Бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилі пәнінің мақсаты мен міндеттері


Өзіндік позицияңды анықтап нақтылау



бет22/23
Дата11.05.2020
өлшемі63,82 Kb.
#67101
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
БАҚ емтихан

Өзіндік позицияңды анықтап нақтылау

Әдебиеттерді оқу барысында салыстырулар, ассоциациялар пайда болады, өмірдегі нақты құбылыстармен астастыра қарастыру қажеттігі туады, ойды ой қозғайды, жаңа тұжырымдар туындайды. Сондықтан да оқыған жайттарыңды көңілге тоқып, ол туралы авторлармен пікір алмасып, оқығаныңды күнделікті оқиғалармен сабақтастыра қрастыруға бола ма, соны түсінуге тырысу, оны қалай және қашан қолдануға болатындығы жөнінде ойланып-толғану керек, оны көшіріп алып, сол күйінде қолдана салу дұрыс емес.

Дайындықтың түрлері

Сөйлейтін сөзіңді жазып алу қажет пе, әлде...

Римдік оратор Квинтилиан: “лишь с помощью писания можно достигнуть легкости речи” деп айтып кеткен, бұл пікірдің жаны бар.

Әрине, сөйлейтін сөзіңді алдын-ала жазып алу оңай жұмыс емес, сондықтан да көп адамдар еріншектік танытып, өз сөздерін қағазға түскен ойдан, ауызша пішінде жеткізетін ой жақсы дегенге сендіреді. Ал негізінен ойыңды жазбаша түрде қағазға түсірудің көптеген артықшылықтары бар. Жазылған сөзді тексеруге, түзетуге мүмкіндік бар. Мәтінді білетін адамдарға, жақындарыңа, арнайы мамандарға көрсетіп, оның мазмұндалу барысын, мазмұны мен пішініін жетілдіруге қол жеткізуге болады, егер керісінше, сөзімді ауызша айта салам десең, мұндай нәтижеге қол жеткізе алмайсың.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет