Бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилі пәнінің мақсаты мен міндеттері


Баспасөз лексикасының көркемдегіш құралдар арқылы түрленуі



бет17/23
Дата11.05.2020
өлшемі63,82 Kb.
#67101
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
БАҚ емтихан

Баспасөз лексикасының көркемдегіш құралдар арқылы түрленуі

21. Метафора, эпитет, ирония қолданысы

22. Баспасөз бетіндегі перифраздар


1. Метафора (грек metaphora – ауыстыру) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы. 
Метафораны сөз өнері (поэтика, риторика), эстетика, логика, философия, тіл (стилистика, лексикология, психолингвистика) ғылымдары зерттейді. “Метафора табиғатында жұмбақтылық бар” (Аристотель). Сөз өнерінде метафораның символикалық, эмоционалдық ерекше мәні бар. Абай өлеңдеріндегі “жастықтың оты”, “жүректің көзі”, “дүние есігі” деген Метафоралармен қатар дәстүрлі қолданыстағы метафоралар кездеседі: жан азығы, табиғат-ана, өмір-өзен, өмір сыбағасы, асау толқын, т.б. Ойды әсерлі жеткізу мақсатында метафора қолданылады:

“Қолына алып шашақты сан мың найза, Жауынгер күн келеді жалаулатып”

“Қасқа бұлақ, қасыңнан неге кеттім?! Не деген жел айдаған көбелекпін?” (М.Мақатаев).

Метафора туралы ғалым Б. Қасым: «Адам санасының ассоциативті-бейнелі ұқсата білу, теңестіру, салыстыру сияқты қабілетімен танылатын, әр сөз-таңбаның шынайы болмыс жүйесіндегі сипатын тереңдей түсетін, сонысымен ойды бейнелі қалыптастыратын, оны нақты жеткізе білу мақсатында адресатқа әсер ету дәлділігімен ерекшеленетін құбылыс»,-деп анықтама беріп, қазақ тіліндегі күрделі сөздердің жасалуындағы метафоралардың түрлерін жіктеп көрсетеді.


Эпитет те атау тұлғада тұрып, шағын жанр материалдарында автор ойын көріктей түсетін құрал ретінде кездесіп отырады.

Қазақтың дүлдүл ақындарының бірі, Жетісудың төл тумасы, Ілиястың ізбасар інілерінің бірі, марқұм, ақын Әділбек Абайділдановтың дүниеден кеткеніне де 70 жылдан асты (АЙҚЫН., 28.11.1997).


Иронияның кекесін, мысқылды нақты көрсететіні белгілі. Газеттегі шағын жанрларда автордың өз тарапынан түрлі грамматикалық өзгеріске түсіп, кекесін, әжуа түрінде де қолданылатын ирония жиі қолданылады. Соңғы жылдары мақала авторлары мұндайда көбінесе орыс сөздерін бұзып айтуға да әуес болып жүр.

Қашанғы мән бермейсің, толқуымызды басып, зейін салсақ, нағыз «мәссаған» енді болыпты! (ЖА., 07.08.1999) деген сөйлемдегі «мәссаған»-«масқара» деген мағынаны білдіреді. Бұл олардың артықшылығынан емес, қала жағдайындағы мүмкіндіктің молдығынан, бәрінен бұрын «ағашкалардың» арқасы (АЙҚЫН., 15.1998.1998).

2. Баспасөз жанрлары қысқа да нұсқа жазылуымен ерекшеленеді. Көлемі шағын мәтіндерді оқырманға тез жеткізу журналистерден шеберлікті, жылдамдықты талап етеді. Жалпы баспасөз лексикасының сөздік қоры өте бай болу қажет. Оның лексикалық қасиеттерімен қатар көріктеу, әсемдеу, ажарлау, сезімге әсер ететін құралдары да бар. Солардың бірі – перифраздар. Перифраздар «безендіру өнері» (украшение речи) деген мағынаны білдіретін грек сөзі. Ол тілдің айқындылығы, дәлдігі, ықшамдылығы, әсерлігі секілді қасиеттерін зерттейді .

8-билет



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет