«№9 жалпы білім беру орта мектебі» кмм бастауыш 3-сыныптар бірлестігінің отырыс хаттамасы №1 Күні



Дата07.02.2022
өлшемі16,23 Kb.
#94842
түріБағдарламасы
Байланысты:
№1 хаттама 3-сынып 2020ж.


«№9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Бастауыш 3-сыныптар бірлестігінің
отырыс хаттамасы №1

Күні: 28.08.2020ж.
Қатысқаны: 20 / қашықтықтан болған жиналыс/
Күн тәртібінде:
1.Мұғалімдерді 2020-2021 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатты және оқу бағдарламасын талдау, талқылау. Қашықтықтан оқытуға байланысты өзгерістермен таныстыру
2. Бастауыш 3-сыныптар бойынша күнтізбелік жоспарларды талқылау, бекіту. Біліктілігін арттыру мақсатында семинарлар мен вебинарларға қатысу.
3. Жас мамандарға тәлімгер ұстаз дайындау.
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша әдіс-бірлестік жетекшісі С.Мирманова сөз сөйледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «13» тамыздағы № 345 бұйрығына 1-қосымша Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдастырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдармен таныстырды. Қашықтан оқыту процесі синхронды және асинхронды форматтарда, Санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормалар талаптарын және оқу уақытын ұтымды пайдалануды ескере отырып өтеді. Бұл жағдайда сабақтар екі форматты біріктірумен немесе тек асинхронды форматта өткізілуі мүмкін. Сабақтың синхронды форматындағы оқыту мұғалімнің қазіргі заманғы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, нақты уақыт режиміндегі білім алушылармен тікелей байланысын (стриминг) көздейді. Педагог стримингке шығу үшін сабақтың белгілі бір бөлігін (30-80%) арнайды, сабақтың қалған бөлігін асинхронды форматта өткізе алады. Сабақтың асинхронды форматы – электронды платформалардың мүмкіндіктері арқылы мұғалімнің білім алушылармен өзара әрекеттесуі, мұндай формат өз бетінше оқуға арналған контент және оған мұғалімнің кері байланысын көздейтін оқу тапсырмаларынан тұрады. Қысқа мерзімді сабақ жоспарын әзірлеу және іске асыру кезінде мұғалім оқу мақсатына байланысты сабақтың синхронды және асинхронды бөлігі үшін мазмұны мен уақытын ұтымды бөлуі керек. 2020-2021 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен таныстырды.
2020-2021 оқу жылында 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10,11 - сыныптар жаңартылған білім мазмұны бойынша білім алады.
Жаңа оқу жылы 01 қыркүйек 2020 жылы басталады. Барлық сыныптық, сыныптан тыс жұмыстардың (факультативтік, жеке және үйірме сабақтары) түрлерін қоса алғанда, білім алушылардың апталық оқу жүктемесі бекітілді.
2019-2020 оқу жылының ұзақтығы: мектепалды сыныптарда – 32 апта, 1-сыныптарда – 33 апта, 2-11(12)-сыныптарда – 34 апта.
«Орта білім беру ұйымдарында 2020 - 2021 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 340 бұйрығымен 2020-2021 оқу жылы барысындағы каникул күндері белгіленді. Tабиғи және техногендік, әлеуметтік, карантин сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайында формативті бағалау үшін орташа балл есепке алынады, ол журналдың жеке бағанында қойылады. Формативті бағалау үшін ең жоғары балл 2-11 сыныптарда 10 балдан аспауы тиіс.
Мұғалім қалыптастырушы бағалауды әр сабақта өткізу міндетті емес. Мұғалім орындалған жұмыс көлемін, оқу тапсырмаларын ескере отырып, білім алушылардың оқу жетістіктері үшін балл қою кезеңділігін өзі анықтайды.
Электрондық журнал форматының қорытынды бағасын шығару кезінде балл саны мынадай арақатынаста есептеледі: 1 БЖБ – 25%, ФБ - 25%, ТЖБ – 50 %.
ҚО кезіндегі бірінші тоқсандағы БЖБ және ТЖБ саны қарастырылды. БЖБ 2-11сыныптарда 2020 жылдың 5-15 қазан аралығында ТЖБ 2-11 сыныптарда 2020 жылдың 28 қазаннан бастап өткізу ұсынылады. Ол өз сөзінде 2020-2021 оқу жылының бойынша білім стандартының орындалуы пән бойынша электронды журналдардың толтырылуы, баға қоры және дұрыс қойылуын таныстырып өтті. Әр сабақ 40 минут көлемінде болады. Қазақ тілінде білім алушылар үшін «Балапан», орыс тілінде білім алушылар «Еларна» телевидениесі арқылы берілетін сабақтарды қарауды тапсырды. Сонымен қатар мұғалімдер мен оқушылар үшін «Bilimland», «Daryn online» білім беру платформасымен қосымша білім алуына мүмкіндік бар екендігі айтылды.
Бастауыш сыныптар жүйелі іс-әрекетті нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етудегі тиісті бірқатар мәселелерді атап көрсетті. Бастауыш сынып пәнін оқытуда оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктерді айтты. Оқу бағдарламасымен Б.Несіпбаевна таныстырды. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады. Пәннің оқу бағдарламасы «шиыршық» қағидаты негізінде әзірленген, яғни оқу мақсаттары мен тақырыптардың басым көпшілігі белгілі бір оқу кезеңінен кейін (оқу жылы барысында немесе келесі сыныптарда) білім мен дағдының көлемі көбірек, тереңірек, күрделірек деңгейде қайта қарастырылады. Оқу бағдарламасы оқу жылы көлемінде бөлімдердің оқытылу ретін көрсететін ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Тақырыптарға сағат санының үлестірілуі және тоқсан көлемінде тақырыптардың оқытылу реттілігін мұғалім анықтай алады. Ұзақ мерзімді жоспар күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлеудің негізі бола алады. Бастауыш сыныптарының күнтізбелік жоспарын талқылап, бекітті. Біліктілігін арттыру мақсатында семинарлар мен вебинарларға қатысу керек екендігі айтылды.
Үшінші мәселе бойынша жас мамандарға тәлімгерлер тағайындалып, бекітілді.

Жиналыс қаулы етеді

  1. 2020-2021 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен және оқу бағдарламасымен танысып, жұмыс жүйелі түрде жүргізілуі мұғалімдер тарапынан назарға алынсын.

  2. 2020-2021 оқу жылына арналған тақырыптық күнтізбелік жоспар бекітілсін. Мұғалімдер біліктілігін арттыру мақсатында семинарлар мен вебинарларға белсенді қатыссын.

  3. Жас мамандарға тәлімгерлер тағайындалып, бекітілсін.


Жиналыс төрайымы: С.Б.Мирманова
Жиналыс хатшысы: Б.Көптерева

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет