Сократ «шынайы өмірде ізгілікке және ізгілікке тең санайтын жақсы мен жаманға үйретуге болмайды, оларды басқа, үздік әлем туралы естеліктерден ғана алуға болады» дейді



Дата14.10.2022
өлшемі16,33 Kb.
#153094
Байланысты:
Документ Microsoft Word-3


Сократ «шынайы өмірде ізгілікке және ізгілікке тең санайтын жақсы мен жаманға үйретуге болмайды, оларды басқа, үздік әлем туралы естеліктерден ғана алуға болады» дейді. Бұл ізгілік туралы жеке тезис ретінде емес, білім туралы жалпы тезис ретінде ұсынылады. «Менонда» еш уақытта геометрияны үйренбеген құл балаға тиісті сұрақтар қоя отырып, оның санасында негізгі геометриялық ақиқаттарды жаңғыртуға болады деп тұжырымдалады. «Федонда» көлемі бойынша бір-біріне азды-көпті ұқсас заттарды жиі көргенімізбен, біз еш уақытта бір-біріне абсолютті ұқсас заттар жұбын кездестірмейміз.
Сонымен қатар «Федонда» Платон Сократтың түрмедегі соңғы күндері туралы естеліктерді келтірген. Сократтың досы Критон оны қашып кетуге көндіре алмаған. Сократ өзіне берілген тәрбие мен ризашылықта өмір сүргені үшін өзі туған Афинаның заңдарына борыштар екенін, енді онымен келісімді бұзып, заңдарға қырын қарап, қаша алмайтынын айтып, ұсыныстан бас тартады. Делос атты қасиетті аралдан кеменің келуі өлім жазасын кейінге шегерудің аяқталғанын білдіреді, содан соң Сократ өлімге дайындала бастайды. Критон Сократтан оны жерлеуге қатысты қандай да бір үкімнің бар-жоғын сұрайды; оған жанды емес, тек тәнді жерлейтінін есте сақтау тапсырылады; ал жан болса, бақыт нұрына бөленген өлкеге аттанады. Соңғы рет жуынғаннан кейін, Сократ жақындарымен, отбасымен қоштасады, түрме бақылаушысымен әзілдеседі және ыдыстағы уды ішеді. Ол денесі бірте-бірте әлсіреп, алаңсыз тынышталған күйде бейнеленеді. Оның соңғы сөздері де тірі кезінде айтылғандарының көбісі сияқты жұмбаққа толы болды: «Критон, мен Асклепийге (емшілік құдайы) қораз қарызбын. Ұмыт қалмасын, беріңдер». Енді «ол сол сөздерді тура мағынасында айтты ма, әлде бұл оның өзінің мінезіне тән мысқылы ма?» ол жағы әлі күнге дейін белгісіз.
Сократ өлгенде, Платонның жасы отызға таяп қалған еді, ол 18 жыл бойы Сократтың шәкірті болды. Афиналық ақсүйектер отбасынан шыққан Платон, жасы толып, өзінің бауырлары Глаукон мен Адимант сияқты, Пелопоннес шайқасына қатысуға дайын еді. Оның екі ағайыны Критий пен Хармид атышулы Отыз тиранның екеуі болған, алайда Платонның өзі Афинаның саяси өміріне араласпаған еді. 40 жасында ол Сицилияға аттанып, билік етуші монарх I Дионисийдің күйеубаласы Дионның жақтасы болды, осы жолы ол пифагорлық философ Архитаспен танысады. Афинаға қайта оралған соң, ол өз үйінің артындағы жеке тоғайда философиялық қауымдастық академиясын құрды. Бұл жерде ойшылдар оның басшылығымен математика, астрономия, метафизика, этика жэне мистицизм салаларындағы қызығушылықтарын әңгімелеп, өзара сыр бөлісетін. 60 жасында сол кезде таққа отырған Дионның жиені II Дионисий Платонды тағы да Сицилияға шақырады. Алайда оның бұл жолғы сапары сәтсіз болады, себебі Дион мен Дионисий өзара араз болатын. Монархтың кеңесшісі ретінде үшінші мәрте келуі де нәтижесіз болды. Көңілі қалған Платон 360 жылы еліне оралды. Ол өзі сол бойында үйленбей, 347 жылы 80-ге қараған шағында Афинада әлдебір үйлену тойының үстінде алаңсыз күйде өмірден өтті.
Көне дәуір жазушылары Платонның өмірі туралы өрнектеп көп оқиға жазды, олардың аз ғана бөлігі сенуге тұрарлық. Платонның бізге дейін жеткен еңбектерінде жарты миллионға жуық сөз қамтылған. Әйтсе де еңбектердің кейбірі қолдан жасалған, Платонның көне дәуірдегі туындыларына жатқызылатын бүгінгі күнге дейін жеткен бірде-бір жазбаша жұмыс жоқ. Платон диалог түрінде жазуды таңдап, өзін ешқашан әңгімелесуші ретінде кірістірмегендіктен, оның кейіпкерлері дамытқан философиялық тезистердің қайсысын өзі ұстанғаны туралы айту қиын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет