Гүл шоғырының түрі Қысқаша сипаттама



Дата04.10.2019
өлшемі18,34 Kb.
#49259
Байланысты:
Гүл шоғырының түрі


Гүл шоғырының түрі

Қысқаша сипаттама 


Өсімдік түрі 




Жай гүлшоғы. 

1. Шашақ гүл

Гүлшоғының осінде орналасатын жеке гүлдердің сабақтары ұзынды, қысқалы болып шығады. 


Мойылда, иваншәйда, ұзынжапырақты бөденешөпте. 


2. Масақ гүл 


Ұзынша келген осьтің бойына бір сыдырғы орналасқан жеке гүлдердің өзінше арнаулы гүл сағақтары болмайды, а болса өте қысқа. 


Бақажапырақта (подорожник), сүйсінде (ятрышник), есекшөпте (ослинник), т.б. 


3. Собық гүл 


Құрылысы жәй масақ гүлдікіндей болады да, ерекшелігі – негізгі осі жуан, етженді, собық болады. 


айырда (аир), жүгеріде, каллада (калла). 


4. Қалқанша гүл 


Негізгі осінде сағақтарының ұзындығы әртүрлі гүлдер бір деңгейде орналасады. 


Алмада, алмұртта т.б. 


5. Шатыр гүл 


Негізгі осі қысқарады да, ұзыннан шоғырлана дамыған гүлдер өсіп шығады. Олардың сағақтарының ұзындықтары біркелкі. 


Сүйел шөпте (чистотел), тасшы гүлде (проломник). 


6. Шоқпарбас гүл 


Шашақ гүлшоғы тәрізді, бірақ мұның басты осі қысқарып, кейде етженді болады. Бұл сиақты шоқпарбастанған осьтің үстіңгі бетіне көптеген жеке гүлдер өзара тығыз орналасады. 


Құмақ жоңышқада (люцерна хмеловая), бедеде (клевер). 


7. Себет гүл 


Негізгі осі етженді, дөңгелек, стінні беті жазық, бірақ оның ортасы ойыста, дөңесте болуы мүмкін. Жазық осьтің бетіне көптеген ұсақ гүлдер орналасады да, шеткі жиегін жапырақ қоршап жатады. 


Күнбағыста, көкіреде, тағы да басқа күрделі гүлді өсімдіктерде кездеседі. 




Күрделі гүлшоғы. 

1. Рацемозды күрделі гүл шоқтары:

а. Қосарлы шашақ гүл.

Гүлшоғының ұзарған, моноподийлі басты осінде шашақ гүл орналасады. 


Бұршақ тұқымдастар өкілдерінде. 


б. Күрделі шатыр гүл 


Гүлшоғының қысқарған басты осінде ұзындықтары біркелкі, екінші реттегі осьтерде жай шатыр гүлдері болады. Мұндай жай шатыр гүлшоғының жеке гүл сағақтарындағы гүлдің орнына бірнеше гүл сағақшалары шоқты өсіп, дамып, олардың ұштарында өз гүлдері болады. 


Шатырша гүлдер өкілдерінде. 


г. Күрделі масақ 


Көптеген астық тұқымдастарында күрделі масақ гүлшоғы болады. Бұл жағдайда, ұзарған басты осьте жай масақтар орналасады. 


Бидайда, қара бидайда арпада, т.б. 


д. Сыпыртқы гүл 


Қосарлы шашақ гүл шоғына қарағанда, сыпыртқы гүлшоғының төменгі гүл шоқтары жоғарыдағылардан жақсы дамып, күшті тармақталған. 


Сиреньде, шетенде (рябина), шәңкіште (калина), лабазникте. 


2. Цимозды күрделі гүл шоқтары:

а. Дихазий

Цимозды гүл шоғының ішіндегі ең қарапайымы. Дихазийда гүлмен бітетін әрбір осьтен келесі реттің екі осі шығып отырады. Мұнда жаңа осьтер аналық осьтің жоғарғы бөлігінде пайда болады. 


Қалампырда (гвоздика), төнге жапырақта (манжетка), т.б. 


б. Монохазий 


Жалғыз сәулелі, анықталған гүл шоғы деп те аталады. Гүлшоғында алғашқы гүл, осьтің ұшында орналасып, оның төменгі жағынан екінші ось дамиды да, ұшынан өзінше гүл қалыптасады. 


Ирек гүлшоғы (гравилатта, гладиолуста).

Бұйра гүлшоғы (майтамырда, балшытырда).

г. Плейохазий 


Көп сәулелі анықталған гүл шоғы деп атайды. Мұнда әрбір аналық осьті бір, екі немесе шоқтанып орналасқан көп жанама осьтер алмастырады. 


Сүттігенде, қызыл ырғайда, гортензияда. 




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет