5. Дәріс тақырыбы: Әлеуметтік қоғам және оның өзіндік ерекшеліктері
2. Оқу нәтижелері: Қазіргі заман және оның мәнін біледі, меңгерді.
3. Дәріс жоспары
1.Дәстүрлердің қоғам өміріндегі ролі мен олардың атқаратын функциялары
4. Дәріс тезистері
1.Дәстүрлердің қоғам өміріндегі ролі мен олардың атқаратын функциялары.Адамзат қоғамы өзінің ішкі барлық құрылымында өзгереді. Қоғам—бұл біртұтас қоғам ғана емес, сонымен қатар көп белесті, өзара тығыз байланысты бір бағытта дамитын процесс. Яғни қоғам әр уақытта қозғалыста болғандықтан, өткеннен болашаққа қарай бағытталады, ал оның қазіргі қимылы—бұл оның өткен іс-қимыл мен болашақта өтуге тиісті қимылының арасындағы өтпелі кезең.Өткен қоғам болашақ үшін алдын-ала шарт жасайды.Ол тұтастай құрып кетпей, аз болса да элементтері қалады, осы элементтерден болашақ құрылады.
Қоғамның мұндай болуы бір-бірін толтырып отыратын екі механизмге байланысты:
1.Материалдық механизм—оған қоғамда өткен бабалар қалдырып кеткен заттай ескерткіштер жатады.
2.Идеалдық механизм—оған көзге көрінбейтін рухани байлықтар жатады.
Дәстүр дегеніміз---өздерінің шығу тегін өткенмен байланыстыратын объектілер мен субъектілердің жиынтығы. Дәстүрлер белгілі бір кезеңде шығады, дамиды және өзінен кейінгі дәстүрге жол береді.