Бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилі пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет14/23
Дата11.05.2020
өлшемі63,82 Kb.
#67101
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
БАҚ емтихан

Газет тілінің лексикалық сипаты

15.Баспасөз бетіндегі жаңа қолданыстар

16.Газет тіліндегі диалект сөздер

17.Баспасөз бетіндегі терминдер

1.Бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі өміріндегі маңызы өте зор, қабылдаушының санасына, ойлау жүйесіне, тіл мәдениетіне тигізетін әсері орасан зор. Жаңа сөздер мен жаңа тілдік қолданыстар, терминдер көбіне ақпарат құралдары арқылы тарайды.

«Баспасөз тілі – жазба тіл. Қай дәуірде болсын, баспасөз өзі қызмет етіп отырған халықтың тілін пайдаланып қана қоймайды, оның байып, дамып отыруына әсер-ықпалын тигізіп те отырады». Жаңа қолданыстарды көпшілік арасында таратып, насихаттап, орнықтыру, тұрақтандыру ісінде газеттің жетекші орынды иемденетіні ешбір дау тудырмайды.

«Жаңа сөз қолданыстар дегеніміз – жаңа мазмұн мен ескі формада немесе ескі мазмұн мен жаңа формада, басқа тілден енген сөздердің жаңаша қолданысқа түсуі... Сонымен жаңа сөздердің анықтағыш белгілері төмендегідей:


  • уақытқа, яғни белгілі бір кезеңге қатыстылығы;

  • тілімізде бұрын болмауы, яғни басқа тілден ену сипаттылығы;

  • жаңа мазмұн мен жаңа түр-тұлғаны иеленуі;

  • тілімізде жиі қолданылатын сөздер қатарына ену» .

Газет материалдарында жаңа сөздер мен жаңа қолданыстар қоғамда болып жатқан өзгерістерге орай күн санап қатарын толықтырып келеді. Ғалымдар бұл мәселеге:

1) Сыртқы жағдаяттардың, яғни өмірде болып жатқан жаңа құбылыстардың, тың ұғымдардың.

2) Тілдің өзінің ішкі даму заңдылықтарының, яғни айтқанда сөз мағынасының өзгеруінің, кеңеюінің, басқа да әр түрлі тіркесу құбылыстарының болатындығынан деп көрсетеді .

Газет лексикасының өмір талабына сай үнемі толығып, өзгеріп отыруы да өзіндік құбылысқа ие. «Газет лексикасы үнемі өзгеріп, дамып, ескіріп, дамып отырады. Газет лексикасы бағалауыштық тұрғыдан қарастырғанда да бір қалып, бір деңгейді көрсетпейді, оның кезеңдік сипаты болады», - дей келіп, Б. Момынова газет тілінің типологиялық лексикалық топтарын айқындайды және газет лексикасында «әр заманның бет-бейнесі мен бедерін танытатын сөздер қатарының болатынын» айтады.


2.Диалект сөздер - әдеби тілді жаңа тілдік единицалармен толықтырьш отыратын көздердің бірі. Әсіресе, кәсіпке байланысты жергілікті тілдік ерекшеліктердің бұл тұста қызметі айрықша екенін айтқан жөн. Осындай қайшылықты көзқарастарды салыстыра отырып, диалект сөздерді әдеби тілге қатысы тұрғысынан екіге бөліп қарастыру дәстүрі бар:

«1) слова, засоряющие литературный язык; 2) слова, обогащающие его».



Әдеби тілді диалектілер арқылы байыту мәселесі қазіргі кезде ғалымдар назарына жиі ілініп жүр. Кемеңгер жазушы М.Әуезов шығармаларындағы ондаған диалектілерді ғалым Р.Сыздықов әдеби тілдің сөздік құрамын толықтыруға әлеуеті жететін сөздер ретінде бағалайды. Себебі олар М.Әуезов пен одан кейінгі жазушылардың шығармаларында орын алып, контекст арқылы мағыналары түсінікті болып, қос тілді және Абай тілінің сөздіктерінде тіркелген.

Алғашқы қазақ газетгерінде сөйлемдегі орын тәртібі бұзылуы жиі кездеседі, әсіресе, кітаби тіл арқылы тлімізге енген түсініксіз сөздер қатары мол. Бұл жағдай сол тұстағы жазба тілге кітаби тілдің әсерін байқатады. Бұл жөнінде алғашқы қазақ газеттері тілін зерттеген ғалымдар еңбектерінде айтылған. Ал «Қазак» газегіндегі материалдар көбінесе редакцияланып, қалыпқа түсіріліп отырғанын айіып кеткенбіз. Дегенмен диалект сөздер де кездесіп отырады: Қазақ жерінде керала, кемпіршаш жерден 20 кездей, кеделі жерден 960-2880 пұт болады.. Қазак, байларының қалыбын істемей тұрған Мамановтар көрінеді. «Жұртым» деп халықты арын арлап, зарын зарлап, намысын жоқтайтын азаматтары газет арқылы халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарарына қарсы тұрып, қаргага көзін июқытпасқа тырысады


3.Жаппай бұқаралық салада ғалам бейнесін қалыптастыру үшін қоғамдық-саяси ұғымдарды білдіретін терминологияның маңызы зор. Адам санасы дамуының ең жоғары сатысы ұғымға негізделген ойлау болып табылады, өйткені адам санасындағы тарихи таным үрдісінің сөзде жинақталып көрсетілетіні анық. Адам танымы тек ұғым арқылы ғана анықталады десек, сол ұғымды білдіретін лексикалық бірліктер, терминдер болып саналады.

Терминдік жүйе, оны түзу ісі ұлттық тілдік ресми және мемлекеттің бүкілхалықтың тіл дәрежесіне көтеріліп, кең қолданысты, толыққан тіл ретінде әлем сахнасына шығып-танылуының негізі болып келеді. Қазақ терминологиясының қалыптасуна А.Байтұрсынұлының үлкен үлес қосқаны белгілі. Ол қазақ тіліне енген халықаралық терминдердің қазақ тіліндегі баламасының алынуы керек екендігін дәлелдеген. Бұған дәлел ретінде ғалым ел тарту жұмысы, аттамалы жер сияқты сөз тіркестерін аудармасыз, ал, жер жұмысының чиновнигі, рушылдық дәуір сияқты терминдерді аудармасымен (производитель работ, родовой строй) мысалға келтірген.

Еліміз егемендік алғалы бері қазақ баспасөзінің терминологияны қалыптастырудағы атқаратын рөлі айрықша. Термин сөздердің қолданылуына орай бірнеше мәселелер туындап отырғаны да рас. Акад. Ш. Сарыбаев бұл мәселелерге қысқарған сөздердің молаюы, терминдердің жазылу мәселесі (кілә, зауыт т.б.), лексикалық варианттардың қолданыста қатар жүруі (адрес-мекенжай, пресса-баспасөз, резюме-түйін т.б.), халықаралық терминдердің жаппай орынсыз аударылуы (үнжария-радио, салбырақ-балкон, шипашақ-рецепт, былау-ванна, зіл жәшік-сейф т.б.) ретінде талдау жасаған.

Жұмыс барысында лайықты қолданылған термин сөздермен қатар, шет ел тілімен араласып ана тілімізді шұбарлап, қолданылған терминдерге де тоқталдық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет