8 Зертханалық жұмыс. LabView бағдарламасындағы компенсатор сұлбасының моделі Теория



Дата22.05.2020
өлшемі151,46 Kb.
#70484
түріБағдарламасы
Байланысты:
№8 Зертханалық жұмыс
№8 Зертханалық жұмыс, №1 ЗЖ Түзеткіштер туралы түсінік

8 Зертханалық жұмыс. LabVIEW бағдарламасындағы компенсатор сұлбасының моделі

Теория

Компенсациялық сұлбада екі қоректену көзі бар : өзгертілетін кернеу Ux және үлгілі кернеу U0 (4.1 сурет).



4.1 сурет – Компенсациялық әдіспен кернеуді өлшеу сұлбасы

Кернеу бөлгішпен өзгертілген өлшенетін кернеу

тең болады, мұндағы k – кернеу бөлгіш коэффициенті, k = R2/(R1 + R2).

Потенциометрден (R) алынатын кернеу

Болады, мұндағы Rx – потенциометрдің төменгі шығысымен қозғалтқыш арасындағы кедергі; R – потенциометрдің толық кедергісі.

Екі қоректену көзінен шыққан токтар қарама-қарсы бағытталған. Сондықтан потенциометрдің Rx кедергісін өзгерте отырып токтардың тепе-теңдігін алуға болады, бұл келесі шарт орындалса ғана мүмкін

Сонда


(4.1)

Потенциометр (4.2 сурет) меншікті кедергісі жоғары материалдан жасалған сым 2 оралған каркастан 1және осьқа бекітілген ток алынатын қозғалтқыштан 3 тұрады.. Қозғалтқыш сымды 2 жанап өтеді. Көрсетілген құрылымда қозғалмалы қозғалтқышы бар контакт қозғалмайтын ток алынатын сақина 4 көмегімен іске асырылады.


4.2 сурет – Қорабы жоқ потенциометрдің сыртқы түрі


Орама үшін диаметрі кіші сым қолданылады (константан, платина, алтын ерітіндісі), себебі диаметр аз болған сайын, статикалық сипаттаманың баспалдақтығы аз болады. (4.3 сурет).

4.3 сурет – Потенциометрдің шығыс кернеуінің қозғалтқыштың орын ауысуына тәуелділігі

Потенциометрдің қателігі, қозғалтқыш бір орамнан екіншіге өтуі кезінде, ΔR кедергісінің секірмелі өзгерісіне негізделген. Егер турлендірудің номиналдық функциясы ретінде «баспалдақтар» ортасынан өтетін функцияны алсақ, онда дискреттілікпен түсіндірілетін келтірілген қателіктің максималдық мәні

δR = ±ΔR/(2R), (4.2)

мұндағы R – түрлендіргіштің толық кедергісі.

Жұмысты орындау тәртібі

1). LabVIEW бағдарламасын қосып, (Компенсационный метод.vi) файлын ашыңыз, сұлбаның (4.4 сурет).моделі шығуы керек.



4.4 сурет – Компенсатор моделінің беткі пердесі


Сұлбада гальванометр шкаласы келтірілген; екі жағдайы бар «грубо» (сол жақта) және «точно» (оң жақта) ауыстырып қосқыш; үлгілі кернеу реттегіші; R1 және R2 кедергілерінің мәндерін енгізу бөлігі; «STOP» тетігі. «STOP» тетігі виртуалдық құралды ажырату үшін қажет.

2). Потенциометр кедергісі R = 1кОм. Келесі мәндерді енгізіңіз: R1 = 500 Ом және R2 = 500 Ом (к = 0,5); U0 = 5B және Ux = 4В.

3). Ауыстырып қосқышты «грубо» жағдайына қойып потенциометрдің кедергісін (Rx – кедергілер дүкені) өзгерте отырып гальванометрдің көрсеткішін нөлге теңестіру керек. Одан кейін ауыстырып қосқышты «точно» жағдайына қойып әрекеттерді қайталау қажет.

Егер тепе-теңдік орнаса «Верно» шамы жанады.



4.2.1 Тапсырма

Формула (4.1) бойынша R = 1кОм потенциометр кедергісінің келтірілген қателігі δR = ±0,01% екенін ескере отырып белгісіз Ux кернеуді есептеңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет