Жолсапар очеркі. Бұл очерк жанрының ең көне түрі. Ол автор жол-жөнекей көрген-білгенін, кездесулер мен куәсі болған оқиғалардың негізінде жазылады. Автор өзін толғандыратын әлеуметтік – экономикалық, ғылми, мәдени, салттық-саналық мәселелерді ғана іріктеп әңгімелейді.
Суреттеме очерк. Мұнда кейіпкер мен ұжым бейнесін ашатын өмірбаяндық бірер ғана емес, нақты факті алынады. Оны көрсетуге очерк табиғаты суреттеудің очерктік жүйесі қолданылады. Ол болған оқиға, орын алған фактімен оперативті түрде жазылады.
Заметка. Хроникалық заметка жаңалық берудің ең қарапайым түрі болып есептелінеді. Оның көлемі екі жолдан 10-15 жолға дейін болып келеді. Жанрлық ерекшеліктерден туындайтын талаптар информацияны беру кезіндегі тілдің стиліне көп әсерін тигізеді.