Бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилі пәнінің мақсаты мен міндеттері


Газеттің әлеуметтік-қоғамдық қызметінің түрлері



бет18/23
Дата11.05.2020
өлшемі63,82 Kb.
#67101
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
БАҚ емтихан

Газеттің әлеуметтік-қоғамдық қызметінің түрлері

1.Газет ұстанатын бағыттар

2.Бұқаралық ақпарат құралдарындағы редактордың қызметі

3.Ақпарат алу, үгіт-насихат жүргізу мақсатындағы материалдардың тілдік, стильдік ерекшеліктері


  1. «Қазақ» газетін шығарған ұлт жанды А.Байтұрсынов: «Газет-халықтың тілі, көзі һәм құлағы» деген.

Шынында да тілші қызықты фактілерді, бағалы пікірлерді, кеңестерді, ұсыныстарды бал жинаған арадай жинап, сонан соң оларды екшеп, електен өткізуі керек.

Қаламгердің публицистикалық қызметі газет бетіндегі жарияланатын материалдың, эфирден өтетін хабардың көркемдік сапасы мен мазмұнның формасына байланысты. Журналист шығармашылығында мазмұнның өзінің бірнеше элементтері болады.

1.факт

2.проблема



Журналист шығармашылығы фактінің атқаратын қызметі сан алуан. Фактілер, идея, проблема, тартыс, аргумент /дәлел/ , образ, деталь,эпизод,штрих, парадокс, символ, жинақтау және талдау үшін қажет. Фактілер журналистік шығармашылықтың деректі негізі бола отырып, автор пікір мен авторлық баға беруімен, болжамымен тікелей байланысып жатады.

Журналист шығармашылығының екінші мазмұндық элементі проблема болып табылады.Проблема дегеніміз-білмейтін нәрсе туралы білу, сондай-ақ, қоғамдық өмірдің белгісіз қасиеттерін ашу, шешімін таппаған мәселелер, проблемалық логикалық формасы ретінде автор өз алдына сұрақ қояды.

Журналист творчествосындағы мазмұнның үшінші элементі-ИДЕЯ. Бүкіл шығармада немесе хабарда айтылатын ойлар, пікірлер белгілі бір идеяның қызметі.Журналистік шығармада актуальді идеялар, қоғамдық маңызы зор идеялар, ғылыми және рухани маңызды идеялар арқау болуы мүмкін. Шығармадағы фактілер , проблемалар, пікірлер оқырманға , көрерменге идеяны ұсыну үшін қызмет жасайды.

Мазмұнның тағы бір элементі-АРГУМЕТ. Аргумент дегеніміз-шығармада журналистің өз пікірінің дұрыстығын көрсететін дәлеледер жиынтығы. Аргумент дегеніміз-дәлелдіңнегізі болып табылады.Осы элементтерді қамти білген шығарма терең мазмұнды шығарма болып табылады.Осы элементтерді орнымен пайдалана білу журналист шеберлігін танытады.Журналист творчествосының сәтті шығуы үшін формдық элементтердің атқаратын ролі де орасан зор. Форманың негізгі элементтері ІІІ топқа топтастырылады:

1.Сюжеттік композициялық элементтер

2.Жанрлық элементтер

3.Лексикалық, стилистикалық элементтер

Журналистикадағы сюжет болған оқиғаның даму процесін, шиеленісін, оқиға шешімін көрсетеді.


2. бас редактор (редактор) – бұқаралық ақпарат құралының редакциясын басқаратын және оны шығару мен таратуға, эфирге шығаруға тиiсiнше өкiлеттiгi бар жеке тұлға;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет