№7 тест. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік



Дата02.03.2023
өлшемі52 Kb.
#170798
түріҚұрамы
Байланысты:
Тест Математика 6 сынып


6 сынып
№ 7 тест. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік
1-нұсқа
1. Санды теңсіздік дегеніміз...
А) құрамында сандар бар теңсіздік;
В) > немесе < таңбалары бар өрнек;
С) құрамында >, <, ≥, ≤ таңбалары бар өрнек;
D) сол жақ бөлігінде бір айнымалысы бар және оң жақ бөлігінде 0 бар теңсіздік.

2. Координаталық түзуде көрсетілген аралықты теңсіздік түрінде жаз:



А) х > 7; В) х ≤ 7; С) х < 7; D) х ≥ 7.

3. Егер а > b болса, онда...


А) а мен b – айырмасы теріс сан; В) а мен b 0-ге тең; С) а мен b – айырмасы оң сан.

4. Қайсы сан -2 < x < 8 теңсіздігінің шешімі болады?


А) -9; В) -2,5; С) -1,8; D) 9.

5. Координаталық түзуде көрсетілген аралықты қос теңсіздік түрінде жаз:





А) 10 ≤ х < 12; В) 10 < х ≤ 12; С) 10 < х < 12; D) 16 < x < 12.

6. х ≥ -3 теңсіздігінің шешімін таңдап ал:



А)

С)

В)

D)

7. Егер -4а > -4b болса, онда


А) а > b; B) a < b; C) ab; D) ab.

8. Теңсіздікті мүшелеп көбейт:


у + 3 < 10 және 15 < у.
А) у + 18 < 10 + у; В) у – 12 < 10 – у; С) 15у + 45 < 10у; D) 2у + 3у < 150.

9. x < 4, x < 0, x -4 теңсіздіктердің ортақ шешімін тап.
А) x < -4; В) x -4; С) x < 4; D) x < 0.

10. Теңсіздікті шеш: 7 – 5(3,2 – 0,01у) ≥ 3 + 0,2у.


А) у ≥ -80; В) у ≥ 80; С) у ≤ -80; D) у ≤ 80.
6 сынып
№ 7 тест. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік
2-нұсқа
1. Теңсіздік таңбасы өзгереді, егер:
А) теңсіздіктің оң жақ және сол жақ бөліктерінің орындарын ауыстырса;
В) санды оң жағынан сол жағына көшірсе;
С) санды сол жағынан оң жағына көшірсе;
D) теңсіздіктің кез келген өзгерісінде.

2. Егер а < b болса, онда...


А) а мен b-нің айырмасы оң сан; В) а мен b – айырмасы теріс сан;
С) а мен b 0-ге тең; D) а мен b-нің айырмасы болмайды.

3. Координаталық түзуде көрсетілген аралықты теңсіздік түрінде жаз:



А) х > -3; В) х ≥ -3; С) х < -3; D) х ≤ -3.

4. Қай сан -10 < x < 14 теңсіздігінің шешімі болады?


А) -20; В) 47; С) 0,1; D) -14,3.

5. Координаталық түзуде көрсетілген аралықты қос теңсіздік түрінде жаз:





А) -6 < х < 9; В) 6 ≤ х < 9; С) -6 ≤ x ≤ 9; D) -6 < х ≤ 9.

6. х < 5 теңсіздігінің шешімін таңдап ал:



А)

С)

В)

D)

7. а-ның қандай мәндерінде ах > 30 теңсіздігінің шешімі х < -6 болады?


А) 5; B) -5; C) кез келген сан; D) 0.

8. Теңсіздікті мүшелеп қос:


4 + у > y + 1 және у < 11.
А) у – 7 < 11; В) у – 7 > 11; С) 2у + 1 > у + 15; D) у + 15 > 2y + 1.

9. Теңсіздіктердің ортақ шешімін тап: у > 2 , y ≥ -9, y > 0
А) y > 0; В) y -9; С) y > 2; D) y ≥ 2.

10. Теңсіздікті шеш: 1 – 1,7х – 3(0,9 + 2) < 127.


А) х < -30; В) х ≤ -30; С) х > -30; D) х ≥ 80.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет