, 1999.-13с.

4.Изучение наследия Аль-Фараби на факультативных занятиях (методические рекомендации для учителей школ) А.Б.Табулова, Т.Р.Жайсанбаев.-Кызылорда, Обл ИУУ, 1999.-34с.

5.Методические рекомендации по выявлению уровня трудовой воспитанности подростков / А.Б.Табулова, Т.Р.Жайсанбаев.-Алматы,2000.-11с.

6. Физика сабақтарында оқушылардың жүйелі түрде ойлау қабілетін қалыптастыру жолдары/ Т.Р.Жайсанбаев, А.Б.Табулова // “Шоқан тағылымы-14” Халықаралық ғылым-практ.конф.материалдары. 24-26 сәуір –Көкшетау, 2009.-9 том. 26-29б.

7.Психология тарихы: Оқу-әдістемелік құрал/Т.Р.Жайсанбаев, А.Б.Табулова – Қызылорда: Компас, 2010.-176б.

8. Физикалық теория мен оның элементтерін оқыту / Т.Р.Жайсанбаев, Ж.С.Раимбаева// Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Хабаршысы.- 2010.-№1 (29). -21-24б.

9. 7-8 сыныптардағы физикалық демонстрациялық эксперимент. Оқу-әдістемелік құрал / Т.Р.Жайсанбаев, Ұ.З.Ешімова.-Қызылорда: Компас, 2011.-110б.

12
Ғалымның ғылыми-көпшілік



еңбектерінің тізімі


  1. Мектептен-күріш алқабына // Лениншіл жас.-1981.-29 апрель.-2б.

  2. Жемісті еңбек етіп жүр // Қазақстан мұғалімі,-25 сент.-1981.-1б.

  3. Тамаша достықтың бір тармағы // Лениншіл жас.-1982.-15 январь.-3б.

  4. Учились,трудились и готовились к защите Родины// Кызылординские вести. -1995.-9 мая.-с.3

  5. Кафедраның кешегісі мен келешегі// Сыр бойы.-2002.-26 желтоқсан

  6. Ізденіс іздері // Сыр бойы.-2003.-2 қазан.-7б.

  7. Атағын сырттай естіп, артынан өзім мүшесі болған ансамбль/Сыр сұлуы.-құраст. Сексенбаева З.-Алматы: “Арыс” баспасы, 2005.

  8. Үлгілі ұстаз, көрнекті ғалым. //Халық.-2008.-29 мамыр.

  9. ҚМУ-ге -70 жыл//Самал.-2007.-6 сәуір. 7-8 беттер.

  10. Биік өнеге өлшемі/Ибрагим Бекмаханұлы. Дария-ғұмыр. Деректі хикаят. – Қарағанды: “Гласир”- 2010.-207-211б.

  11. Жан досым/ Әбілханұлы Р. Сыр елінің Еламаны:-Алматы: ARNA-B, 2013.-79-83б.

13
Ғалым туралы жарияланған мақалалар тізімі




  1. Баекова С.Ұлағатты ұстаз, әдіскер-ғалым // Қазақстан мектебі.-2005.-№9,10.-53б.

  2. Бек А. Биіктен түскен сәуле // Қармақшы таңы.-2005.-18 мамыр.-2б.

  3. Доцент Т.Р.Жайсаңбаев 60 жаста // Сыр түлегі.-2005.-мамыр.-11б.

  4. Сексенбаева З. Ұстаз ұлағаты //Сыр бойы.-2005.14 мамыр.-4б.

  5. Жайсанбаев Темирбек Раманкулович – 60 лет // Вестник КГУ.-2005.-№19 (1)-С.120-121.

  6. Темірбек Жайсанбаев: ғалым және азамат //Сәтті сағат.-2005.-12 мамыр.-16б.

  7. Жайсанбаев Темірбек //Ақайұлы Ы. Қазақ ғылымы: кім, не, қайда, қашан? Алматы, 2007, 1-ші кітап.-342б.

  8. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары: Библиографиялық анықтамалық: Бірінші шығарылым / Құрастырған: Ж.Ә.Әбенова, Қ.Ә.Омаров. -Алматы, 2007.-384б. Т.Жайсанбаев туралы – 168-169 беттер.

  9. Жайсанбаев Темірбек Раманқұлұлы //Кітапта: Біз-түлектерміз /Жауапты ред. А.Қылышбайұлы, Ұ.Жанбершиева.-Астана: Фолиант, 2012.-125-126б.

