5 класс Рим империясының гүлденуі Спартактың көтерілісі ежелгі Римдегі құлдықты қалай сипаттайды?



Дата11.01.2022
өлшемі113,81 Kb.
#111001
түріСабақ
Байланысты:
2 Андасова И. каз


5 класс

Рим империясының гүлденуі

Спартактың көтерілісі ежелгі Римдегі құлдықты қалай сипаттайды?

Андасова И.М.
Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 4А Рим империясының гүлденуі

Мектеп: № 33Н. Шойынбайев атындағы жом




Күні:16 маусым2017 жыл

Мұғалімніңаты-жөні: Андасова И.М.




Сынып: 5 сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:




Сабақтың

тақырыбы

Спартактың көтерілісі ежелгі Римдегі құлдықты қалай сипаттайды?




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.2.2 Ежелгі дүниедегі құлдықтың ерекшеліктерін анықтау.

5.3.2.3 Ежелгі Римдегі Спартак көтерілісін сипаттау, себептерін анықтау.






Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • Ежелгі Римдегі құлдардың орны мен құлдықтың ерекшеліктерін біледі;

  • Ежелгі Римдегі Спартак көтерілісінің барысын біледі;

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Спартак көтерілісінің барысын, себептерін біледі және ежелгі Римдегі құлдардың ауыр жағдайын түсінеді;

Кейбір оқушылар:

  • Көтерілістің болған жерлері мен жеңілу себептерін мазмұнын сипаттайды;

  • Құлдардың ауыр жағдайын талдай отырып, олардың көтеріліске шығуға итермелеген алғы шарттарды сипаттайды.




Бағалау критерийі

Спартак көтерілісі арқылы Римдегі құлдықты сипаттайды.

Ежелгі Римдегі Спартак көтерілісінің ерекшелігін анықтайды.

Тарихи оқиғалардың маңызын анықтайды және негіздейді.





Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

Рим империясында құлдардың ауыр жағдайы мен Спартак бастаған көтерілісінің барысын мәтінмен жұмыс жасайды (оқылым), бейнефильм көреді (тыңдалым), Рим империясындағы құлдардың жағдайы мен Спартак көтерілісі мәліметтерін ортаға салып талқылайды (айтылым), (тыңдалым), Рим қоғамындағы құлдардың орны мен құлдар көтерілісі жөнінде тұжырым жасайды (жазылым).



Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Көтеріліс, гладиатор, res non persona (құл адам емес),

Талқылауға арналған тармақтар:

Неліктен Спартак бастаған құлдар көтеріліске шықты деп ойлайсындар? Ежелгі Рим қоғамындағы құлдардың орнын көрсетіп бере аласындар ма? Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Спартак көтерілісінің болып өткен аумақтары....

Ежелгі Римдегі құлдар көтерілісінің ерекшелігі ол .....

Спартак ол .....

Спартакқа қарсы жіберілді....




Құндылықтарға

баулу

  • Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау,

  • Қарым қатынас жасау;

  • Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау




Пәнаралық

байланыс

География: Дүниежүзі картасы, Апенин түбегі

Қазақ әдебиеті: Алпамыс дастанындағы Ұлтан құлдың жағдайымен классикалық құлдықты салыстырамыз

Қазақстан тарихы Ежелгі Қазақстан тарихы, Сақ\сармат қоғамы




Алдыңғы білім


Ежелгі Рим қоғамы, ежелгі Қазақстан тарихындағы қоғамдық қатынастар туралы біледі.




Сабақ барысы




Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

(10 мин)
(3 мин)

(2 мин)
(5 мин)


І Ұйымдастыру кезеңі

Ширату жаттығуы «Қол соғамыз, егерде ....» әдісі

  • егерде бүгін жайма шуақ күн десеңіздер.

  • егерде жаңа мәліметтерді меңгеремін деген оймен келсеңіздер.

  • егерде бүгін сәрсенбі күн десеңіздер.

  • сіздер бүгін жақсы көңіл-күймен және жаңа білім алуға келсеңіздер.

Топқа бөлу:«Саяхат» әдісі арқылы топқа бөлу

Б/Ж. ІІ Үй тапсырмасы «Екі анық, бір жалған»

Тапсырма: Оқушылар екі шынайы мәлімет пен бір жалған мәліметті ұсынады, қалған оқушылар оның қайсысы шынайы және қайсысы жалғанын табады.

Бағалануы: Оқушыларды мұғалім смайликтер арқылы бағалау жүргізіледі (сенімді, қуанышты, ойланушы, күмәнданушы)


АКТ (интерактивті тақта, проектр), презентация

слайд 1-3.

туристік орын суреті

смайликтер, оқулық







Сабақтың ортасы

(30 мин)


(5 мин)

(5 мин)

(15 мин)

(5 мин)


ІІІ Жаңа сабақты меңгеру

Б/Ж. «INSERT» әдісі мәтінмен жұмыс.

БСМ. Таныстырылым: видео ролик арқылы және мұғалімнің қосымша ақпараты арқылы оқулық мәтініне толықтыру жұмысы жасалады

Б/Ж.Тапсырма. «Сократ шеңбері» әдісі

Сұрақтар:

І айналым


  1. Рим қоғамындағы құлдар қандай жұмыстарды атқарды?

  2. Егер құл аса күшті болса Римдіктер оларды қалай пайдаланды?

  3. Римнің азаматтарына шаруа немесе құлдың қайсысының еңбегін пайдалнған тиімді болды. Неге?

  4. Неге гладиаторлар өз мектептерінен қашып жасырынды?

  5. Спартак пен Криксті мысал ете отырып «дұрыс шешім қабылдау оңай ма?» деген сұраққа жауап бер?

  6. Құлдар көтерілісіндегі негізгі пунктерді атаңдар.

  7. Спартактың көтерілісін қоғамның қай бөлігі қолдады? Неге?

  8. Көтерілісшілер неге Альпі тауы бағытын таңдады?

  9. Қалай ойлайсындар көтелісшілер неліктен жеңіліс тапты?

ІІ айналым

  1. Егер құлдар аса білімді болса қандай қызмет атқарды?

  2. Амфитеатрларда халық құлдардың қандай әрекетін тамашалады?

  3. res non persona (құл адам емес зат) нені білдіруі мүмкін?

  4. Құлдар көтерілісін неге гладиаторлар басқарды, гладиатор иеленетін қасиеттерді атап шық?

  5. Кімнін шешімі дұрыс болды: Спартактың ба әлде Крикстің бе?

  6. Құлдар көтерілісіндегі негізгі тұлғаларды атаңдар?

  7. Спартак бастаған көтеріліске қарсы Рим әскерін кімдер басқарды, және неге Рим бірден екі консулдыда жіберді?

  8. Неліктен көтерілісшілер бағытын өзгертіп Сицилияға бет алды?

  9. Егер бұл көтелістің нәтижесі басқаша болып аяқталғанда ...?

Дескриптор:

  • Рим қоғамындағы құлдардың орнын біледі

  • Рим қоғамындағы құлдардың міндеттерін түсінеді

  • Спартак көтерілісінің хронологиялық тізбегін біледі

  • Спартак көтерілісінің географиялық орындарын анықтай алады

  • Көтелістің басталу себептері түсінеді

  • Спартак көтерілісінің тарихи маңызы жөнінде білімін жинақтап талдау жасай алады

Бағалау: өзара бағалау, баға ортаға талқылап айтады. Смайликтер арқылы бағалау жүргізіледі (сенімді, қуанышты, ойланушы, күмәнданушы)

Б/Ж/Т тапсырма дәптермен жұмыс «Төрт сөйлем»

  1. тақырыпқа негізделген тұжырым сөйлем

  2. тұжырымға келтірілген мысал сөйлем

  3. мысалға толықтыру дәлелдеме сөйлем

  4. жоғарыдағы тұжырым, мысал, дәлелді қорытындылау сөйлем

Дескриптор:

  • Спартак көтерілісі мазмұныны біледі;

  • Спартак көтерілісі жөнінде білімін тұжырымдайды;

  • Спартак көтерілісі жөнінде білімін мысал келтіреді;

  • Спартак көтерілісі жөнінде білімін дәлел келтіре отырып, қорытындылайды

Бағалануы: топ басшысы топ мүшелерін смайликтермен бағалайды (сенімді, қуанышты, ойланушы, күмәнданушы)

мәтін парақшасы, қалам, видео ролик

https://www.youtube.com/watch?v=jMtP7LgpHvQ

Сұрақ парақшалары

дәптер



Сабақтыңсоңы


Ү. Кері байланыс «blob bridge» әдісі арқылы оқушылардың сабақ үстінде қандай дәрежеде меңгергенін байқауға болады, сонымен қатар суреттің астына төмендегі сұрақтарға жауап беру ұсынылады

- нені білдің

- не әліде түсініксіз

- қандай мәселелерді әлі де меңгеру қажетсін.
ҮІ. Үй тапсырмасы


  1. Спартактың көтерілісі ежелгі Римдегі құлдықты қалай сипаттайды? тақырыбын оқу

  2. Спартак көркемфильмін көру




https://www.youtube.com/watch?v=9TWfjRtJPPk




Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақтың барысында әдіс тәсілдер қарапайымнан күрделі тапсырмаларға бағытталып жүргізілді. Осылайша оқушылардың білу, түсіну деңгейіне қол жеткізіледі, ал жоғары деңгейлі оқушылар барлық оқушыларға көшбасшылық жасау мен білімдерін толықтыру арқылы біліктілігі мен дағдыларын тереңдете түседі.

Критериалды бағалау, қалыптастыруша бағалау жүргізіледі.

  • Мұғалімнің мадақтау арқылы смайликтер арқылы бағалау;

  • Өзара бағалау жұмысы жасалып, бағалануының әділдігі талқыланып смайликтер арқылы бағалау;

  • Топтың көшбасшысының қорытынды бағасы қойылады, смайликтер арқылы бағаланады

  • Мектеп ішілік тәртіп және техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды қадағалау;

  • Оқушылардың денсаулығына кереғар әрекеттерді болдырмау





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет