6-сынып.«Қазақстан тарихы» пәнінен ІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары. ТЖБ Ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін ия/жоқ
кестесінде көрсетіңіз.
№
Мәлімет
Ия
Жоқ
1
1906 жылы Қарахан кесенесінің құлаған бөлігін қайта тұрғызуда Сайд Бакханов қаржыландырды
2
Қарахан кесенесі қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде орналасқан
3
Жезқазған қаласынан 40 шақырымдай жерде Кеңгір өзенінің жағасында Қарахан кесенесі орналасқан.
4
Бабаджа-Хатын кесенесінің текше тәрізді тік бұрышты, қызыл кірпіштен тұрғызылған ескерткіштің ауданы 6,8х6,8 м, биіктігі 5 м-ден астам; қабырғаларына қаланған кірпіштерінің көлемі 24х24х5 см. Қасбеті мен 2 қапталы бір-біріне ұқсас, мәнерлеп қаланған кірпіштен күн тәрізді өрнектержасалған.
5
Бабаджа-Хатын кесенесі Тараз қаласынан 18 км қашықтағы Айша бибі кесенесінің маңында орналасқан.
6
Айша-Бибі кесенесі құрылысын 1953 жылы қазақстан ғылым академиясы зерттеген.
7
Айша-Бибі кесенесіндегі бағаналарға парсы әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген
[7]
№
Ақпарат
Ақиқат
Жалған
1
«Жібек жолы» терминін неміс географы Фердинанд Рихтофен 1877 жылы енгізген.
2
Қытайлық саяхатшы Чжан Цяньның “Батысқа” саяхаты нәтижесінде, ҰЖЖ б.з.б. 2 ғ-да ашылды.
3
Ұлы Жібек жолының негізгі жолдары Сирия — Иран — Орта Азия — Оңт. Қазақстан — Талас даласы — Шу өңірі — Ыстықкөл маңайы — Шығыс Түркістан —Қытай болып тармақталды.
4
Ұлы Жібек жолы 2016 жылы ЮНЕСКО - ның әлемдік мұра тізіміне енгізілді.
5
Ұлы Жібек жолының қашықтығы
12 000 шақырымды құрады.
6
VII ғасырдағы Қытай жол көрсеткіш кітапшасында "Ақ өзендегі қала" - Сауран көрсетілген.
[6]
3. Ұлы Жібек жолы орта ғасырлық мемелекеттердің мәдениет, шаруашылық, сауда қатынастарына тигізген факторларды анықтаңыз.