61. Еңбек мотивациясы және іс әрекет
Еңбек мотивациясы – бұл жұмысшылар мен жұмысшылар тобын олардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы кәсіпорынның мақсаттарына қол жеткізу әрекетіне ынталандыру.
Мотив (ниет) – жұмысшының түрлі жағдайларда өзінің мінез-құлқын түсіндіру және негіздеу тәсілі.
Мотивтер мынадай еңбек жағдайларына байланысты:
мамандық немесе жұмыс орнын таңдау жағдайы;
белгілі бір мамандық бойынша нақты кәсіпорындағы күнделікті жұмыс дау-жанжал жағдайы;
жұмыс орнының өзгеруі немесе кәсіптің ауысуы жағдайлары;
еңбек әрекетішарттарының маңызды өзгерістерімен байланысқан инновациялық жағдай;
тағы басқа жағдайлар.
Еңбектің тәртібі ( жөн-жосығы ) мынадай мотивтерді сипаттайды:
қамтамасыз ету мотивтері – жұмысшының және оның отбасының жағдайының жақсы , жайлы болуы үшін қажетті материалдық жабдықтар жиынтығымен байланысты; материалдық қызығушылыққа негізделген, жалақыны бағытқа алған;
бейімділік мотиві – жұмысшының еңбек әрекеті процесіндегі ықтималды мүмкіндіктерін жүзеге асыруға ұмтылуы;
абырой мотиві – жұмысшылардың әлеуметтік мақсатын жүзеге асыруға , қоғамдық маңызды әрекеттерге қатысуға ұмтылуы.Іс-әрекет - әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін процесте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті.[1]
Іс-әрекет – адамның дүниемен қарым-қатынас тәсілі. Іс-әрекет барысында адам табиғатты, қоршаған айналаны игеріп, шығармашылық тұрғыда өзгертеді. Сөйтіп, өзін іскер, жасампаз субъект ретінде қалыптастырады, ал өзі игерген табиғи ортаны Іс-әрекет объектісі етеді. Адам іс-әрекет үстінде кез келген затқа жат пиғылмен қарамайды. Керісінше осы заттың табиғаты мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, игереді, сондай-ақ өз іскерлігінің өлшемі мен мәні етеді.
62.Жеке адамның эмоциясы мен сезімдері.
Сезімдер — өте күрделі психикалық процестердің 6ipi. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым- қатынасына байланысты сан алуан формаларда көршеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның ipi қоғамға байланысты, оның әрекеттi де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік, бұл eкеуінін мәнін бірдей деп ұғу, кейде кате түсністіктерге де соқтырады. Сезімдер мен эмоциялардың бipнешe сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететің осындай ерекшеліктерінің 6ipiн — қарама-қарсы, полярлық, сапалықтар деп атайды. Мәселен, сүйсіну, сүйсінбеу, көңілдену, қажу, шаттық, уайым т. б. осы секілді саналар өз ара eкi полюске ажырасып, бipiнe-бipi қарама-қарсы мағынада болады.Сезімдердің екінші ерекшелігі — олардың актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып бөлшушен көршеді. Адамға куш 6epin, әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалык, ал бұлардың баяу, солғын түрлерн астеник алық деп атайды. Бipiншісінe: жауапкершілік, жолдастық, достық, айттылық т. б. жатса, екшпнсше: уайым, енжарлық, көшлаздш т. б. сезімдер жатады. Бұл жерде мынадай 6ip жағдай есте болсын. Түрлі нактылы жағдайлардың ретше карай адамдарда бip сезімнің өзi бірде қуатты, бірде әлсіз болып керінуi мүмкін. Мәселен, қорқыныш ceзімi кейде 6ip адамның буынын босатып, пәрменсіз етсе, бірде қayiп-қатерге қарсы тұрғызатын, айбаттылыққа (күшті сезім) ауысуы мүмкін.Сезімдердің үшінші бip ерекшелігі— жігерлену және кернеуден боса ну немесе ш е ш i л уі. Бұл да сезімдердің қарама-қарсы сапаларының бipi. Мәселен, студенттердің емтиханнан eтyi, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі шешуші кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш-жігерін жұмылдырады. Осы кезең өткен соң басқа бip күйге түседі мұны кернеуден босану (шешілу) ceзімі дейді.
Шамадан тыс күшті тркенд1рпштер адамда көбінесе колайсыз эмоңиялар туғызады. Kici ұдайы қинала беретін болса, оның дщкеа құрып, береке кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс деген терминмен белгілейді. Стресс үш түрлi жағдайда байқалып отырады. Оның алғашқы көрінісін мазасыздану кезеңі дейді. Организмнін күштің тітіркендіргіштермен айқасқа түcyiн күш салу, немесе зорлану кезеңі деп атайды. Адам сырттан келетін әсерге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда т и т ы қ т а п, әрекет жасаудан қалады. Мұндай қолайсыз әсер нерв жүйесінің жұмысына да, дене күшіне де нұқсан келтіретіндіктен адам өзінің сыртқы ортамен байланысын үнемі қадағалап, реттеп отыруы қажет.Ceзімнін жоғарыда айтылған ерекшеліктерінің барлығы да нақтылы әрекет үстінде, кездесетін киыншылықтарды қарсы алу кезінде айқын көрініп отырады. Сезім адамның бүкіл өмірімен, оның жеке басының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Адамның әр түрлі эмоциялары мен сезімдері оның кажеті мен кызығу ерекшеліктеріне, дүниеге көзқарасы мен сезіміне, мінез-құлқы мен білім көлеміне, санасы мен epiк сапаларына байланысты қалыптасып отырады.Эмоциялардыбірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бip тобы жағымды не ұнамды эмоциял а р деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның iшкi өмірінін шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының 6ipi болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл коштық т. б. осындай Эмоциялардың енді бip тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінеді. Бұлар — белсенді әрекетке азды-көпті нұқсан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоңияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену т. б. жатады. Осы айтылғандармен қатар, қарапайым және күрделі эмоциялар болып та бөлінеді. Қарапайым эмоциялар адамның органикалық қажеттерінің өтелу-өтелмеуіне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі түрлеріне; көңіл, аффект, құмарлық эмоциялары кіредi.
63.Жеке тұлғаның сапалық сипаттамалары
Жеке тұлға –әлеуметтік жағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар;
белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам. Ұлттық психика мен жеке адамның психикасының арақатысы диалектикалық ұқсастықпен жекеліктің айырмашылығымен сәйкес келеді. Жалпылық (ұлттық) және жекешелік (өзіндік) жеке адамның психологиялық кейпінде бірлікте болады. Бірақ олардың ара қатысы әр адамда әртүрлі. Жеке адамның қатынас кеңістігі неғұрлым кең болса, өмірдің барлық жағымен оның байланысы және қарым-қатынасы да әртүрлі болады ішкі дүниетанымы да бай және жеке адамның өз ұлтына тән әлеуметтік сапасы да жоғары болады.
Жеке тұлға белгілі бір тәртіппен экономикалық қызметке қатысушы және толық құқықты қызмет субъектісі ретінде әрекет етуші адам. Жеке тұлға өз атынан әрекет етеді және ұжымдық құрылым болып табылатын заңды тұлға сияқты фирма құруға мұқтаж емес. Сондай-ақ ол құқық қатынастарына қатысушы адамды (азаматты) білдіретін термин ретінде де қолданылады. Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола бастайтынын “Он үште отау иесі” деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады.[2]
Тұлғааралық қатынас
Тұлғааралық қатынас — этнопсихологияда әрбір тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрлерге байланысты әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері және т.б. Тұлғааралық қатынас әрбір халық пен ұлттың этностық қарым-қатынас ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мысалы, қарым-қатынастың абысын-ажын арасындағы сақина-жүзік, білезік алмасу; ер-азаматтар арасында ер-тоқым алмасу; сауға тарту, сәлемдеме жолдау және т.б. түрлері болған. Сол сияқты, ізет, құрмет, сыйластық сезімдері де адамдар арасындағы қатынастың бір түрі болып саналады.
Тұлғалық белгілер
Тұлғалық белгілер — адамның даралық ерекшеліктерін көрсететін, психологиялық және физиологиялық элементтерін және оның ойлауы мен қылығын сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын психофизиологиялық жүйе. Тұлғалық белгілер теориясы — негізінде "тұлғаның ерекшелік белгілері" деген ғылыми анықталған терминді қарастыратын тұлға теориясы. Тұлға қасиетінің теориясы тұлға дамуының құрылымын, шығу тегін, қалыптасуын қарастырады.
Тұлғаның бағыттылығы
Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы. Тұлғаның бағыттылығы оның мүлделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және бұлар арқылы адамның дүниетанымы білінеді. Тұлғаның дамуы — білім беру міндеттері тұрғысынан екі мағынаға ие: 1) тұлғаны қоғамдық өмірдің әр түрлі саласына жауапкершілікпен қатысуға тәрбиелейді; 2) жеке адамның жан-жақты үйлесімді дамуы, зияты, ақыл-ойы, еркі, сезімі мен оңтайлы логикалық-эмоциялық-психологиялық сапалары мен көзқарастары.
64. Эмоцияның адам денсаулығына әсері
Әлемде қанша адам болса, сонша пікір, сонша әртүрлілік бар дейміз. Дегенмен біз бір-бірімізден айырмашылығымыз көп болғанымен, эмоцияларымыз бірдей. Қорқу, ашулану, жек көру, таңғалу, мұңаю, жиіркену, шаттану, марқаю... Осы маңызды эмоциялар өзгеру арқылы әртүрлі күйге енедіЭмоцияның туу механизмі соншалықты күрделі, оны зерттеп, әлі күнге түбіне жетпеді. Әртүрлі өмірлік жағдайлардың байланысы секілді эмоциялық жай-күй де белгілі бір гормондар бөлініп шығуына әсер етеді. Бір нәрсе ғана белгілі: адам әр күн сайын өзін жарып өтетін негативке қаншалықты көп орын берсе, денінің саулығы да соншалықты нашарлай береді.Жүйке жүйесінің жұмысында шектен тыс ашулану, тітіркену, жирену, күйзеліс және үнемі режим бұзылуы иммунитет әлсіреуіне әкеп соғады. Дене құырылысымызда барлығы бір-бірімен тығыз байланысты екенін естен шығармауымыз қажет, ағзаның бір мүшесі дұрыс жұмыс істемесе, басқа барлық ағза істен шығуына сеп болуы мүмкін.Өмір сүру – сезіну, адам эмоциядан ешқайда қашып құтыла алмайды. Ол өмірді түрлі реңге бояп, оны түсінуге көмектеседі. Денсаулығымыз қалыпты болуы үшін қолымыздан келері – негативті ойлар мен нашар көңіл күйлерді қоқысқа тастап, тек позитивпен өмір сүру.
Бұл тек тілге ғана жеңіл, іске қиын көрінуі мүмкін. Бірақ қиындықты да жеңудің жолы көп, оған әркім әртүрлі жетеді, әрқайсысы өзіне ыңғайлы әдісті таңдайды. Барлығы ойдағыдай орындалғанда әрі сенім ақталғанда, ағза өзін өзі мадақтайды, осыдан позитивті эмоция туады.
Егер жоспарымызды уақытылы орындасақ, одан автоматты түрде ләззат табамыз. Керісінше, ойымызды жүзеге асыра алмасақ, қынжылып, қырсыққа шалдыққандай боламыз. Өзіңізге оңтайлы эмоция санаңызда салтанат құруы тек өзіңіздің қолыңызда!
65. Әлеуметтік топтардың жіктеуді
Әлеуметтік топтардың жіктелуі
Үлкен топтар – адамдардың тұлғааралық және әлеуметтік тығыз байланыстарын талап етпейтін шағын топқа қарағанда, мемлекет көлемінде өмір сүретін қауымдастық.
Үлкен топтарда әлеуметтік мінез – құлық нормалары, қоғамдық және мәдени құндылықтар, дәстүрлер, қоғамдық пікір мен жаппай көңіл күй қалыптасада. Үлкен топтарға жататындар: таптар, қалың бұқара топтары, этностар (ұлт, жұрт), жас ерекшелік топтар, діни конфециялар, партия мен қоғамдық ұйымдар, т.б.
Орта топтар – бұл мекемелер ұйымдар, әскери бөлімдер мен құрамалар, тереториялық қауымдастықтар (бір қаланың, ауданның тұрғындары).
Шағын топтар – іс әрекет мақсаты ортақ құрамындағы адамдар саны шектеулі және тікелей тұлғалық байланыста бірлескен. Соның негізінде топтық тұтастығы туындаған адамдар тобы. Шағын топқа жататындар: отбасы, әскери шағын бөлімшелер, көршілер қауымдастығы, достар компаниясы, т.б.
Микротоптар – шағын топтардың ішіндегі формалды емес топтар.
Ұйымдасқан топтар – ішкі себептермен пайда болған (спонтандық) және өзінің ішіндегі қатаң және билеп-төстейтін коммуникативті қатынастары бар топтар.
Ұйымдаспаған топтар – ішкі себептермен пайда болған (спондандық) және өзінің ішіндегі қатаң емес және билеп-төстемейтін коммуникативтік қатынастары бар.
Формалды емес (ресми емес) топтар – тұлғалық таңдаулар мен қызығушылықтар негізінде қалыптасқан.
Ресми топтарға құрылымы сырттан, ресми түрде берілген топтар жатады. Ресми топтар алдын ала қоғамның белгіленген мақсаттарымен, ережелерімен, нұсқауларымен, жарлығымен сәйкес қызмет етеді.
Әлсіз дамыған топтар – белгілі бір топтардың өмір тіршілігінің бастапқы кезеңіндегі формасы
Жоғары дамыған топтар – жалпы мақсаттары мен қызығушылықтары бұрыннан қалыптасқан, қарым-қатынастары жоғары даму жүйесінде ұйымшылдығымен жоғары деңгейде ерекшеленетін топ. Әдетте жоғары дамыған топтарға ұжым жатады.
Референттік топтардың қызығушылықтарын, тұлғалық құндылықтарын және бағалауларын бағдарға ала отырып, үлгі тұтады.
Референттік емес топтарға адамдар оның мүшесі болып нақты түрде кіреді.
Реалды топтар – бұл адамдардың іс-әрекеттері мен күнделікті өмірлері бірге өтетін топтар
Шартты топтар – бір жалпы, мысалы, жас, жыныс, т.б. белгілерімен біріккен топтар.
Бастапқы топтар – адамдардың қоғамдағы тікелей алғашқы қарым-қатынасымен өзара әрекеттес болатын топтар.
Екінші айтара топтар – олардың барлық мүшелерімен байланыстары жоқ және топ басшылығының жетекшілігімен өзара қатынастары туындайтын топтар. Мысалы, мектеп ұжымы нақты сынып ұжымына қарағанда екіншілік топ болып табылады.
66. Қоғамдық және ұжымдық өмірдегі қақтығыс орны
Ғылыми-әдістемелік, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде ғылыми халықаралық термин – конфликт қазақ тілінде қақтығыс, егесу, керісу, жанжал, дау-жанжал, тартыс деген мағыналарда жиі қолданылады. Бұл аталған ұғым, түсініктер оқушыларға білім беру, оқыту, үйрету барысында, оларды тұлға ретінде қалыптастыруда, олардың мәдени қарым-қатынасында, мінез-құлқында жиі көрініс табатыны белгілі.
Оқушылардың даму процесінде, олардың жас және жеке педагог-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты, олар арасындағы қақтығыс және оның басқа түрлерінің келіп шығуы, пайда болуы табиғи нәрсе екендігін де ұнытпаған жөн.
Қақтығыс, конфликт адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясының негізгі бір компоненті болғандықтан сол ұнамсыз қатынастың келіп шығу себептері, факторлары, жағдайлары, оның түрлері, технологиясы мен механизмі, көріністері, дамуы немесе тежелуі, оларды болдырмау немесе шешімін табу жолдары сияқты мәселелерге жан-жақты тоқталамыз. Мамандық саламызға сай тұлғааралық қақтығыстар мәселесі терең де жан-жақты қамтылады.
Психолог-ғалымдар тұлғааралық қақтығысқа мынадай анықтамалар береді:
«Екі күшті, бірақ қарама-қарсы бағыттағы пікір-көзқарастың қақтығысуы, тартысы» (А. Лурия);
«Тұлғаның терең және өзекті себеп (мотив) және қатынастардан қанағаттанбау нәтижесі» (В. Мерлин);
«Санада ерекше құндылықтар ретінде қалыптасқан екі ішкі сезім-түсініктің тоқтығысуы» (Ф. Василюк және т.б.);
Сонымен, қорыта айтқанда, тұлғааралық қақтығыс дегеніміз – «Адамның ішкі сезім дүниесінің ұзақ созылған арпалысынан, күресінен пайда болған, тұрмыстық ортаның қайшылықтарын аңғартатын, шешімі әлі табылмаған тұлғаның уайым, ренжуі» (А. Я. Анцунов, С. Б. Баклановский «Конфликтология» Питер, 2007, 127 бет)
Субъекттердің өзара әрекетіне қарай отбасындағы қақтығыстар былайша бөлінеді: ерлі-зайыптылар арасындағы, ата-аналар мен балалар, ерлі-зайыптылар мен олардың ата-аналары, әкелер (аталар) мен немерелер арасындағы қақтығыстар (бұл туралы жан-жақты осы тақырыпты өткенде беріледі).
Басшылар мен оған бағынушылар арасындағы өзара қарым-қатынас ғылымда да, практикада да өзекті мәселе. Мұнда басқарудың стилі, басшының абыройы, сый-құрметі, ұжымда социал-психологиялық жағдай-климат жасау мәселелері үлкен мәнге ие.
Басшы мен бағынушы арасындағы қақтығыс себептері объектив және субъектив түрде кездеседі.
Объектив себептер:
Қатынастың субординациялық характері функциональды және тұлғалық қатынас арасындағы қарама-қайшылық әрқашан да қақтығыс тудырады;
«Адам-адам» жүйесіндегі қызмет те табиғатында қақтығыссыз емес;
«Тікелей басшы-бағынушы» арасында әрқашан да қақтығыс бар;
Борыш, құқық пен міндет тең болуы қажет;
Басшының сезім және профессиональдық жағдайда бейімделгенінің күрделілігі және т.б.
Субъектив себептер:
Басқарушыға тән себептер: дұрыс басқара алмау, мамандықтың төмендігі, еңбек стимулын ұйымдастыра алмау т.б;
Тұлғалық себептер: қатынас жасау мәдениеті төмендігі, өз міндетін шын ықыласпен орындамау, бастыққа жағымпаздану, жеке психологиялық ерекшеліктері және бастық пен бағынушылар келіспеушілігі (қарсы келу, эмоциялық тұрақсыздық, күйіп-пісу, өзін жоғары ұстау, кейбір мінез-құлыптарының ұнамсыздығы және т.б.);
Қақтығыстың тұлғалық себептері, олардың жеке психологиялық ерекшеліктерімен байланысты (екі тұлға арасындағы) .
Ол себептер төмендегідей:
Өзгенің мінез-құлқын, қимыл-әрекетін төзімсіз деп бағалау;
Социал-психологиялық қабілет-мүмкіндіктерінің төмен деңгейде болуы;
Психологиялық тұрақтылықтың жетіспеуі;
Басқаларды сыйлау, құрметтеу қабілетінің жетіспеуі (эмпатияның нашар дамуы);
Өзін өзгеден жоғары деңгейде санау, есептеу, сынақ нәтижесінде өзгелерді жоғары кемсіту, кекету, жоғары талаптар қою;
Темпераменттің холерик типі қасиеттерінің болуы және т.б.
67. Жеке тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі
Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптасытру мектеп кезінен бастау алады. Нақтырақ айтқанда, бәсекекге қабілетті маман даярлау білікті ұстаздардың қолында. Балаларын сеніп, күнделікті таңертең мектеп табалдырығына әкелген әбір ата-ана баласының болашағынан зор сеніммен үлкен үміт күтеді. Тек қана ата-ана емес, тегін білім беріп, қажеттілікті қамтамасыз етіп отырған Қазақстан Республикасының үкіметі де елді өркендетіп,дамытатын арнайы мамандарды күтеді. Жай ғана бастауыш білім беріп қана қоймай, елдің ертеңін дамытамын, әрмен қарай білім аламын деген адамға орта және жоғарғы білім беру орындары ашылған, түрлі жағдайлар жасалған. Атап айтқанда, арнайы қабілеттілігі бар оқушыларға, интелектуалдақ дамыған студентерге арнайы гранттар бөлінген мейлі ол мемлекет ішілік, мейлі ол мемлекет аралық болсын алысты жақын елдерде арнайы тегін білім алуға мүмкіндік жасалған.Балаға мектеп және университет желісінде ғана белгілі бағыт беріп қана қою бізге біліктілігі жоғары маман даярдап бермейді. Кез келген білімді бергенде баланың мүмкіндік деңгейін ескеріп, кез келген іс әрекетті оңтайлы тәсілмен шешуге, сонымен қатар,жылдам әрі дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу педагогтардың қолында. Әр адамның мүмкіндігі өте көп,өзін дамытамын деген, өзінің қабілеттілігін дәлелдейтін кез келген адамның дамуының қозғаушы күші мен оның көзі – тұлғаның сол кезге дейінгі жинақталған интеллектуалдық, адамгершілік және рухани потенциалын пайдалана отырып, өзін - өзі жетілдіру мен жеке дамуға бағытталған қажеттілігі болып табылады.Міне, осы қасиеттерді игере алатын адам- жеке тұлға болуға нық сеніммен қадам басқан адам. Мен әрбір жеке тұлғаны бәсекеге қабілетті деп айта аламын. Неге? Кез келген адам жеке тұлға бола алмайды, әрбір ересек адамды жеке тұлға деп айта алмаймыз.Ересек адамды жеке тұлға деп ойласақ біз қатты қателесеміз. Кей ересек адамда кішкентай баланың бойынан табылатын жауапкершілік пен ақыл, ес, яғни өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейімділік болмайды. Сонымен,бәсекеге қабілетті адамды жеке тұлғамен теңестурдік.
Ал, жеке тұлға дегеніміз кім, ол қандай болуы керек, бойынан табылатын қаситеттер қандай?
Жеке тұлға дегеніміз белгілі бір жоғарғы дәрежедегі сананың иесі, еңбек етуге және танымдық әрекетке қабілетті тіршілік иесі ретіндегі адам. Жеке тұлға- қоғамдық өмірдегі күрделі, көп жақты құбылыс, қоғамдық қатынастар жүйесінің бір бөлігі. Психология ғылымында жеке тұлға деп белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортамен өзіндік қатынасын түсінетін, психологиялық ерекшеліктері бар нақты бір қоғамның, ұлттың, ұжымның өкілін атайды. Жеке тұлға- қоғамдық мәні бар адам. Кез келген адам өмірге индивид болып келіп, тек қоғамдық және еңбек іс-әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады.. Осы тұста болашақ биолог маманы ретінде «индивид» терминіне анықтама беріп кетейін. Индивид деген ұғым адамды адамзат тұқымының жеке бір өкілі ретінде, биологиялық тіршілік иесі ретінде қарастырғанда қолданылады. Индивид- жекелік, яғни көп адамдардың бірі. Индивид деген терминді қолданғанда адамның жеке қасиеттері ескерілмейді. Индивид деп жаңа туған баланы да, қарт адамды да атауға болады. Себебі, олардың барлығы адамзат тұқымының өкілдері. Ұққандарыңыздай, “ жеке тұлға” мен “индивид” терминің айырмашылығы кез келегн адамның жеке тұлға бола алмауында. Адам жеке тұлға болып тумайды, бірақ жеке тұлғаға айналады. Жеке тұлғаның қалыптасу процесі филогенезде де, онтогенезде де әлеуметтік процесс. Жеке тұлға жеміс қана емес, сонымен бірге қоғамдық қатынастардың субъектісі. Ғалымдардың жеке тұлғаның қалыптасуында биологиялық (тұқым қуалаушылық) және әлеуметтік факторлардың (орта, тәрбие), сонымен қатар іс-әрекет пен қарым-қатынастың орны ерекше деген қорытындысы еш дау туғызбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |