9 – тақырып. Кәсіпкерлік қызметтің инфрақұрылымы. Кәсіпкерлік ұғымының шығу тарихы.
Буржуазиялық саяси экономикада кәсіпкерлік ұғымы XVIII ғасырда пайда болды және меншік иесі деген ұғымды білдіреді. Мысалы, Адам Смит кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп пайда табу мақсатымен экономикалық тәуекелге бас ұрған меншік иесі деп сипаттайды. Кәсіпкер өзінің өндірісін ұйымдастырады оның нәтижесіне ие.
Несиенің дамуымен байланысты капитал иесінің қызмет етуші капиталдан бөлінуі орын алды. Өз кезегінде ол кәсіпкерге қозғалыс берді. Сондықтан XVIII ғасырдың аяғында XIX ғасырдың басында өмір сүрген әйгілі экономис Ж. Сэй кәсіпкерлікті А.Смитпен салыстырғанда кеңінен сипатталады. Кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатымен өндіріс факторын байланыстырушы экономикалық агент ретінде анықтама беріледі. Бизнес пен кәсіпкерлік жарқын ұғымдар болғанымен оларды бір-бірімен теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес ол табыс әкелетін кез-келген қызметтің түрі. Бизнес кәсіпкерлікпен тығыз байланысты ұғым. Бірақ кәсіпкерлік бұл новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол өнертапқыш. Сондықтан бизнеспен айналыстын адамдар осы көзқарас тұрғысынан еш уақытта кәсіпкер бола алмайды.
Кәсіпкерлік инфрақұрылымның мәні мен ерекшеліктері. Шағын бизнес орталықтарының кәсіпкерлік инфрақұрылымының институты ретінде қалыптасуы мен құрылуы. Шағын кәсіпкерлікке ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік субъектілеріне кеңес берушілік, заңды және коммуникативтік қызмет көрсету. Кәсіпкерлік кадрларды дайындау және шағын бизнестің оқу-кеңес берушілік орталықтарының дамуы.
Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігі.
Кәсіпкерлер жауапкершілігінің мәні мен түрлері. Кәсіпкерлер жауапкершілігінің пайда болу шарттары. Кәсіпкерлердің қылмыстық жауапкершілігі. Кәсіпкерлердің әкімшілік жауапкершілігі. Кәсіпкерлермен өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету әдістері.
1. Экономикалық талдаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері.
2. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау критерийлері
Кәсіпкерлік қызметте жаңа фирма ұйымдастыру анағұрлым жауапты және еңбекті көп қажет ететін кезең. Өз кәсіпорнын құруға шешім жасаған кәсіпкердің алдында тұрған мәселелердің толық емес тізімі мыналар — қызметтің дұрыс бағытын тандау, тиісті команда жинақтау, болашақ кәсіпорынның орналасатын жерін тандау, бизнестің ұйымдық түрін анықтау, фирманың маркетангтік мүмкіндікгерін талдау және кәсіпорынды тіркеу. Сондықтан шетелде бизнесті бастау алдында дайындық кезеңіне көп көңіл аударылуы кездейсоқ емес,кәсіпорынның келешекте сәтті жұмыс істеуі көбінесе осыған тәуелді. Кейбір авторлар дайындық кезеңіне 1 жылға дейін уақыт бөледі.
Кез-келген жаңа кәсіпорын идея туындату процесінен басталады. Жақсы бір идея кәсіпкердің қолындағы жай құралдан гөрі артығырақ мәнге ие. Бизнесті ұйымдастыру үшін қажетті идеяларды іздеп табу — бұл кәсіпкерлік қызметтегі алғашқы қадам. Егер шешім қабылдаудың жаңашыл әдістері пайдаланылса, идеяны туындату процесінің тиімділігі айтарлықтай көбеюі мүмкін. Өзін жақсы танытқан идея туындату әдістерінің бірі бұл "ми шабуылы әдісі", ол мынаған негізделген, адамдар проблемаларды бірге талқылаған кезде көбірек идея туындайды. Ми шабуылы әдісін өткізу кезінде келесі ережелерді сақтау қажет:
- сын айтулар мен кері тартпа ескертулерге жол бермеу;
-ойдың еркін айтылуын марапаттау: идея парадокс болған сайын жақсы бола түседі;
-идеялардың санын ынталандыру: неғүрлым идея көп болса, соғұрлым жақсы, соғұрлым ұтымды шешімдер табу мүмкіндігі көп болады; идеялардың комбинациясы мен жетілдірілуін марапаттау, осы жерде бірінің идеясы басқалармен дамытылып, келесі идеяларды туындатуға пайдаланылуы мүмкін.
Күнделікті туындайтын идеялар санының көптігі әлі олардың барлығының міндетті түрде қолайлы іске асу мүмкіндіктеріне ие екендігін білдірмейді. Шетел әдебиеттерінде идеяны (Оппортинент) іске асыру мүмкіндіктері туралы түсінік кең таралған. Қандайда бір салада бизнес идеяның қолайлы іске асыру мүмкіндігі дегеніміз не? Егер кәсіпкер сатып алушылардың жаңа қажеттіліктерін қанағаттандыратын немесе қазіргілерін толығырақ қанағаттандыратын өнім немесе қызмет көрсету түрлеріне тоқталса, бизнес-идея іске асқан болады. Тек осы жағдайда ғана кәсіпкер өзінің бәсекелестеріне қарағанда кебірек артықшылыққа ие болады және нарыктағы өз тауашасын табады.
Фирма қызметінің тиімділігіне баға берудің ең басты критерийлерінің бірі - бұл нарық тауашасының бар болуы. Сатып алушылардың жаңадан пайда болатын қажеттіліктерін қанағаттандыруға немесе қазіргі тандағы қажеттіліктерін анағұрлым сапалы деңгейде қанағаттандыруға мүмкіндік беретін нарықтағы тауар өндіру мен қызмет көрсету тауашасын тапқан фирма тиімді болып есептеледі. Бұл нарықтағы түтынушылар жоғары деңгейлі төлем қабілеттшігімен, кдрыз міндеттемелерінің жоқтығымен және аткарылған жүмыс пен қызметтер үшін уақытылы төлем жасамау жағдайларының жоқтығымен сипатталады. Екінші жағынан төлем қабілеті жоқ түтынушылармен, тапсырыс берушілермен және инвесторлармен жүмыс істеуге мәжбүр кәсіпорындар тиімсіз болып есептеледі. Тиімді кәсіпорындардың инвестицияларды өтеу мерзімі 1 жыдцан аз, ал тиімсіздердікі 3 және одан көп жьш Нарық әлеуетінің жеткіліксіз болуы сондай-ақ бизнестің тартымдылығын азайтады, лл өзінің дамуы үшш барлық уаьсытта жеткілікті дәрежеде жоғары нарық әлеуетіне ис кәсшорыңцар болса, тиімді болып есептеледі.
Тиімділігі жоғары өндіріс технологияларына ие болу бірден табысқа жетуді білдірмейді, бірақ олар өте үлкен бәсекелік артықшылықтарды тудырады. Бизнес басқалары сияқты әрдайым жаңа енгізілімдерге бейім болуы қажет. Осы бір ғана факторды елемей кету фирманы артта қалушылар қатарына қосуы мүмкін, себебі бәсекелестер объектілердің анағүрлым өтімді әсер ету технологиялары мен анағүрлым өтімді материалдар мен қүрылғыштар өндірісін табуы мүмкін. Шағын бизнес кез-келген басқа бизнес секілді әрдайым жаңа мүмкіндіктерді іздестіру устінде болуы қажет, кері жағдайда ол сәтсіздікке ушырайды. Сондықтан келешекке бағдар жасау маңызды стратегиялық факторлардың бірінен саналады.
Сонымен жоғарыда қарастырылған критерийлер құрылатын фирманың келешекте сәтсіздік пен шығынға үшырамауы мақсатымен оны бағалау үшін ұсынылады. Әрбір вдея тиімділігі жоғары кәсіпорын критерийлеріне сәйкес келу түрғысынан бағалануы қажет. Егер қарастырылып жатқан идея усынылған тиімділігі жоғары кәсіпорын критерийлеріне сәйкес келмейтін болса, кәсіпкер мен оның командасы одан алдын ала бас тартуға міндетті, себебі көрсетілген кезеңде оны іске асыру ушін қолайлы мүмкіндіхтер жоқ. Идеяны таңдап, бизнесті кұруда шешім қабылдағаннан кейін кәсіпкер оның ұйымдық-құқықтық нысанын анықтауы шарт.
Кәсіпкерлік қызмет салалары мен бағыттары өте көп. Қазақстан Республикасындатез көбейіп келе жатқан компаниялардың тәжірибесі көрсеткендей, жаңа бизнесті бастау және онда тез орнығу үшін келесі бес салаға неғұрлым мол таңдау жасау қажет:
1) алуан түрлі іскерлік қызметтер көрсету; 2) қоғамдық тамақтану;
3) тұтыну тауарлары мен сауда жасау; 4) автомобильдер жөндеу; 5) тұрғын үй салу.
Бүгінгі таңда коммерциялық - банктер, электронды техниканы, компьютерді жинайтын, кеңсе жабдықтарын, ыдыс-аяқ, қағаз қораптары мен түрлі қағаз бұйымдарын шығаратын кәсіпорындар едәуір жоғары қарқынмен дамып келеді.
Бизнес дәмін таптаған адамдар бірден мол пайдаға кеңеліп қалғысы келіп, өздерінің барлық қаржыларын шығын мен сату бағасы арасында едәуір айырмашылығы жок, салаларға жұмсайды. Мұндай саладағы кәсіпорындар қатаң бәсекеге ұшырайды. Сондықтан бірден мол пайда табуға асықпаңыздар, одан гөрі бизнес саласын таңдауда табысқа қалай қол жеткізуді ойластырыңыздар. Бұл тұрғыда шетелдік кәсіпкерлер бірқатар ережелерге ден қоюды кеңес етеді.
Бизнесті бағалау бұл бизнестік ортаның дамуы яғни кез келген бизнестің дамуы болып саналады. Кез келген кәсіпорынның бизнесінің алға басып, оның дамуы, яғни оның кәсіпорынға пайда әкеліп бизнес саласының пайдаға асуы.
Кәсіпкерлік қызметтегі бизнесті бағалау яғни кәсіпкерлік жағдайдағы бизнестің табыстылығы, бизнестің пайда түсіруі, бизнесті бағалау жолдары жатады.