8 – сынып бойынша өтілетін сыныптан - сыныпқа көшу емтиханының тапсырмалары
Билет № 1
«Отбасы сыйластығы». Әңгіме
Фонетика. Дауысты, дауыссыз дыбыстар.
Грамматикалық тапсырма
Билет № 2
«Отбасы» тақырыбына мақал-мәтел айт.
Үндестік заңы.
Грамматикалық тапсырма
Билет № 3
«Туған жер – алтын бесік». Әңгіме
Ықпал.
Грамматикалық тапсырма
Билет № 4
«Отбасы» тақырыбына өлең айт.
Тасымал.
Грамматикалық тапсырма
Билет №5
«Отан» тақырыбына өлең айт.
Сөз таптары.
Грамматикалық тапсырма
Билет №6
«Отан» тақырыбына мақал-мәтел айт.
Зат есім, түрлері.
Грамматикалық тапсырма
Билет №7
«Өнер алды – қызыл тіл». Әңгіме
Сын есім, түрлері.
Грамматикалық тапсырма
Билет №8
«Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі». Диалог құр.
Сан есім.
Грамматикалық тапсырма
Билет №9
«Досы көпті жау алмайды». Диалог құр.
Есімдік.
Грамматикалық тапсырма
Билет №10
«Азық-түлік дүкені». Диалог құр.
Етістік.
Грамматикалық тапсырма
Билет №11
«Асханада» әңгіме.
Есімше.
Грамматикалық тапсырма
Билет №12
«Қазақстан қалалары». Диалог құр.
Көсемше.
Грамматикалық тапсырма
Билет №13
«Қазақстанның ежелгі қалалары». Әңгіме
Етістіктің райлары.
Грамматикалық тапсырма
Билет №14
«Тарихи – мәдени ескерткіштер». Әңгіме.
Етістіктің шақтары.
Грамматикалық тапсырма
Билет №15
«Қазақ балалар әдебиеті». Әңгіме.
Тұйық етістік.
Грамматикалық тапсырма
Билет №16
«Табиғат - анамыз». Әңгіме
Болымды, болымсыз етістік.
Грамматикалық тапсырма
Билет №17
«Қазақстанның қорықтары». Диалог.
Салт,сабақты етістік.
Грамматикалық тапсырма
Билет №18
«Уақыттың күші». Әңгіме.
Үстеу.
Грамматикалық тапсырма
Билет №19
«Сабақ кестесі». Әңгіме
Шылау.
Грамматикалық тапсырма
Билет № 20
«Сабақ қашан басталады?» Әңгіме
Еліктеу сөздер.
Грамматикалық тапсырма
Билет №21
«Кітапхана». Әңгіме
Одағай.
Грамматикалық тапсырма
Билет №22
«Менің бос уақытым». Әңгіме
Лексика.
Грамматикалық тапсырма
Билет №23
«Саяхаттау – жақсы дәстүр». Әңгіме
Жай сөйлем.
Грамматикалық тапсырма
Билет № 24
«Компьютер кереметі». Әңгіме
Құрмалас сөйлем.
Грамматикалық тапсырма
Билет №25
«Электронды пошта». Әңгіме
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.
Грамматикалық тапсырма
8 – сынып бойынша өтілетін сыныптан - сыныпқа көшу емтиханының қосымша грамматикалық тапсырмалары.
«Отбасы» сөзіне фонетикалық талау жаса.
Үндестік заңына сай және сай емес сөздерді ажыратып екі бағанға жаз.
«Бала, құрмет, баланікі, әсемпаз, әуесқой, емхан, аңмен,әкежан, арбакеш».
«Бата – отбасының бірлігін, адамгершілігін сақтауда ерекше қызмет атқарады». Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
«Отаншыл» сөзіне фонологиялық талдау жаса.
«Отансүйгіштік – әрбір азаматқа керек ұлы қасиет». Сөйлемдегі сөздерге морфологиялық талдау жаса.
Зат есімнің мағыналық түрлеріне мысал келтір.
«Қызылдау, «өте әдемі», «мерекелік» сөздеріне морфологиялық талдау жаса.
Берілген сан есімдердің түрін ажырат.
«Бес, жетінші, төртеу, он-оннан, жүздеген, ½»
Есімдіктердің мағыналық түрлерін анықта.
«Олар, мынау, неше?, өзім, бәрі, әркім, ешкім»
«Санау» сөзін септе.
«Сөйлер», «алған» сөздерін құрамына қарай талда.
«Келемін», «айтып отыр», «барғалы» сөздерімен сөйлем құра.
«Көр» етістігіне рай жұрнақтарын жалға, аудар.
«Тұратын» етістікті жікте.
«Табиғат» сөзін септе.
«Экология» сөзін тәуелде.
Салт, сабақты етістікті қатыстырып сөйлем құра.
Үстеу түрлерін қатыстырып сөйлем құра.
«Бүгін, ең, соншалық, нағыз»
Септеулік шылауларды қатыстырып сөйлем құра.
«Дейін, туралы, бірге»
Қос сөзге мысал келтір.
Одағайларды мағыналық түрлеріне ажырат.
«Шөре-шөре, алақай, ойбай, кә-кә, әттең,жә, тәйт»
Сөздердің синонимін тап: әдемі, байыпты, сабырлы.
Сөздердің антонимін тап: жоғары, биік, жомарт.
Сөздер омоним екенін дәлелде: ара, түс, ат.
«Саяхаттау - жақсы дәстүр». Сөйлемге синтаксистік талдау жасау.
«Далада жел соғып тұр және жаңбыр да сіркіреп тұр». Құрмалас сөйлем сүрін ажырат.
Сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай ажырат, тыныс белгісін қой.
Күн қандай тамаша
Сен мектепке бардың ба
Мен емтиханға бара жатырмын
Кристина мектепке тез жет
Достарыңызбен бөлісу: |