Пән: Бастауыш мектепте қазақ (орыс) тілін оқыту әдістемесі
Тақырыбы: Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері Мақсаты: Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерін бір-бірінен айыра білуге, талдау жасауға үйрету.
Тақырыбы: Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері Мақсаты: Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерін бір-бірінен айыра білуге, талдау жасауға үйрету.
Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, сөздер тобы.[1] Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс (пауза) болады. Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен нүкте, сұрау және леп белгілерінің бірімен айырылады.
Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып төртке бөлінеді.
ХАБАРЛЫ СӨЙЛЕМ — сөйлемнің бір түрі. Хабарды, ақпаратты баяндау мақсатында айтылады.
Хабарлы сөйлемнің негізгі грамматикалық белгілері: Баяндауыштары негізінен ашық рай формалы етістіктен (немесе осы формаға сипаттас жұмсалатын есімдерден) жасалады;
Өзіне тән интонациясы болады. Хабарлы сөйлемдер баяу әуенмен айтылады. Жалаң сөйлемдер бірте-бірте қайырылса, жайылма сөйлемдерде дауыс сөйлемнің соңында бәсеңдей түседі. Мысалы, Түн жым-жырт. Жел де жоқ. Бірақ сәл ғана білінген салқын бар. сөйлесінің мазмұны әр түрлі болғандықтан, олардың мазмұны сөйлемге қатысқан сөздердің, мүшелердің, әсіресе, баяндауыштардың мағыналық, тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Хабарлы сөйлем баяндауыштарының тұлғалық ерекшеліктеріне қарай болымды (Жаңбыр жауды), болымсыз (Жаңбыр жаумайды), қалаулы (Енді қырманға барайықшы), болжамды (Маржан ертең келетін шығар), ал баяндауыштарының қай сөз табынан жасалуына қарай етістікті (Үйдің іші жылынды), есімді (Күн жылы. Аспан ашық) болып бөлінеді. Хабарлы сөйлем екі негізді және бір негізді құрамда болады. Құрамында екі негізгі мүше бастауыш пен баяндауыш болып, сөйлем оларды тірек етіп құрылған болса, екі негізді болып келеді. Мысалы, Енді, міне, үш бала қатар келе жатырмыз. (С.М.) Бір негізді сөйлемдер грамматикалық сипаты жағынан екі түрлі:
Арнаулы құрылысы бар баяндауыш мүшені тірек етіп құрылады. Мысалы, Оны бұзуға болмайды;
Бастауыш, баяндауыш деп тануға келмейтін, тірек мүше деп аталатын компоненттінегіз етіп құрылады. Мысалы, Мидай дала. Жарқыраған ай.
Хабарлы сөйлем деп біреу я бірдеме туралы хабарлай айтылған сөйлемді атаймыз.
Хабарлы сөйлемді айтқанда, оның аяғында дауыс бәсеңдейді. Жазуда хабарлы сөйлем соңына нүкте қойылады.
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем деп біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз.
Сұраулы сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады.
Сұраулы сөйлемнің жасалуы Сұраулы сөйлемнің жасалуы:
сұраулы сөйлемдер сұрау есімдігі қатысуы арқылы айтылады;
сұраулық мағына ма (ме), ба (бе), па (пе) және ше деген сұраулық шылаулардың қатысуы арқылы да білдіріледі;
сұраулық мағына кейде ғой, -аушылаулары мен болар, шығар, қайтеді деген көмекші сөздердің және ә деген одағайдың қатысуы арқылы беріледі;
сұраулық мағына сұрау дауыс ырғағының өзі арқылы да беріледі.
Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты білдіреді
Лепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне, сезімге байланысты (қуану, ренжу, таңдану, аяу, бұйыру және т. б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемді дейміз.
Лепті сөйлем ішіндегі сөздер түгелімен (әсіресе баяндауышы) көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлем соңынан леп белгісі қойылады.
Лепті сөйлем ішінде сұраулық мәнді сөздер де аралас келуі мүмкін. Мұндайда сөйлем соңында леп белгісі мен сұрау белгісі қатар қойылады. Егер сұрау мағынасы басым айтылса я сұрау мәнді сөздер бұрын айтылса, сұраулық бұрын (?!) қойылады, леп мағынасы басым айтылса я леп мәнді сөздер бұрын айтылса, лептік бұрын (!?) қойылады.
Тапсырмалар: Мәтінді мәнерлеп оқып шығып, сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай ажыратыңыз.
Мен ол қыста біздің ауылда Нұрбек бір жұма жатып айтқан әндерінен біреуін де ести алмай қалдым. Хабарлы сөйлем
Міне, енді ғана естіп келемін оның әнін. Хабарлы сөйлем
Әні, шынында да, тамаша екен. Хабарлы сөйлем
Ендеше, мен неге жылаймын? Сұраулы сөйлем
Өз аулымда, өз үйімде қызғыштай қорғаған балапаны мен қайда келе жатырмын қазір. Ол қайда қалды қазір?.. Сұраулы сөйлем
Өзінен тумадым демесем, туған шешемнен кем болып па еді ол маған? Сұраулы сөйлем
Егер мені уысынан шығармай өсірсе, залалыма ма еді ол менің? Сұраулы сөйлем
Пайдама емес пе еді?.. Сұраулы сөйлем
Алақанына сап сонша аялаған әжеме не көрсетіп кеттім бүгін? (С.М.). Сұраулы сөйлем
2. Сұраулы сөйлемдерді тауып, жасалу жолын түсіндіріңіз. Сұрақ мәнді сөздер қай сөйлем мүшесі қызметінде, сұрақ мәнді демеуліктер қай сөйлем мүшесі құрамында жұмсалған?
1. Бұдан жиырма жыл бұрын осы арада осы қала болған ба? Ізденіс сұрағы
2. Рас, Дәмеш өз жүрегінің соғысын өзі түсіне ме екен? Таң қалып қойылған сұрақ
3. Бір қалған көңіл жіби ме? Ренжіп қойылған сұрақ
4. Хатшы болып Серегин неше жыл істейді? Қызғанышпен қойылған сұрақ
5. Енді ол Ораз тұғырына қонатын құс емес... Бұған кім кінәлі? Қайыр ма? Дәмеш пе? Ораздың өзі ме? Ізденіс сұрағы
6. Жаңағы бір сүңгуір үйректер қайда қонды екен? Таң қалып қойылған сұрақ