8 дәріс тақырыбы: Ғылыми зерттеудің әдіснамалық принциптері мен теориялық және әдіснамалық, эмпирикалық әдістері



бет1/5
Дата01.01.2022
өлшемі21,15 Kb.
#107488
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 8
1 модуль математика, Дәріс 8, Дәріс 8, Дәріс 8

8 дәріс тақырыбы: Ғылыми зерттеудің әдіснамалық принциптері мен теориялық және әдіснамалық, эмпирикалық әдістері.

1. Педагогикадағы әдіснамалық принциптері.

2. Зерттеудің теориялық, әдіснамалық, эмпирикалық әдістері.

1. Әрбір ғылымның нақты ғылыми әдіснамасы және оның практикасы салыстырмалы түрде өзара ерекшеленетін принциптерде көрініс табады. Педагогикадағы әдіснамалық принциптерге – жуйелілік (тутастық) принципі, тулғалық, іс-әрекеттік, мәдениеттік, этнопедагогикалық, антпропологиялық принциптер жатады.

Педагогикалық жүйедегі жуйелілік принцип дамып келе жатқан жеке адамның, білім алуы мен қалыптасуындағы негіз, тұрақты, не өзгеріп отыратын, не маңызды немесе жанамасы екенін анықтайды. Сонымен қатар жалпы жүйенің ішіндегі жеке бөліктердің бірімен-бірінің байланысын анықтайды. Бұл бағытта ол тулғалыщ принциппен өте тығыз байланысты болады. Ол бағыттың құрылымын анықтайды және педагогикалық процесстің, жеке адамның дамуындағы субъект, қорытынды және басты күштері болып табылады. Ол жекелік және адамгершілік дамуы мен құрметке деген құқығын, тұлғаның ерекшелігін мойындауды талап етеді.



Іс-әрекет–жеке адам дамуындағы негізгі құрал және шешуші жағдай: бізге факт педагогикалық зерттеу мен практиканың тұлғалық іс-әрекет ықпалы арқасында дамып отырады. Оның мағынасын А.Н.Леонтьев өз еңбектерінде былай деп жазды. „Адам мәдениеттің жетістіктерін меңгерту үшін әрбір жаңа ұрпақ өз қызметтерін көрсетулері, ұсынулары тиіс. Міне сондықтан да, әрбір тәбиеленуші өз бетімен өмір сүруге даярлануда және әрқилы әрекеттерге даярлауда маңызды деген әлеуметтік, рухани қарым-қатынас жасай білуге үйрету өте маңызды”.

Іс-әрекет арқылы ықпал ету баланы сана еңбек, және қарым-қатынас жасай білуге аудару, жаңа ықпал, әңгімелесу, сөйлесу арқылы ықпалға ауысады. Осы ықпал кезінде жеке баланың әрекеті күшейеді де талабы көтеріледі. Ол арқылы адамдармен байланыс күшейеді де, адамның ішкі мүмкіндіктері ашылады.Басқа адаммен әңгімелесу арқылы да адам ниеттеп қалу қаупінен құтылады.

Әдістемелік принциптердің орындалуында мәдени принциптердің орны ерекше. Бұл арқылы адамның мінез-құлқы, қызметі, шығармашылық қызметі өседі. Бала өмір сүреді, оқиды, белгілі бір ортада өседі.

Мәдени принцип этнопедагогикалық принципке ауысады. Этнопедагогикалыщ принципте ұлттық, тарихи құндылықтарда оқыту әдістері білінеді. Соңғы кезде ұлттық педагогика әсерімен оқыту-тәрбиелеу әдісі көтерілуде. Осы арқылы мұғалімдер оқыту мен тәрбиелеуде бай құндылықтарға тәрбиелеу жұмысын ойға қойды.



Антропологиялыщ принципті дамытқан К.Д.Ушинский еді. Бұл принцип бойынша барлық ғылымдардың адамды тәрбие құралы ретінде пайдалану және педагогикалық процесте қолдану арқылы жүзеге асады.

Психология, физиология, география, анатомия, статистика, философия, әдебиет, өнер, терих, өркениет ғылымдарының бірлігі ретінде жүреді. Өркениет дегеніміз–қоғам дамуы мен материалдық мәдениеттің даму деңгейі. Бұл ғылымның барысында адамзатты тәрбиелеу фактілері топтастырылып, салыстырылып көрсетіледі. Гуманитарлық білімнің бір бөлігі ретіндегі әдістемелік принциптер біріншіден зерттеудің ең басты мәселелерін және стратегиясын анықтайды. Екіншіден, білім алудағы басты мәселенің диалектикалық бірлігі мен жалпы құрылымын талдауда мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет