7-бөлім Ойын арқылы дағдыларды жақсарту



Дата22.05.2020
өлшемі166,08 Kb.
#70465
түріСабақ
Байланысты:
2 нұсқа. Қауіпсіздік ережесі. Допқа ие болу әдісінің негізгі элементтерін дамыту. Презентация №83 сабақ (1)

7-бөлім Ойын арқылы дағдыларды жақсарту

Оқу мақсаты:

6.1.1.1 Аздаған ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты дағдыларын қолдану


Сабақтың тақырыбы:

Қауіпсіздік ережесі. Допқа ие болу әдісінің негізгі элементтерін дамыту.


Сабақтың мақсаттары: Аздаған ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты дағдыларын қолдануды үйрету.

Бағалау критерийлері :

Аздаған ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолдана біледі.

Тілдік мақсаттар Командалық ойындарда өзінің дағдысымен түсініктерін талқылай және көрсете алады. Мыналарды қамтиды: • қауіпсіздік ережесі, жарақат, қауіптің алдын алу • пас, допты беру Талқылауға арналған сұрақтар: • Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? • Футбол сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? • Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? • Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Құндылықтарды дарыту: «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.


Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.


АКТ қолдану дағдылары: Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.


Алдын ала білімі:

Білім алушылар төмендегі сыныптарда және сабақтан тыс уақытта топтық ойындарда алған білімдері мен қабілеттерін және дағдыларын меңгерген.



(С, ҚБ) Тапсырма

А) 1. Әртүрлі кедергілерден өтіп допты алып жүру:

А) Таяқшалардың арасынан жүгіріп өтіп, допты әріптесінен алып қақпаға соғу;

Ә) Арнайы шеңберлерден әртүрлі тәсілмен басып өтіп допты қақпаға енгізу;

Б) Допты әртүрлі кедергілерден айналып өтіп, қақпашыны әртүрлі тәсілдермен алдап допты қақпаға енгізу.

Осы тапсырманың дескрипторлары: - Футбол сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі; - Жаттығуларды орындау кезіндегі үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолданады. Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Футбол сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?


(С, ҚБ) Тапсырма

«Допты аяқпен беру». Оқушылар 5-6 адамнан құралған екі топқа бөлінеді. Әр топ созылған қолдың немесе одан да ұзын қашықтықта шеңбер құра орналасады. Екі шеңбер пайда болады. Шеңбердегі ойыншылар нөмірлер бойынша саналады. Бірінші нөмірлі ойыншылар өз шеңберлерінің ортасына тұрып, алдарына доп қояды. Шеңберде тұрған ойыншылар өз орындарын сызықпен не дөңгелек түрінде белгілей алады. Ортақ белгі бойынша, ортадағы ойыншылар допты аяқтарымен екінші нөмірлі ойыншыларға береді, ал олар допты қабылдап, үшінші нөмірлерге тапсырады. Үшінші нөмірлі ойыншылар пас алғаннан кейін, допты келесі нөмірлерге береді, ойын осындай қалыпта жалғасады.


Осы тапсырманың дескрипторлары: - Футбол сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі; - Жаттығуларды орындау кезіндегі үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолданады. Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Футбол сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді. Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Рефлексия Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік. Футбол доптары, фишкалар, конустар, рефлексия парақшалары. Қауіпсіздік ережесіне сілтеме: https://gigabaza.ru/doc/105337.html Ғаламтор ресурстарына сілтеме: Қозғалмалы ойындар. https://summercamp.ru/%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D0%B2%D0%B8%D0%B6%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D1%81_%D0%BC%D1%8F%D1%87%D0%BE%D0%BC Допты беру техникасы интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=gXC95dD5cGY&t=2s Футболдағы техника: https://www.youtube.com/watch?v=fIlXKvjAhcU


Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет