7-тапсырма: ұсынылған тапсырмаларды орындаңыз және тапсырмалардың сипаттамасын құрастырыңыз.
СОУС
Сіз салатқа өзіңіздің тұздығыңызды дайындап жатырсыз. 100 миллилитрге (мл) есептелген тұздық рецепті :
-
Салат майы:
|
60 мл
|
Сірке суы:
|
30 мл
|
Соя тұздығы:
|
10 мл
|
Осы рецепт бойынша 150 миллилитр (мл ) тұздықты дайындау үшін салат майынан қанша мл қажет болады?
Шешуі: Пропорция арқылы шешеміз: х мл – 150мл тұздықты дайындау үшін қажет салат майы
100мл – 60 мл
150мл – х мл
Х=150*60/100=90 мл
Жауабы: 90мл
Көк тамырға тамшылатып кұю пациенттерге сұйықтық пен дәрі енгізу үшін қолданылады.
Көк тамырға тамшылатып құю үшін медбикелер тамшының минутына таму жылдамдығын (D), есептеуі қажет.
k – миллилитр (мл) тамшымен өлшенетін «бірлік көлеміндегі тамшылар санының» көрсеткіші ,
V – құю көлемі (мл),
n – құюды қажет ететін уақыт (сағат саны).
Достарыңызбен бөлісу: |