Байланысты: 5. О ушыларды білім, білік, да дыларын тексеруді д ст рлі діс
5. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексерудің дәстүрлі әдістері. Оқыту процесінің құрамды бөлігінің бірі болып келген оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің мақсаты оқушылардың оқу жұмысын бақылау мен олардың үлгерімін есептеу.Мұғалімге оқушылардың білім, білік және дағдыны толық және сапалы түрде меңгеруі аз. Оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктерді анықтап, мұғалім оны жоюға тырысады, оқушыларға ақыл-ой және практикалық жұмыс тәсілдерін үйретеді.
Оқушылардың білім, білік-дағдыларын тексеру бақылау әдістері арқылы іске асады.
Бақылау әдістері – оқытудың жетістігі, оқу процесінің тиімділігі туралы мағлұмат алу мақсатында оқыту процесінде қарама-қарсы байланысты қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушылардың бірізді, өзара байланысты диагностикалық қызметтерінің жүйесі. Бақылау әдістерін жалпы екі топқа: ауызша және жазбаша деп бөлеміз.Ауызша бақылау әдістері дегеніміз – сұхбат, оқушы әңгімесі, түсіндірме, тексті оқу, сызбалар, суреттер, тәжірибе туралы хабарлар, дидактикалық тапсырмаларға жауап беру..Ауызша бақылау әр сабақ сайын жеке-дара, жаппай немесе құрастырылған формада жүргізіледі.Оқушылардан жеке-дара сұрақ-жауап алу мұғалімге меңгеру деңгейі туралы толығырақ және нақтырақ мәлімет алуға мүмкіндік береді, бірақ, екінші жағынан, ол басқа оқушыларды сабақта әрекетсіз қалдырады.Жаппай сұрақ-жауап алу барлық оқушыларды бірден қамтыса да олардың білімді меңгергені туралы үстіртін мағлұмат береді. Қазіргі таңда оқушылардың білімін, білік-дағдысын тексеруде дидактикалық тестер ең жаңа әдіс болып табылады. Тест – оқытудың белгілі бір бөлігін меңгеру дәрежесін өлшеуге бағытталған тапсырмалар жиынтығы. Олар уақытты көп жоғалтпас үшін көлемінің шағын болуы, тестік тапсырманы өз бетінше қалай болса, солай түсінік беруге жібермеуді, жауапта дәлсіздік немесе көп сипаттылықты болдырмауды, оның әрі қысқа әрі жинақы болуын, тестік тапсырманы орындау мен сандық бағалау арақатынасының мүмкіндігінің жариялылығын, тапсырма мен жауаптағы дәлдік пен айқындықты қамтамасыз етуді т.б. талап етеді.Тестердің артықшылығы оның объективтілігінде, яғни білімді тексеру мен бағалаудың мұғалімге байланысты еместігінде. Тестердің төрт түрі бар: оқушының есте сақтау мен еске түсіру керек фактілерді, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, барлық мәліметтерді білетінін тексеру, яғни бұл жағдайда репродуктивті жауаптар талап етіледі. алынған білімдер негізінде ойлау қызметін орындай алуын тексеру, бұл, негізінде, типтік міндеттерді шеше алу. өткен тақырыптарға өзіндік сын баға бере алуы. білімдерді алынған мәліметтер негізінде жаңа нақты жағдайларда қолдана білуі.