14

Ғалымның еңбектері туралы әдебиеттердің



хронологиялық көрсеткіші
1981

1. Политехникалық білім берудің кейбір жолдары // Қазақстан мектебі.-1981.-№7.-53-54б.

2. Физика-шеберханада (балғындардың техникалық творчествосы хақында) // Білім және еңбек. -1981.-№8.-13-14б.

3. Мектептен-күріш алқабына // Лениншіл жас.-1981.-2 апрель.-2б.

4. Жемісті еңбек етіп жүр // Қазақстан мұғалімі. -1981.-25 сентябрь.-1б.

5. Политехникалық білім берудегі пәндік байланыс // Қазақстан мектебі.-1981.-№12.-41-44б.



1982

6. Тамаша достықтың бір тармағы // Лениншіл жас.-1982.-15 январь.-3б.

7. Достық белгілері/Т.Р.Жайсанбаев, Д.Л.Сергиенко//Қазақстан мектебі.-1982. -№5.-14-16б.

8. Өзара ынтымақтастық (СССР-дің құрылғанына 60 жыл) // Қазақстан мектебі.-1982.-№12.-29-31б.



1988

9. Дыбыс және шу // Қазақстан мектебі.-1988.-№8.-66-67б.

10. Учащимся средних школ о научно-техническом прогрессе // научно-техн. конф. молодых ученых посвящен. К 70-летию ВЛКСМ.-Кызылорда, 1988.-с.115

1989

11. Педагогические условия совершенствования политехнического образования учащихся 6-8/7-9/ классов. / на примере изучения физики и трудового обучения КазССР/:автореф.дисс. на соиск.учен.степ.канд.пед.наук: 13.00.01 – теория и история педагогики. –Киев, 1989.-22с.


1991

13. Экологическое образование и политехническая подготовка учащихся (тезисы) // II-региональная науч. конф. молодых ученых.-Актюбинск, 1991.-С.10-11.



1993

14. Некоторые физико-технические аспекты экологического образования (тезисы)//XVIнауч.конф.проф.-преп.состава Кызылординского пединститута. - Кызылорда, 1993.-С.83-84.


1994

15. Есеп шығару туралы /Ш.Ибраев, Б.Т.Елеусинов, Т.Р.Жайсанбаев // Информатика, физика, математика.-1994.-№1.-31-34б.


15

1995

16. Учились, трудились и готовились к защите Родины// Кызылординские вести.-1995.-9 мая.-С.3.
1997

17. Систематизация знаний учащихся в процессе обучения (тезисы) /Т.Р.Жайсанбаев, А.Б.Табулова // Научно-практ.конф. посв. К 60-летию КызГУ им. Коркыт Ата “Актуальные проблемы теории и методики преподавания в вузе”.- Кызылорда, 1997.-С.141-142.


1999

18. Нетрадиционные формы обучения (Методические рекомендации для учителей школ) А.Б.Табулова, Н.П.Сапарходжаева, Т.Р.Жайсанбаев.-Кызылорда, КГУ им. Коркыт Ата, 1999.-18с.

19. Эстетические воспитания учащихся во внеурочное время (методические рекомендации) Т.Р.Жайсанбаев, А.Б.Табулова.-Кызылорда, КГУ им.Коркыт Ата, 1999.-13с.

20. Эстетическое воспитание учащихся на уроках русского языка и литературы (методические рекомендации для учителей школ) / А.Б.Табулова, Т.Р.Жайсанбаев.-Кызылорда, КГУ им.Коркыт Ата, 1999.-17с.

21. Изучение наследия Аль-Фараби на факультативных занятиях (методические рекомендации для учителей школ) А.Б.Табулова, Т.Р.Жайсанбаев.-Кызылорда, Обл ИУУ, 1999.-34с.
2000

22. Оқушылардың білімін талдап қорыту және жүйеге келтіру (әдістемелік ұсыныстар) / Т.Р.Жайсанбаев, А.Б.Табулова – Алматы, 2000.-23б.

23. Методические рекомендации по выявлению уровня выявлению уровня трудовой воспитанности подростков / А.Б.Табулова, Т.Р.Жайсанбаев.-Алматы,2000.-11с.

24. Болашақ мұғалімдерді кәсіби экологиялық дайындаудың методологиялық негіздері / Т.Р.Жайсанбаев, М.Құдайқұлов // ҚазМҰУ-нің жинағы: Педагогика мен психологияның актуальды проблемалары.-Алматы, 2000. -С. 63-64.



2001

25. Байқоңыр және ғарыштық ұшырылымдарының экологиялық зардаптары // Ізденіс.-2001.-№4,5. -100-104б.

26. Нағыз ғалым Мәкеңдей болса.../тағылымдық толғаныстар – Алматы: Өркениет, 2001.-99-101б.

27. Болашақ мамандарды экологиялық қауіпсіздікті сақтауға даярлаудың кейбір мәселелері//Труды Международной науч. конф. “Наука и образования–ведущий фактор стратегии “Казахстан-2030”, Вып.2.-Караганда, 2001.-120-123с.

16

28. Некоторые вопросы формирования экологического мировозрения личности будущего специалиста // Международная науч.конф.посв. 10-летию независимости РК и 110-летию Мустафы Шокая.-Кызылорда, 2001.


2002

29. Ғылыми-техникалық прогресс және оның экологиялық зардаптары // Ізденіс. -2002.-№2.-94-99б.

30. Оқу орындары мен лабораторияларының экологиялық қауіпсіздігі және паспорттандыру туралы мәселелер// “Шоқан тағылымы-7” Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің құрылғанының 40-жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практ.конф. материалдары. 9-том. –Көкшетау. 2002.-109-111б.

31. Значение психолого-педагогических знаний, умений и навыков в подготовке специалистов / Т.Р.Жайсанбаев, А.Б.Табулова // Республиканская научно-практическая конференция “Актуальные проблемы повышения качества высшего профессионального образования”. – Кызылорда, 2002.-42-45с.

32. Кафедраның кешегісі мен келешегі // Сыр бойы.-2002.-26 желтоқсан.
2003

33. Легенда и действительность о Коркуте/Т.Р.Жайсанбаев, А.Б.Табулова // Қорқыттану I-кітап. (Ғылыми мақалалар жинағы) –Қызылорда: Тұмар, 2003.-88-91б.

34. Использование местного экологического материала в учебном процессе // Педагогическое образование и наука. – 2003.-№2.-55-56с.

35. Болашақ мұғалімдердің экологиялық дайындығының ғылыми-теориялық негіздері /Т.Р.Жайсанбаев, Ш.Әжібаев, Ж.И.Искаков // “Жоғары кәсіптік білім беру сапасын арттырудың өзекті мәселелері”. Республикалық ғылыми-практ.конф.материалдары.-Қызылорда, 2003.-126-127б.

36. “Жалпы физика” курсында радиотолқынның биологиялық әсерін оқыту / Ш.Әжібаев, Т.Р.Жайсанбаев, Ж.И.Искаков // “Жоғары кәсіптік білім беру сапасын арттырудың өзекті мәселелері”. Республикалық ғылыми-практ.конф.материалдары.-Қызылорда, 2003.-17-19б.

37. Ізденіс іздері // Сыр бойы.-2003.-2 қазан. -7б.


2004

38. Мысли Коркыта о проблемах экологии/Т.Р.Жайсанбаев, А.Б.Табулова // Қорқыттану I-кітап. (Ғылыми мақалалар жинағы) –Қызылорда: Тұмар, 2004.-83-86б.

39. Ақын жыраулардың өнері мен сөзі – ұрпақ үшін тәлім-тәрбиенің көзі/Т.Р.Жайсанбаев, А.Б.Табулова/ Қорқыт Ата атындағы ҚМУ хабаршысы.- 2004.-№1(17). -90-94б.

40. Инновационные методы обучения в подготовке специалистов / Қорқыт Ата атындағы ҚМУ хабаршысы.-2004.-№2(18). -128-129б.

17

41. Коркыт о гармонии человека и природы /А.Б.Табулова, Т.Р.Жайсанбаев // III Международная науч.конф. “Народы Евразии: культура и общества” в Евразийском нац.унив.им. Гумилева – Астана, 2004.121-123с.


2005

42. Тұрғын үй экологиясы / Т.Р.Жайсанбаев, А.Б.Табулова // Труды VII Международной науч. конф. “Наука и образование-ведущий фактор стратегии “Казахстан - 2030”. Вып.6.- Караганда, 2005. -78-80б.

43. Экологиялық мәселелердің физиканың сыныптан тыс сабақтарында қаралуы / Т.Р.Жайсанбаев, Ұ.З.Ешимова//Труды Международный науч. практ.конф. “Роль физико-математических наук в современном пространстве”- Атырау, 2005.-120-122б.

44. Атағын сырттай естіп, артынан өзім мүшесі болған ансамбль

/ Сексенбаева З. Сыр сұлуы.-Алматы: “Арыс” баспасы, 2005.-92б.
2006

45. Қала мен тұрғын үй экологиясы / Т.Р.Жайсанбаев, А.Б.Табулова. // “Шоқан тағылымы -11”Халықаралық ғылыми-практикалық конф. материалдары. 8-том.-Көкшетау, 2006.-23-24б.

46. Пословицы и поговорки как проявление общечеловеческих норм и правил / Т.Р.Жайсанбаев, А.Б.Табулова. // XXI ғасырда білім мен ғылымды ұштастырудың жолдары және білікті мамандар даярлау сапасын арттырудың өзекті мәселелеріне арналған Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары – Шымкент, 2006.-125-127с.

47. Эколого-просветительское направление выхода из экологического кризиса/ А.Б.Табулова, Т.Р.Жайсанбаев. // Тезисы докладов Республиканской научно-теорет.конф. “Сейфуллинские чтения-2” – Астана, 2006.-150-151с.


2007

48. Арнаулы курсты оқытудағы жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері / Т.Р.Жайсанбаев, А.Б.Табулова // Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 70 жылдығына арналған “Үздіксіз кәсіби білім беру жүйесіндегі ақпараттық және инновациялық технологияларды пайдалану” атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конф.материалдары.-Қызылорда, 2007.-195-197б.

49. Ортаның электромагниттік ластануы және оның көздері // С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-інің 55-жылдығына арналған “Аманжолов оқулары – 2007” атты ғылыми-тәжірибелік конференция.-Өскемен, 2007.-130-132б.

50. Ғарыштық ұшырылымдары кезіндегі атмосфера қабатындағы ионизациялау және антропогенді ластану туралы/ Н.М.Абдрахманов, Т.Р.Жайсанбаев, П.И.Сапарходжаев // “Шоқан тағылымы – 12”, Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. 6т.-Көкшетау, 2007 -108-111б.

18
51. Сыр еліндегі іргелі білім ордасы / Жалпы ред.басқарған т.ғ.д.,проф. Қ.А.Бисенов. Редакция алқасы: ... Т.Р.Жайсанбаев-Алматы: “Арыс” баспасы, 2007.-432б.

52. Тұрмағамбет Ізтлеуов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік қанатты сөздері / Т.Р.Жайсанбаев, А.Б.Табулова.//Ақын Т.Ізтлеуовтің туғанына 125 жыл толу құрметіне арналған республикалық ғылыми-практ.конф. материалдары. II-кітап.-Қызылорда, 2007. 4-8б.

53. Физиканы оқыту процесінде модельдер мен модульдік түсініктерді пайдалану / Т.Р.Жайсанбаев, А.Өтетілеу // Ақын Т.Ізтлеуовтың туғанына 125 жыл толу құрметіне арналған республикалық ғылыми-практ.конф. материалдары.- Қызылорда, 2007.-293-299б.

54. ҚМУ-ге -70 жыл // Самал.-2007.-6 сәуір. 7-8б.


2008

55. Методические основы компьютерного моделирования /Н.М.Абдрахманов, С.Баекова, Т.Р.Жайсанбаева/ Материалы международной научно-практической конференции, посвященной году Украины в Казахстане. -Киев-Кызылорда, 2008.-с.14-17.

56. Оқыту процесінде модельдер мен модельдік түсініктерді пайдалану / Т.Р.Жайсанбаев, А.Өтетілеу/ Материалы международной научно-практ.конф. “Казахстан в новом мире и проблемы национального образования” посвященной 10-летию университета “Сырдария”-Жетісай, 2008.-66-68б.

57. Некоторые вопросы экологических последствий при космических запусках // Вестник Кызылординского государственного университета им. Коркыт Ата.-2008.-2(26). –с.89-91.

58. Физика курсын оқытуда жергілікті экологиялық материалды пайдалану // Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Хабаршысы.-2008.-№2 (26). -10-12б.

59. Үлгілі ұстаз, көрнекті ғалым//Халық.-2008.-29 мамыр.-2б.


2009

60. Физика сабақтарында оқушылардың жүйелі түрде ойлау қабілетін қалыптастыру жолдары/ Т.Р.Жайсанбаев, А.Б.Табулова // “Шоқан тағылымы-14” Халықаралық ғылым-практ.конф.материалдары. 24-26 сәуір –Көкшетау, 2009.-9 том. 26-29б.

61. О происхождении Солнца / Л.К.Абенова, Т.Р.Жайсанбаев// “Ғылыми-техникалық прогресс және Қазақстанда білім беруді жетілдіру жолдары” атты Астрономия жылына арналған Халықаралық ғылыми-практ.конф.материалдары.-Қызылорда –Киев, 2009.-33-36б.

2010

62. Психология тарихы: Оқу-әдістемелік құрал/Т.Р.Жайсанбаев, А.Б.Табулова – Қызылорда: Компас, 2010.-176б.


20

63. Магниттік дауыл – ғарыштық экологиялық фактор/Т.Р.Жайсанбаев, Қ.Ишанова, Н.Күздебаева // Фашистік Германияны талқандаған Жеңістің 65 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практ.конф.материалдары.-Кызылорда-Киев, 2010.-63-69б.

64. Биік өнеге өлшемі / Т.Р.Жайсанбаев // Кітапта: Бекмаханұлы Н. Дария ғұмыр. Деректі хикаят.-Қарағанды: “Глассир”, 2010.-207-212б.

65. Физикалық теория мен оның элементтерін оқыту / Т.Р.Жайсанбаев, Ж.С.Раимбаева// Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Хабаршысы.- 2010.-№1 (29). -21-24б.


2011

66. Байқоңыр және экология / Т.Р.Жайсанбаев, А.Б.Табулова // “Ғарыш және адам” атты ғарышты игеру дәуірінің 50 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми.практ.конф. материалдары.-Қызылорда-Киев, 2011.-30-34б.

67. 7-8 сыныптардағы физикалық демонстрациялық эксперимент. Оқу-әдістемелік құрал / Т.Р.Жайсанбаев, Ұ.З.Ешімова.-Қызылорда: Компас, 2011.-110б.

68. Радиациялық қауіпсіздік және иондаушы сәулемен ластану/ Т.Р.Жайсанбаев, Ә.С.Бекқожаева //“Сапалы білім беру-Қазақстанның индустрияландыруының және инновациялық дамуының негізі” атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақалалар жинағы (2011 жылғы 13 мамыр).-Кызылорда: Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, 2011,-Т.1.-184-188б.

69. Қала мен тұрғын үй экологиясы / Т.Р.Жайсанбаев, А.Б.Табулова // “Шоқан тағылымы-15” Халықаралық ғылыми.практ.конф.материалдары. 22-26 сәуір.-Көкшетау, 2011.-319-323б.

70. Мектеп физика курсында дәстүрлі емес сабақтарды өткізу туралы / Т.Р.Жайсанбаев, А.Т.Үргенішбаева // Қазіргі кезеңде жаңа формация педагогтарын даярлау: жағдайы, тәжірибесі, перспективалары атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары (2011 жыл 27 мамыр) – Қызылорда: Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, 2011,-81-85б.

71. Болашақ мұғалымдердің қазіргі заманғы жаратылыстану тұжырымдамасын білу қажеттілігі//Қазақстан қоғамының даму тенденциялары: Әлеуметтік-саяси, инновациялық аспектілер атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конф.материалдары (2011ж. 25 қараша)-Қызылорда, 2011.-321-324б.
2012

72. Негізгі мектептің “Физика және астрономия” курсын оқыту кезіндегі оқушылардың білімін жүйелеу мәселелері / Т.Р.Жайсанбаев, Л.Қ.Әбенова // “Космостағы 55 жыл” атты Жердің бірінші жасанды серігін ұшыру күніне арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конф. материалдары.-Қызылорда –Киев, 2012.-32-35б.

21

2013

73. Педагогикалық қарым-қатынас негіздері/Т.Р.Жайсанбаев, А.Б.Табулова-Қызылорда: ЖШС “Арий” баспаханасы, 2013.-136б.

74. “Физика және астрономия” курсы бойынша 7-сынып оқушыларына экологиялық білім туралы/ Т.Р.Жайсанбаев, Ә.С.Бекқожаева //“Шоқан тағылымы-15” Халықаралық ғылыми.практ.конф.материалдары. 22-26 сәуір.-Көкшетау, 2013.-28-32б.

75. Физика сабақтарының экологиялық білім және тәрбие беру мүмкіндіктері /Т.Р.Жайсанбаев, Ә.С.Бекқожаева // Қызылода облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының Хабаршысы. – Қызылорда, 2013, -№1 (33) - №2 (34). -52-56б.

76. Танымдық ойындар және олардың оқушыларды оқытудағы орны, қолдану ерекшеліктері / Б.Т.Ақжолова, Т.Р.Жайсанбаев. “Шоқан тағылымы-15” Халықаралық ғылыми.практ.конф.материалдары. 5том. (24-26 сәуір).-Көкшетау, 2013.-12-16б.

77. Жан досым / Т.Р.Жайсанбаев // Кітапта: Әбілханұлы Р.Сыр елінің Еламаны.-Алматы: ARNA-B, 2013.-79-83б.


2014

78. Ұлттық ойынмен өрнектелген сабақ /Т.Р.Жайсанбаев, Б.Т.Ақжолова // “Заманауи әлеміндегі ғылым мен білім” атты Халықаралық ғылыми-практ.конф.материалдары.-Қарағанды: “Болашақ” университеті, 2014.-115-116б.

79. Физика сабағында оқушылардың ойын арқылы шығармашылық қабілетін дамыту. / Т.Р.Жайсанбаев, Б.Т.Ақжолова //“Заманауи әлеміндегі ғылым мен білім” атты Халықаралық ғылыми-практ.конф.материалдары.-Қарағанды: “Болашақ” университеті, 2014.-117-119б.

80. Физиканы оқыту үрдісіндегі ғылым тарихының ролі мен қолдану жолдары/Т.Р.Жайсанбаев, М.А.Сыбаева // “Ғылымның, техниканың және білім берудің басымдықтары” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конф. материалдары. I-бөлім.-Қызылорда –Киев, 2014.-59-60б.

81. Дидактикалық ойындардың маңызы және оларды физика сабақтарында ұйымдастыру әдістемесі. / Т.Р.Жайсанбаев, Б.Т.Ақжолова // “Ғылымның, техниканың және білім берудің басымдықтары” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конф. материалдары. I-бөлім.-Қызылорда –Киев, 2014.-61-64б.

82. Астрофизика элементтерінің орта мектепте оқыту қажеттілігі және мүмкіндіктері / Т.Р.Жайсанбаев, Ж.Еркінқызы “Ғылымның, техниканың және білім берудің басымдықтары” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конф. материалдары. I-бөлім.-Қызылорда –Киев, 2014.-43-45б.

83. Оқу орындары мен зертханаларының экологиялық қауіпсіздігі мен құжаттандырылуы. Оқу-әдістемелік құрал.-Қызылорда: “Ақмешіт баспа үйі”, 2014.-178б.
22

84. Психология тарихы: Оқу –әдістемелік құрал / Т.Р.Жайсанбаев, А.Б.Табулова – Қызылорда: Компас, 2010.-176б. (Электронды көшірмесі Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананың (www.Kazneb.kz) сайтында).

85. 7-8 сыныптардағы физикалық демонстрациялық эксперимент. Оқу-әдістемелік құрал/Т.Р.Жайсанбаев, Ұ.З.Ешімова.-Қызылорда: Компас, 2011-110б. (Электронды көшірмесі Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананың (www.Kazneb.kz) сайтында).

86. Педагогикалық қарым-қатынас негіздері / Т.Р.Жайсанбаев, А.Б.Табулова – Қызылорда: “Арий” баспаханасы, 2013.-136б. (Электронды көшірмесі Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананың (www.Kazneb.kz) сайтында).

23

МАЗМҰНЫ:



1.

ОҚЫРМАНҒА..........................................................................


3

2

Қалиев Б. Ұлағатты ұстаз, әдіскер – ғалым...........................


4

3.


Педагогика ғылымдарының кандидаты, академиялық профессор Жайсанбаев Темірбек Раманқұлұлының

Өмірбаяны.................................................................................



7

4.


Өмірі мен қызметінің негізгі

кезеңдері..................................................................................


9


5.

Ғалымның айрықша марапаттау белгілері....................................................................................

10


6.

Ғалымның ғылыми еңбектері.................................................

11

7.

Ұстаздың оқу-әдістемелік зерттеулері..................................

12


8.

Ғалымның ғылыми-көпшілік еңбектерінің

тізімі........................................................................................


13


9.

Ғалым туралы жарияланған мақалалар

тізімі............................................................................................


14


10.

Ғалымның еңбектері туралы әдебиеттердің

хронологиялық көрсеткіші......................................................


15


11

Мазмұны................................................................................................

24


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет