Мәтінге сүйеніп сөйлеу
Тәжірибелі ораторлар мәтінге сүйеніп сөйлеуге кеңес береді. Бұл дегеніміз жазылған мәтінді жақсылап түсініп алу, проблеманы жан-жақты талдап алу, негізгі ой айтылар тұстарды белгілеп алу, бір ойдан келесісіне көшкенде сабақтастықтың болуын ескеру, мәтінді бірнеше қайтара оқып шығу, дауыстап оқу, мазмұн мен жоспарды ойға түйіп алу деген сөз.
Мәтінсіз, ешқандай жазбасыз сөйлеу
Көптеген ораторлардың арманы – тыңдаушылардың алдында ешқандай жазбасыз сөйлей білу шеберлігін меңгеру. Бұл оңай шару емес, бұған тәжірибе мен кәсіби машық керек.
Сөйленетін сөздің құрылымы дегеніміз не?
Композиция дегеніміз латын тілінен алғанда compositio «құрылым, шығарма» деген мағынаны білдіреді. Бір сөзбен айтқанда сөздер мен сөз бөліктерінің құрылымы немесе олардың өзара сабақтаса байланысуы. Ораторлық өнерде сөйленетін сөздің құрылымы дегенде, сөздің дұрыс құрылуын, олардың жеке бөліктерінің байланысын және әр бөліктің бір нақты идеяға жұмылуын, үйлестірілуін айтамыз. Ауызша сөйлеу барысында материалдарды дұрыс пайдалану, сөздің барлық бөліктерін жүйелі орналастыру тікелей оратордың ойымен және сөздің мазмұнымен анықталады. Егер де сөз бөліктерінің байланыс үндестігі бұзылса, онда сөздің тиімділігі төмендейді
Аудиторияның ықыласын аударудың тәсілдері
Көпшілік алдында сөйлеудің өзіндік ерекшеліктері бар, оларды композицияның негізгі бөлімін құрастырғанда ескеру қажет. Кез-келген шешендік сөз аудиторияның қызығушылығын, әрі олардың бойында қозғалатын тақырыпты тереңірек білуге деген құлшынысын тудыруы керек. Тек қызықты, мазмұнды дәрістер, баяндамалар үлкен ықыласпен тыңдалады. “никогда, никакими словами вы не заставите читателя познавать мир через скуку” деп а.толстой тегін жазбаған, бұл қанатты сөзді оратор әрқашан есте ұстауы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |