Бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилі пәнінің мақсаты мен міндеттері


Газет жанрларының тілдік, стильдік ерекшеліктері



бет3/23
Дата11.05.2020
өлшемі63,82 Kb.
#67101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
БАҚ емтихан

Газет жанрларының тілдік, стильдік ерекшеліктері

7. Газетке тән жанрлар.

8. Газеттегі шағын жанрлардың тіл мәдениеті

9. Бас мақала және оның лексика-стилистикалық құрылымы

10. Бас мақаланың жанрлық ерекшелігі

Газеттің негізгі жанрлары ретінде хабар (информация), шетелдік корреспонденция, есеп, үгіт-насихат мақалалары, проблемалық мақала, очерк, сұхбат, репортаж, фельетон, пікір, рецензия есептеледі. Осы аталған жанрлардың бәріне ортақ ерекшеліктер:



  1. фактіге, нақты дереккөзге сүйенетіндігі;

  2. фактілер мен деректердің жаңа болуы,

  3. фактілер мен деректерді дәл жеткізетіндігі;

  4. шұғылдылығы;

  5. оқырманды сендіріп, әсер ете алатындығы,


Репортаж. Бұл жанр төңірегінде зерттеушілер арасында түрлі көзқарастар бар. Ал, осы пікірлерден шығатын қорытынды, біріншіден, репортаж – негізгі фактіге құрылатын, оқиғаны шындықпен суреттейтін әрі белгілібір объектіге арналатын жанр. Бұл қасиеттердің барлығы оның хабарлама жанрына жататынын дәлелдейді. 

Зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, корреспонденция репортажға жақын, сол сияқты оның бойынан мақал мен очерктің де элементтері кездесіп қалады. Бірақ, оның да өзіндік жазылу шеңбері, сөз қолдану жүйесі бар. Корреспонденцияның стилдік әрі жанрлық ерекшелігі материалды жинап, қорытуынан, оқырманға ұсыну үлгісінен байқалады. Бұл жанр газет бетінде көп кездеседі. Ол негізінен озат адамдардың істерін үлгі етіп, жақсы тәжірибелерді көпшілікке насихаттайды.

Очерк. Публицистикалық жанрлардың ішіндегі ең қиын да күрделісі. Оны тілдік қызметіне қарап екі жанрға жақындастыруға болады. Бірі – публицистикалық, екіншісі – көркем әдебиет, очерктің портреттік, жолсапар, проблемалық деген түрлерінің барлығы белгілі. Жалпы алғанда «Очерк публицистикалық жанр ретінде үлгілі оқиғаны, құбылысты, оның кейіакерлерін насихаттайды




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет