1-билет
Бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилі пәнінің мақсаты мен міндеттері
1.Баспасөз тілінің жалпы мәселелері.
2.Баспасөз тілі – жазба тіл. Әдеби тіл. Тілдік норма.
3. Жалпыхалықтық тіл және оның формалары
1. Қазақ баспасөзінің даму, зерттелу тарихына қысқаша шолу жасау;
Қарастырып отырған кезеңдегі қазақ баспасөзі, баспасөз тілінің дамуына әсер еткен факторларды анықтау;
Қазақ баспасөзі лексикасын тақырыптық-семантикалық топтарға бөліп қарастыру;
Қазақ баспасөзі лексикасының жасалу тәсілдерін анықтау;
Қазақ баспасөзндегі әдеби тілдің қызметін кеңейтіп, тіл мәдениетін арттырудағы рөлін анықтау.
2. зерттеуші С.Исаев: «Баспасөз тілі – жазба тіл. Қай дәуірде болмасын мерзімді баспасөз өзі қызмет ететін халықтың тілін пайдаланып қана қоймайды, оның байып, дамып отыруына әсер-ықпалын тигізіп отырады. Мысалы, бір номерінде жалпыхалықтық тілдің сөз байлығы терең пайдаланыла алмайды. Демек, жалпыхалықтық тілдің баспасөзде қолданылуы кейде бір қарағанда сезіле бермейтін тілдік элементтерді таңдап алумен астасып жатады», немесе «Қазақтың мерзімді баспасөз тілі бірден туып, қалыптасып кеткен жоқ. Мерзімді баспасөз тілінің тууы қазақ тілінде газет, журналдардың алғаш дүниеге келе бастауымен тығыз байланысты болса да, одан бұрынғы және сол кездегі жазба тіл, жалпыхалықтық тілдің нормаларынан ауытқып кете қоймайды» - деп нақтылай түседі.
Әдеби тіл - жалпы халықтық тілдің белгілі жүйеге түскен, жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба және ауызша әдебиеттің негізінде қалыптасқан тұрақты, орныққан қалыптары, стильдік-жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті
3. Қоғам мүшелерінің бір-бірімен қатынасы олардың бәріне бірдей түсінікті ортақ тіл арқылы жасалады. Ол ортақ тіл жалпы халықтық тіл деп аталады.
Қолданылу ерекшелігіне қарай жалпы халықтық тілдің ауызша және жазбаша түрлері болады. Мұнда ескертетін бір жай : «ауызша», «сөйлеу тілі» мен «жазбаша» және «кітаби» дегендерді бір-бірімен мағыналас деп қарауға болмайды.
2-билет
Достарыңызбен бөлісу: |