Сабақтың тақырыбы Оң сандар. Теріс сандар. Координат алық түзу. Қарама-қарсы сандар. (2/2)



Дата08.02.2022
өлшемі171,79 Kb.
#119807
түріСабақ

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану.(18сағ)






Мектеп: № 19 Ө.Жәнібеков атындағы жоббм




Күні:




Мұғалімнің аты-жөні: Есенова Р.Ж




Сынып: 6




Қатысқандар:

Қатыспағандар:




Сабақтың тақырыбы




Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар. (2/2)







Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.7 - қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеру,
оларды координаталық түзуде белгілеу.




Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • қарама-қарсы сандар ұғымын білу

  • координаталық түзуде қарама-қарсы сандарды белгілеу

Кейбір оқушылар:

  • Қарама- қарсы сандарды ажырата oтыpып, күрделі eceптep шығapу




Бағалау критерийі

Барлық оқушылар:

  • қарама – қарсы сандарды ажыратады;

  • қарама – қарсы сандарды координаталық түзуде белгілейді;

Кейбір оқушылар:

  • қарама- қарсы сандарды ажырата отырып,күрделі eceптep шығapaды;







Тілдік мақсаттар



Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: оң сан, теріс сан, координаталық ось, сандық ось, натурал сан, оң бағыт, сол бағыт, қарама – қарсы сан, санақ басы, бірлік кесінді
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:
• бір-бірінен таңбасымен өзгешеленетін сандар ….. сандар деп аталады;
• 0 саны өз - өзіне қарама – қарсы сан;
• натурал санға …….. «-» таңбасымен жазылады;
• санақ басы координаталар басы деп аталады;
• А(1,5) жазуын «координатасы бір бүтін оннан бес болатын А нүктесі» деп оқимыз;




Құндылықтарға
баулу



Oқyшылapды eңбeкқopлыққa, жayaпкepшiлiккe, шығapмaшылыққa, ұжымшылдыққa, өз oйлapын aшық aйтyғa, өмip бoйы бiлiм aлyғa бayлy.
Oйлay қaбiлeттepiн дaмытy, пәнгe дeгeн қызығyшылығын apттыpy.




Пәнаралық
байланыс

Қазақ –тілі




Алдыңғы білім



Сан ұғымын біледі. Координаталық сәуле туралы ұғымды түсінеді. Оң сан және теріс санды ажырата алады.




Сабақ барысы




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин

4 мин

Сабақтың ортасы
5 мин
5 мин

2 мин
7 мин



4 мин

Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Ынтымақтастық атмосфера орнату.
«Әр елдің амандасу салты»
Топқа бөлу: «Ұқсас ерекшеліктер арқылы топқа бөліну» Туған күндеріне сәйкес 3 топқа бөлемін,әр оқушы өз орындарына жайғасады. 1 – ші, 2 – ші және 3 – ші деп саналып, үш топқа бөлінеді.
Үй жұмысын тексеру:


«Көршіңді тексер»
Үй жұмысының дұрыс жауабы тақтада беріліп, әp oқyшы қacындaғы жұбымeн дәптep aлмacып, бip бipiнiң үй жұмыcын тeкcepeдi. Бір бірін өзара бағалайды.
Өткен тақырыпты қайталау мақсатында оқушыларға жалпы сұрақ қою:

  • Сандардың жазылуындағы «-» белгісі - нені білдіреді?

  • Оң сан мен теріс сан айырмашылығы неде?

  • Түзу координаталық түзу болу үшін оның бойына нені белгілеу керек?

Оқушылармен бірге сабақ мақсатын ашу
Енді балалар тақтаға назар аударайықшы. Тақтадағы берілген суретке қарап, олардың айырмашылығы неде екенін айтыңыздар.
• биік – аласа
• күн – түн
ащы- тәтті
Бұл салыстыруға қолданылған сөздерді қазақ тілі пәнінде жалпы қалай атаймыз?
Қандай сөздер антоним деп аталады?
Антонимдер – мағынасы қарама – қарсы сөздер.
Мысалы: бізді қоршаған орта өте қызықты, бірақ қарама – қайшылыққа толы. Күнделікті өмірде ауа температурасына байланысты күндіз жылы,кешке салқын болады.Жазда жұқа киінеміз,қыста қалың киінеміз.
Ал математикада қарама – қарсы сөздер (терминдер) кездеседі ме?
Балалар мысал келтіреді: қосу және азайту, бөлу және көбейту, бөлшектің алымы және бөлімі,тақ сан және жұп сан, артық және кем

Жаңа сабақты түсіну. Суретпен жұмыс
1 және -1, -4 және 4; 6,5 және -6,5 сандар жұбы берілген
(33- 35 суреттер).

  1. Осы сандар жұбының бір –бірінен қандай өзгешелігі бар?

  2. Сандар жұбының координаталық түзуде орналасуы туралы не айтуға болады?

  3. Қорытынды жасаңдар

«Суреттер сөйлейді» әдісін пайдаланып тапсырманы ауызша талқылау. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау:
- қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеріп, есептер шығаруда сандарды дұрыс ажырата білу;
- сандар жұбын координаталық сәуледе орналасуын түсіндіру;
Топтық жұмыс. «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі


k

15




4,8

-7,2




-




-k




29














Кестені толтыру арқылы келесі сұрақтарға жауап береді
- Оң санға қарама – қарсы сан?
- Теріс санға қарама – қарсы сан?
Топтар өз жұмыстарын берілген тапсырма бойынша өзара сұрақ қойып тексереді, жауабын топтық жұмыста талқылайды, ой қозғайды, ортақ бір қорытындыға келеді.
Дискриптор:
- қарама – қарсы сандарды жазады;
- кестені толтырады;
Бағалау: «Жұлдызша жинау» тәсілі.

Саралау: Қарқын
Топтық жұмыс жасай отырып шапшаң шығарған оқушы көмек қажет ететін оқушыға түсіндіреді,көмек береді.Топтық талқылау жасайды.

Сергіту сәті: «Менімен бірге қайтала» жаттығуы.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Көңілді музыка қойылып, оқушылар билейді. Билеу келесі тәртіп бойынша жүргізіледі: біріншіден әрқайсылары қандай да бір қимылдар жасайды, ал жүргізуші қолымен шапалақ соққанда оң жақтағы көршінің қимылын орындайды. Егер де қатысушылар мұқият орындаса, әрқайсыларының қимылы шеңберден айналып өтіп «авторға» қайтып келеді.


Жаңа сабақты пысықтау.
Жұптық жұмыс. «Т-кестесі» Бұл әдіс арқылы есептің шартына сәйкес тұрғындар санының артуын және кемуін ажыратып жазады.
Оқушылар мына тапсырманы орындау үшін топтың ішінде жұптарға бөлінейік . Оқушылар жанында отырған оқушымен бірігіп, келесі есептерді орындайды:
300. Төменде 2008-2009 жылдарға сәйкес тұрғындар саны көрсеілген:

  1. Алматы облысы бойынша 1 643 278 және 1 667 143 адам;

  2. Астана қаласы бойынша 602 684 және 639 311 адам;

  3. Қостанай облысы бойынша 894 192 және 889 368 адам;

  4. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 635 921 және 648 236 адам. Тұрғындар санының өзгеруін «+» және «-» таңбаларын қолданып жазыңдар.

Дискриптор:

  • Сандарға арифметикалық амалдар қолданады

  • Сандар өзгерісіндегі таңбаларды көрсетеді

  • Есептің жауабын табады

Бағалау: «Бас бармақ»әдісі
Саралау: Диалог және қолдау көрсету
Бұл саралау арқылы тапсырманы орындау барысында жұбына көмектесіп,жауабын табады. Мұғалім қолдау көрсетіп, мадақтайды.


Жұптық жұмыс
302. Берілген теңдік тура болатындай етіп, жұлдызшаның орнына сан қойыңдар

  1. -33 = * 2) –(+46) = * 3) –(- 10) = *

Дискриптор:

  • Таңбалар ережесін қолданады

  • Жұлдызшаның орнына сан қояды


Бағалау: «Жапондық бағалау әдісі»
Саралау: Тапсырма
Оқушылардың білім деңгейі әртүрлі болғандықтан, қажеттіліктеріне қарай деңгейлік тапсырмалар беру керектігін анықтайды.

Бейнеролик


https://www.youtu.be./FAyJ4iRUq8F

Слайд1
Слайд 2

Математика
А.Е.Әбілқасымова
Т.П.Кучер
З.Ә.Жұмағұлова
Алматы «Мектеп» 2018

Сурет 1

Математика
А.Е.Әбілқасымова
Т.П.Кучер
З.Ә.Жұмағұлова
Алматы «Мектеп» 2018

Математика


6 сынып
А.Е.Әбілқасымова
Т.П.Кучер
З.Ә.Жұмағұлова
Алматы «Мектеп» 2018ж


Сабақтың соңы
5 мин
3 мин

Сабақты қорытындылау
«Еркін микрофон»әдісі
1.Қандай сандар қарама – қарсы сандар деп аталады?
2.Оң санға қарама - қарсы сан қандай сан? Мысал келтір?
3.Теріс санға қарама – қарсы сан?
4.Координаталық түзуде теріс сан қай бөлікте орналасады?
5.-8 санына қарама - қарсы сан?

Рефлексия:








микрофон

Түрлі-түсті карандаштар, кеме суреті

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





Диалог және қолдау көрсету
Бұл саралау арқылы тапсырманы орындау барысында жұбына көмектесіп,жауабын табады.
Топтық жұмыс жасай отырып шапшаң шығарған оқушы көмек қажет ететін оқушыға түсіндіреді,көмек береді. Оқушылардың білім деңгейі әртүрлі болғандықтан,қажеттіліктеріне қарай деңгейлік тапсырмалар беру керектігін анықтайды

«Жұлдызша жинау»
«Басбармақ әдісі»
«Жапондық бағалау»әдісі
Мадақтау сөздері арқылы бағаланады.

Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады.Көңіл –күйін бақылайды.
Тапсырма орындау арасында ««Менімен бірге қайтала» жаттығуы жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет