Бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилі пәнінің мақсаты мен міндеттері


Қазіргі стилистиканың бағыттары мен түрлері



бет2/23
Дата11.05.2020
өлшемі63,82 Kb.
#67101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
БАҚ емтихан

Қазіргі стилистиканың бағыттары мен түрлері

4.Стилистиканың даму бағыттары мен түрлері

5.Прагмастилистика туралы.

6.Стилистикалық коннотация

1. Қазіргі қазақ тіл ғылымында стилистиканың дəстүрлі қалыптасқан басты төрт саласы (бағыты) бар:

1. Тіл (ресурстар) стилистикасы немесе құрылымдық стилистика: фоностилистика; лексика-фразеологиялық стилистика; грамматикалық стилистика.

2. Функционалды стилистика (қолданыстық стилистика): Ауызекі сөйлеу стилі; Ресми стиль; Публицистикалық стиль; Ғылыми стиль; Көркем əдебиет стилі.

3. Көркем əдебиет стилистикасы.

4. Практикалыќ стилистика.

2. Прагмастилистика - стилистика ғылымының жаңа бағыты. Кез келген айтылым адресаттарға (қабылдаушыларға) ақпарат берумен қатар, оның қабылдауына ықпал ететін тілдік бірліктерді таңдайды жəне оның реакциясын тудырады. Прагматика адамның белгілі жағдайда қандай мақсатпен сөйлеп тұрғанын қоса қарастырады. Адресант пен адресат арасындағы қарым-қатынас аясындағы тілдік бірліктердің ықпал ету жəне əсер ету мақсатынан пайда болған туынды мəтін прагмастилистика деп аталады» - дей келіп, стилистиканың жаңа бағытын сипаттай отырып, өзіндік ерекшелігін анықтайды.

3. Стилистикалық коннотация. Лингвистикада жиі қолданылатын келесі әмбебап құбылыс – коннотация. Коннотация ұғымының жан-жақты мәнін ескере келіп, Г.В.Колшанский, М.Н.Кожинаның ізімен біз де жұмысымызда осы ұғымды басшылыққа аламыз. Оған коннотация ұғымының мынадай ерекшелігі негіз болады: 1) оның деривативті мүмкіншілігі кең; 2) М.Н.Кожинаның ескертуі бойынша, коннотация термині «стилистикалық мағына», «стилистикалық бояу» ұғымдарына қарағанда жалпы және олардың барлығын жинақтап атайды.
3-билет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет