Математикалық әдістер – педагогикада зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеу, сандық көрсеткіштерін белгілеу қажет. Кең таралған түрлері: ранжирлеу, тіркеу, шкалалау.
Статистикалық әдістер – орташа коэффицентін, медиананы құру. Оларды есептеу, шығару үшін арнайы формулалар мен анықтама кестелері бар. Нәтижесі сызба, диаграмма, кесте түрінде көрсетіледі.
Сонымен, педагогикадағы зерттеулерді деңгейге белуге болады: эмпирикалық, теориялық және әдіснамалық.
Бірінші деңгейде – ғылымның жаңа фактілерін және олардың негізінде эмпирикалық заңдылықтар қалыптастырады. Зерттеудің эмпирикалық деңгейінің әдістеріна мыналар жатады: бақылау, анкета, әңгімелесу, оқушылардың іс-әрекет нәтижелерін, педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, педагогикалық эксперимент. Бұл әдістер зерттелетін мәселелр бойынша фактілік материалдарды жинақтау үшін қолданылады.
Екінші, теориялық деңгейде бұрын ашылған фактілерді түсіндіруге мүмкіндік беретін негізгі педагогикалық заңдылықтар құрастырылады, болашақтағы жағдайлар мен фактілерге болжам жасауға мүмкіндік жасалады. Теориялық зерттеу әдістеріне анализ және синтез, индукция және дедукция, ұқсастық, айырмашылық логикалық әдістері жатады.
Үшінші, әдіснамалық деңгейде эмпирикалық және теориялық зерттеулер негізінде педагогикалық құбылыстарды, теорияларды құрастыруды зерттеу әдістері мен жалпы принциптер жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |