5. Дәріс тақырыбы: Әлеуметтік қоғам және оның өзіндік ерекшеліктері



бет1/7
Дата07.02.2022
өлшемі20,76 Kb.
#85236
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
5-daris


5. Дәріс тақырыбы: Әлеуметтік қоғам және оның өзіндік ерекшеліктері
2. Оқу нәтижелері: Қазіргі заман және оның мәнін біледі, меңгерді.
3. Дәріс жоспары

  1. 1.Дәстүрлердің қоғам өміріндегі ролі мен олардың атқаратын функциялары

  2. 2.Қазіргі заман және оның мәні

  3. 3.Ұлы тұлғалар-өзгерістердің басты себебі

4. Дәріс тезистері

  1. 1.Дәстүрлердің қоғам өміріндегі ролі мен олардың атқаратын функциялары. Адамзат қоғамы өзінің ішкі барлық құрылымында өзгереді. Қоғам—бұл біртұтас қоғам ғана емес, сонымен қатар көп белесті, өзара тығыз байланысты бір бағытта дамитын процесс. Яғни қоғам әр уақытта қозғалыста болғандықтан, өткеннен болашаққа қарай бағытталады, ал оның қазіргі қимылы—бұл оның өткен іс-қимыл мен болашақта өтуге тиісті қимылының арасындағы өтпелі кезең.Өткен қоғам болашақ үшін алдын-ала шарт жасайды.Ол тұтастай құрып кетпей, аз болса да элементтері қалады, осы элементтерден болашақ құрылады.

  2. Қоғамның мұндай болуы бір-бірін толтырып отыратын екі механизмге байланысты:

  3. 1.Материалдық механизм—оған қоғамда өткен бабалар қалдырып кеткен заттай ескерткіштер жатады.

  4. 2.Идеалдық механизм—оған көзге көрінбейтін рухани байлықтар жатады.

  5. Дәстүр дегеніміз---өздерінің шығу тегін өткенмен байланыстыратын объектілер мен субъектілердің жиынтығы. Дәстүрлер белгілі бір кезеңде шығады, дамиды және өзінен кейінгі дәстүрге жол береді.

  6. Дәстүрлердің шығуының екі жолы бар:

  7. 1. «Төменнен»---яғни халық арасынан шыққан деген сөз

  8. 2. «Жоғарыдан»--яғни үкімет тарапынан немесе зорлықпен орнайтын деген сөз.

  9. Дәстүрлердің қоғамда атқаратын ролі өте зор. Осыған байланысты олардың мынадай функцияларын атауымызға болады.

  10. 1.Дәстүрлерде белгілі бір ұрпақтың ақылы, ойы көрініс табады.

  11. 2.Дәстүрлер белгілі бір оқиғаның заңды екендігін мойындатады.

  12. 3.Дәстүрлер адамдарды белгілі бір ұлтқа, сол ұлттың дәстүрлерін сыйлауға сыйынуға және құрметтеуге үйретеді.

  13. 4.Дәстүрлер адамның қиналған немесе қайғылы бір кезеңінде дағдарыстан шығуына көмектеседі.



  14. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет