5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттеріне арналған біртұтас
практика бағдарламасы. – Шымкент: Шымкент университеті, 2016 ж. 16 бет.
Ұсынылған практика бағдарламасы 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының
студенттеріне практикалық іс-тәжірибелерді өткізу үшін қажетті
оқу-әдістемелік құрал
болып табылады.
Рецензенттер:
Оразалиев С., М.Әуезов атындағы ОҚМУ, ф.ғ.к.
Бахадырова С., Шымкент университеті, ф.ғ.д.
Практика бағдарламасы Шымкент университетінің оқу-әдістемелік кеңесінде
талқыланып құпталды.
Шымкент университеті. 2016 ж.
Алғы сөз
Қазіргі кезде қоғамдағы өзгерістер білім беру саласында тың үрдістерге бастады.
Қай
заманда болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы мақсат міндеттердің ең бастысы
өзінің ісін жалғастыратын салауатты, саналы, білімді ұрпақ өсіру. Олай болса, кәсіби
деңгейде
қалыптасқан, белсенді маман даярлау білім орындарының өзекті мәселесі іс-
тәжірибе болашақ маманнның теориялық және практикалық білімін байланыстыра
отырып оқыту сапасы мен
алғашқы кәсіби дағдылардың , шеберліктің қалыптасуына
негіз болады . Жалпы педагогикалық іс-тәжирибе барысында студенттердің кәсіби
белсенділігі интегративті
сипатта қалыптасады , себебі педагогикалық дағдыны бір
сабақта қалыптастыру мүмкін емес, керісінше, қарапайым әдіс –тәсілді меңгерудің өзі
біршама уақыт аралығында жүзеге
асады да, күрделі де, маңызды кәсіби шеберлікті
қалыптастырады.
Оқу практикасы
төменгі курстарда өтеді. Сонымен,
оқу практикасының мақсаты
базалық және кәсіби пәндер бойынша теориялық білімдерін іс-тәжірибелер арқылы нақтылау
саналады. Оқу жоспары бойынша келесі пәндер бойынша оқу практикасы жүргізіледі.