7- сынып. «Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Қонақтар»



Дата14.05.2024
өлшемі17,64 Kb.
#202207
Байланысты:
7 сынып тжб 4 тоқсан әдебиет


7- сынып. «Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау
тапсырмалары
1. «Қонақтар» шығармасындағы Сапабектің дүйім жұртқа мақтанып сапар шеккен қалаларына тән емес қатар
А) Будапет
В) Италия
С) Көкшетау
D) Лондон
E) Марокко [1]
2. «Нарынқұм зауалы» шығармасындағы әке шешімі қандай?
Қараладың қасиеті мекенді,
Жараладың тұрмастай ғып әкеңді.
Мына жолмен өткен жұрттың аузынан
Махамбеттің жырын тыңдап жат енді
А) Әке асқар - тау
В) Әке балаға сыншы
С) Әкеге баланың алалығы жоқ
D) Әкеден безген ұл болмас
E) Әке көрген оқ жонар [1]
3. Қалаға асығыс аттанған Сапабек не ұсынды?
А) Бірнеше күн қонақ болуын.
В) Біраз жинаған ақшаларын.
С) Дәрігерге қаралуын.
D) Жеңісті қолдарына қалдыру.
Е) Қалаға көшіп келуін. [1]
4. М. Темірбектің «Тәуелсізбін» өлеңіне тән емес кілт сөз қатары.
А) Азаттық
В) Бостандық
С) Достық
D) Тәуелсіз
E) Теңдік [1]
5. Өлеңдегі көркемдегіш құрал түрін анықтаңыз
Ескерткіш орнаттым мен қолдан келмес,
Ел ізі оған салған суи білмес.
Асқақтап Александр мұнарасынан
Жоғары оқшау шығып тұрар дербес.
А) аллитерация
В) анафора
С) эпифора
D) ассонанс
Е) ауыстыру [1]
6. «Қонақтар» шығармасына тән емес кейіпкер
А) Жеңісбек
В) Ерғабыл
С) Сапабек
D) Сапар
E) Тома [1]
7. «Мен сенемiн, күнi ертең
Пенделiктен тазарар деп ұлы өлкем.
Жә, қашанғы баққа зорлық мiнгеспек
Сенем, ертең оттыға отсыз күлмес деп.
Тек тұлпарлар ғана алатын бас бәйге
Есектердiң мойынында жүрмес», - деп өлең шумағына тән тірек сөздер.
А) Бақ, сенім, жылқы
В) Ертең, бәйге, есек
С) Күн, зорлық, тұлпар
D) От, өлке, бақ
E) Пенделік, өлке, түйе [1]
8. «Қонақтар» әңгімесінің тақырыбы
А) Адамгершілік мәселесі.
В) Ауыл тұрмысы.
С) Қала тіршілігі
D) Қонақ күту әдебі.
Е) Ата-ана парызы. [1]
9. Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңіне тән емес қатар.
А) Александр мұнарасынан да биік.
В) Адам қолынан келмейтін ескерткіш орнаттым.
С) Еуропаның түкпір-түкпіріне жетеді.
D) Жаным өлмейді, тәнім де шірімейді.
Е) Халқым мені әр күні ардақтап есіне алады. [1]
10. Әңгімеде ұлына Ерғабылдың көңілі неге толмады? Шығармадан нақты мысалдар келтіре отырып, өз көзқарасыңды дәлелдеп жаз. (5-6 сөйлем). [1]
11. «Ескерткіш» өлеңінде Пушкиннің салған ескерткіші Александр мұнарасынан неге асқақ? Ойыңызды таратып, дәлелді жаз(3-4 сөйлем). [1]
12. «Туған елiм, Құдiретiмсiң аңсаған
Алдан жарқын Күн шыққаным
Кескiнiңдi көрмейiншi шаршаған
Пасық ойлар тұншыққанын
Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша
Жер астынан қарап жатар мен саған»,- деген жолдардағы көркемдегіш тәсілдің қолданысын түсіндіріп беріңіз (3-4 сөйлем). [1]
13. Әңгіме неліктен «Қонақтар» аталды? Кім қонақ? Шығармадан нақты мысалдар келтіре отырып, өз көзқарасыңды дәлелдеп жаз(5-6 сөйлем). [1]
14. «...Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша
Жер астынан қарап жатам мен саған...» Өлең жолдары арқылы Махамбет арманын өз ұғымдарыңызбен пайымдап, баға беріңіздер. Поэмадан дәлелдеме келтіріңіз (5-6 сөйлем). [1]
15. «Қонақтар» шығармасында қарттардың баласын күтуі, оған деген сағынышы қалай суреттелген? Әңгімеден нақты мысалдар келтіре отырып жазыңыздар (5-6 сөйлем). [1]
18. М. Шахановтың «Нарынқұм зауалы» шығармасындағы Махамбеттің соңғы монологі арқылы шағын сыни шолу жазыңыз. [5]

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет