6 сынып. Математика Сабақтың тақырыбы: Осьтік симметрия және центрлік симметрия



Дата26.08.2017
өлшемі121,6 Kb.
#28478
Соңғы уақыттарда математикалық білімнің кенже қалып отырғаны көптеп айтылуда. Сондықтан, математика өмірде кездеспейді, оны тек ғылыммен шұғылданатындар оқысын деген ойдың шолақ екендігін мектеп оқушылары жақсы ұғынуы керек. Және мектептегі математика пәнінің мұғалімдері осы пікірді дұрыс ұғындыра білу біздің тікелей міндетіміз. Осы түсінікті берік қалыптастыруды сабақ процесінде математиканың өмірдегі алатын орынын ерекше көрсетіп отыру арқылы орындауға болады деп есептеймін. Мысалы, 6 сыныптағы «Пропорция» тарауын өткен кезде екі санның қатынасын процентпен өрнектеуге болатынын айта отырып, процент пен пропорция арқылы баққан малымыздың қайсысы (қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе) қанша процент ұстайтынын және қайсысынан қанша процент өнім алтынымызды есептеттіру арқылы математиканы күнделікті тіршіліктің бір бөлшегі екендігін түсіндірдім. «Осьтік симметрия», «Центрлік симметрия» тақырыптарына өткізген сабағымда күнделікті өмірден мысалдар (симметриялы ою-өрнектер, симметриялы фигуралар, симметиялы сызбалар т.б.) ала отырып көз жеткіздім. Жалпы ауыл тіршілігі – математикаға, есеп-қисапқа өздігінен сұранып тұрады. Текемет басып, алаша тоқығанда жіптің түзілуі, үшкілдеп мата қиып құрақ көрпе жасау бәрі математикалық білімнің практикадағы қарапайым көріністері. Халқымыздың математикалық білім бастауы жер шамасын ауызша есептеуінде, ер – тұрман әбзелдерінде, зергерлік бұйымдарында, құрылыс сәулеттерінде, еккен егіні мен асыраған малында, бір сөзбен айтқанда - күнкөрісінде жатырғандығын айтумен түйіндедім.

6 сынып. Математика
Сабақтың тақырыбы: Осьтік симметрия және центрлік симметрия

Білімділік мақсаты: Түзуге қатысты симметриялы фигураларды сала білуге, осьтік симметриялы фигураларды тануға үйрету

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойын дамытуға, тапқырлық, байқағыштық қабілетін дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге тәрбиелеу

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, әдемілікті сүюге, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: слайд, миллиметрлік қағаз, сөзжұмбақ, сызғыш, қарындаш, қайшы, ақ парақ, кубик, т.б.

ЖОСПАР:






Реті

Жұмыстың мазмұны

Уақыты

Бөлімдері



Ұйымдастыру

2 мин



Үй тапсырмасын тексеру

5 мин



Еске түсіру «Өрмекші торы» стратегиясы және сөзжұмбақ

5 мин



Ой шақыру, симметрияның үйлесімділігі

5 мин



Сергіту сәті

2 мин



Есептер шығару «Кубизм стратегиясы»

12 мин



Практикалық тапсырма

5 мин



Тест тарсырмаларын орындау

5 мин



Үйге тапсырма

1 мин



Бағалау, сабақты аяқтау

3 мин

Сабақтың барысы:



  1. Ұйымдастыру

а) Оқушылармен амандасу

ә) Оқушыларды түгендеу

2. Үй тапсырмасын тексеру

(оқушылардың топтық жұмыс бойынша дайындаған слайдтары мен практикалық тапсырмалдарын тексеру)
3. а)Еске түсіру бөлімі: Сөзжұмбақ шешу арқылы үй тапсырмасын сұрау және жаңа сабаққа керекті материалдарды қайталау








А

Б

С

Ц

И

С

С

А







О

Р

Д

И

Н

А

Т

А













С

Е

Й

С

М

О

Г

Р

А

Ф




К

А

Р

Д

И

О

Г

Р

А

М

М

А










Т

Е

Р

М

О

Г

Р

А

Ф




К

О

О

Р

Д

И

Н

А

Т

А




























Ш

И

Р

Е

К







Г

Р

А

Ф

И

К







П

Е

Р

П

Е

Н

Д

И

К

У

Л

Я

Р




ә) «өрмекші торы» стратегиясы


        1. ОХ осінің атауы – абсцисса

        2. ОУ осінің атауы- ордината

        3. Жер қабатының қозғалысын бақылау құралы- сейсмограф

        4. Жүрек соғуының графигі- кордиограмма

        5. Ауа-райын бақылау құралы- термограф

        6. Нүктенің жазықтықтағы орны- координата

        7. Жазықтықтың координаталық осьтермен бөлгендегі бөлігі- ширек

        8. Екі шаманың арасындағы тәуелділікті координаталық жазықтықта

сызықпен кескіндеу- график

        1. Бір- бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу- перпендикуляр




  • Сонымен, балалар сөзжұмбақты шешкен кезде ортадағы ерекше тор көздерден қандай сөз оқыдық?

  • Симметрия!

  • Олай болса,біздің бүгінгі қарастырғалы тұрған сабағымыз симметия сөзімен тікелей байланысты.

Біздер күнделікті өмірде дененің, фигураның бөліктері симметриялы деген сөздерді жиі кездестіреміз. «Симметрия» грек сөзінен алынған, «гормония» - бірдей өлшенеді, белгілі бір реттілікпен орналасқан деген ұғымды білдіреді.



4. Симметрияның үйлесімділігі. (слайд бойынша мәліметтер беру)


  • Сергіту сәті:Күнделікті ойын элементтерінде өзіміз байқамасақта осы осьтік симметрия элементтерін пайдаланып жүрміз. Өздерің жасап, ұшырып ойнайтын қағаз ұшақты қарайық. ( Қағаздан жасаймын, осін көрсетемін және ұшырамын.)

  • Міне, бұл симметрияның тең салмақтылығы мен беріктілігінің мысалы. Ұшақтар, тікұшақтар, зымырандар осы негізде, құстарды негізге ала отырып жасалған. Сонымен симметрия –тең салмақтылықтың, сұлулықтың, беріктіліктің мысалы екен.

6. Есептер шығару «Кубизм стратегиясы»

1



Суреттегі АВС үшбұрышындағы АВ=ВС және ВС=9 см. Осы үшбұрышты k түзуіне қатысты симметриялы көшіргенде ADC үшбұрышы алынған. ABCD фигурасының периметрін табыңдар.

2

Ұзындығы 8 см АВ кесіндісін сызып, оның симметрия центрін табыңдар. Симметрия центрі АВ кесіндісін қандай кесінділерге бөледі? Оларды ұзындықтарымен жазыңдар.



3



l және k түзулері ABCD тік төртбұрышының симметрия осьтері. ABCD тік төртбұрышының А төбесінің l симметрия осінен қашықтығы 5 см, ал k симметрия осінен қашықтығы 3 см. ABCD тік төртбұрышының периметрін және ауданын табыңдар.

4





ABCD квадратын қабырғасын 4 см етіп сызып алып, оның D төбесіне қатысты симметриялы квадрат салыңдар.

7. Практикалық тапсырма

Тапсырма координаталық жазықтықта берілген нүктелерді белгілеу. Координаталық жазықтықта берілген А(0;7), В(–0,5;4,5),С(–1;6), D(-2;7), Е(-3;7), F(-5;6), G(-6;5), H(-6;3), J(-5;2), K(-3;2), L(-2;3), M(-2;4), N(-2.5;5), O(-3.5;5), P(-4;4.5), Q(-4;4), R(-3;4), S(-3.5;3), T(4.5;3), U(-5;3.5), V(-5;5), W(-3;6), X(-2;6), Y(-1;4), Z(-1;2), I(-3;1), A1(-5;1), B1(-7;0) нүктелерді белгілеп, нүктелерді қосатын сызықтар бізге «қошқар мүйіз» оюын береді Бұл нүктелер жиынтығы есеп бойынша координата жазықтығының ІІ ширегінде орналасады.


Сонымен, қазақ ұлттық ою-өрнегі өте күрделі де үйлесімді. Бір ғана оюдың түрінен тұтас бір өрнекті алғанда геометриялық симметрияны міндетті түрде пайдалантынын көрдік. Және де мектеп курсында «Координатағы нүктелер» тақырыбында кез келген оюды координаталық жазықтықта өте жиі нүктелермен белгілесе әдемі бір ою салуға болар еді. Бүгінгі таңдағы жасөспірімдердің ою салуға құштарлығы оянып, оюды күнделікті өмірде көруге дағдыланып, «қазақ» дегенде ою-өрнек қатар жүретін деңгейге жетер күн туар. Сөйтіп, ұмыт болып қалуға аз қалған қазақ ұлттық өнерін туындысын қайта жаңғыртар едік.

8. Тест тапсырмаларын орындау

1) Д


2) С

3)С


4) С

5) В


9. Үйге тапсырма

Практикалық тапсырмада орындалған қазақтың оюын қалған 3 ширекте орналастырып, 1 бүтін ою шығарыңдар.



10. Сабақты қорытындылау және бағалау.



Оқушылардың аты-жөні

Үй тапсырма-сының бағасы

Оқушы-ның өз-өзін бағалауы

Топ басшысы-ның бағасы

Мұғалім-нің бағасы

Жалпы баға

1



















2



















3



















4



















5



















6



















7



















8




















  • Қорытынды: Симметрия туралы айтылатын ой көп, әліде айтыла береді. Ол бұдан бірнеше ғасыр бұрын айтылған. Оған дәлел ұлы ойшыл Аристотельдің «Математика... тазалық көрсеткіші, нақты симметрия, ал бұл сұлулықтың ерекше түрлері», - деген тұжырымдамасы дәлел.

  • Сабақ аяқталды, сау болыңыздар, балалар.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет