8-дәріс Кәсіптік оқытудың ұйымдастырудың негізгі формалары



Дата07.02.2022
өлшемі29,04 Kb.
#93602
түріСабақ
Байланысты:
лек8


8-дәріс
Кәсіптік оқытудың ұйымдастырудың негізгі формалары.
Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны модернизациялау көзделеді. «Түрлері» деген ұғым латын тілінен аударғанда «fоrmа» сырқы көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық-белгілі орныққан тәртіп. Философия пәнінде «түрлері» ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген ұғыммен анықталады.
Яғни «түрлері» ішкі байланысты білдіреді және ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен де сабақтастықта. Былайша айтқанда, оқытудың түрі-оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті. Оқыту түрі: әдіспен, амалдарға, құралдарга оқушылардың іс-әрекетіне тәуелді болады. Педагогтік іс-әрекет бір-бірімен, өзара байланысты ықпалдастық, әсер етушілік, белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылармен мұғалімнің қарым-қатынасыі (Чередов И.М.). 
Оқытудың түрі оқыту үрдісінің құрылымы-мұғалім қызметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-эрекетін басқару жэне оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оку материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудын сыртқы пішінін белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.
Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқуды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап-мүддесіне қатысты.
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері негізінен былай жіктеледі. Оқушының саны мен құрамы,жұмыс орны, оқу жұмысының ұзақтығы. Осыған қарап оқытудың түрі былайша бөлінеді:
Жеке ( бір ғана оқушымен жұмыс істейді);
Жеке-жұптық ( оқушы — оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым- катынасы, қазіргі жағдайда оқушымен қарым-қатынасы жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметі мен айқындалады);
Жеке-топтық топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады (оқытудың бұл түрі орта ғасыр мектептерінде қолданылған).



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет