.5-нитрофуран туындысының қышқылдық қасиеті? 5-нитрофуран туындылары қышқылдық қасиет көрсетеді. Фурацилиннің қышқылдық қасиеті семикарбазид қалдығы бар амид тобындағы сутек атомының қозғалғыштығына негізделген.
Фурадонин гидантоинның фрагментіндегі кето-енолды және лактим-лактамды таутамері арқылы қышқылдық қасиет көрсетеді:
Лактим-лактамды таутомері фурагиннің екі формада − қышқылды (лактамды) және тұзды (лактимді) болуына мүмкіндік береді.
Осы топтадағы басқа дәрілік заттарға қарағанда фуразолидонның қышқылдық қасиеті әлсіздеу.
5-нитрофурон туындылар тобының қышқылдық қасиеті келесі заттармен әрекеттескенде анықталады:
− негіздің сулы ерітіндісімен;
− протофильді еріткіштермен (пиридин, диметилфармалид);
− ауыр металдар иондарымен.
Қышқылдық қасиет көрсетуіне байланысты 5-нитрофуран протофильді еріткіштерде (пиридин немесе диметилформамидте) ерігенде, боялған аниондар пайда болып, олар сілтілік металдар катиондармен әр түсті тұздар түзеді. Затты айырымдау (дифференцировать) үшін қолдануға болады.
5-нитрофуран туындыларының қышқылдық қасиеті ауыр металл катиондарымен (Сu2+, Co2+, Ag+) комплекс түзілу реакциясына қатысады. Бұл арнаулы емес реакция.
Гетероциклді қосылыстарға УК-спектрінің қолданылуы? УК – ИҚ спектр облысында спектр жұтуы пиразолон туындыларына тән. УК – спектрі 2 максимумында: 243 – 245 нм және 265 – 275 нм интервалын көрсетеді. Осы қасиетті индентификациялауда және дәрілік формада препараттардың сапалығын анықтау үшін қолданылады.
Фенилбутазон УК және ИҚ – спектр облысында жарық сіңіреді, осы қасиеті оны ерекшелендіруде қолданады. УК – спектрінде бір жолақ сіңіру максимумы 240 нм бейтарап - қышқылдық ортада, ал 264 нм – негіздік ортада. Фурацилинді идентификациялау және сандық талдауында 0, 0006% ерітінділер су: диметилформамид (1: 50) қоспасының УК-спектрлері қолданылады. Ерітіндінің жұтұлу максимумдары 245 -450 нм аймақ аралығында - 260 -375 нм, минимум – 306 нм. Екінші сызықтын жұтұлу максимумдары (365 -375 нм) 5 -нитрофуран туындыларына тән, себебі құрамында фуран циклінің екінші жағдайында электонодонорлы топтары бар. Сандық спектрофотометриялық анықтауды 375 нм анықтайды және фурацилиннің стандартты үлгісін қолданып есептейді.