Портреттік очерк. Мұнда озат азаматтардың асқақ бейнесі жасалады, олардың үлгілі ісі, рух-байлығы, адамдардың мінез-құлқы, әлеуметтік белсенділігі, басқа да жағымды қасиеттері, соларды қалыптастырудағы қоғамның, ортаның ықпал-әсері ашылады. Портреттік очерк кейде бір жеке шаруашылықтың, өнеркәсіп ұжымының еңбегін көрсетуге, солардың ұжымдық портретін жасауға арналады.
Проблематикалық – аналитикалық очерк те әлеуметтік, экономикалық, саяси өміріміздегі моральдық тұрмысымыздың өмір-салтындағы жаңалықтардың күн тәртібіне қойылып, шешілуін талап ететін проблемалық мәселелерді көрсетеді. Ол көбінесе аудан, ауыл, өнеркәсіп орындарының өмірінен алынып жазылады. Мұнда аналитикалық пікір-толғанысқа бару, сын айту басым жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |