Бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилі пәнінің мақсаты мен міндеттері


-билет Публицистикалық және көркем әдебиет стилі



бет19/23
Дата11.05.2020
өлшемі63,82 Kb.
#67101
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
БАҚ емтихан

9-билет

Публицистикалық және көркем әдебиет стилі

4. Публицистикалық стильдің өзіне тән ерекшеліктері

5.Көркем әдебиет стилінің ерекшелігі мен ұқсастықтары, өзге де стиль түрлерінің аралас қолданылуы
Публицистика (латынша: publicus – көпшілік, әлеумет) – қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журанлдардағы мақалалар, памфлет, очерк т.б. шығармаларды, шешендік сөздерді публицистикалық стильдің ауызша түріне жатқызып жүр.

Публицистикалық стильге БАҚ-тың тілі жатады. Ол қай кезеңде де қазақ әдеби тілінің толық орнығуына тікелей ықпал етуде. Егемендік кезеңде публицистикалық стильдің қызметі жаңаша қырынан көрінді. Қазақ тіл ғылымының барлық салаларына қатысты оның көкейкесті мәселелерінің негізгі түйін қорытындыларын осы публицистикалық стильде жазылған шығармалар беріп отырады.

Жаңа сөздердің енуі, сөз мағынасының кеңеюі, кейбір сөздердің мағынасы тарылуы, тіпті қолданыстан шығып қалуы, терминдердің енуі, жаңаша, мәндес тіркестердің пайда болуы — бәрі осы публицистикалық стиль арқылы танылды.

2. Көркем әдебиет стилі - проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі). Көркем әдебиет стиліне тән бірнеше ерекшеліктер бар. Солардың бірі - тіл байлығы. Көркем шығармапарда қолданылмайтын сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер аз. Кез келген шығарма тек қана авторлықбаяндаудан ғана емес, кейіпкер тілінен де турады. Ал кейіпкерлер әр жастағы, әр мамандықтағы, әр дәрежедегі білімді адамдар болып келетіндігі белгілі. Сондықтан да көркем шығармада кәсіби сөздер де, жергілікті тіл ерекшеліктері де, жаргондық сөздер де ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің екінші ерекшілігі - оның көп стильді болып келетіндігі. Мұның мәнісі қай жанрда жазылған шығарма болса да, онда тіл арқылы қарым-қатынас құралдарының барлық түрінің қолданылуында, яғни ауызекі сөйлеу тіліне қоса, публицистикалық, ғылым, ресми стильдердің элементтері осы стильде әр түрлі ыңғайда ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің тағы бір ерекшілігі бұл стильде орындалатын еңбектердің басты міндеті эстетикалық тәрбие беретіндігімен тығыз байланысты болып келеді. Екінші сөзбен айтқанда, көркем шығармада сөздің эстетикалық қуаты, сөздің бейнелілігі алғашқы орынды алады. Сондықтан да троптардың және фигуралардың барлық түрлері басқа стильдерге қарағанда Көркем әдебиет стилінде барынша мол жұмсалады. 

10-билет

Электронды коммуникацияның тілі мен стилінің міндеті мен мақсаты



6.Радио тіліне қойылатын талаптар

7. Телевизия тіліне қойылатын талаптар

1. Радиода тілдік безендіру, бейнелеу ажарлау, мәнерлеу - хабардың сапасын артырып, көркемдігін күшейтеді. Тілдік безендіру - радио хабарларының көркем шығуына қызмет ететін фактор. Бұл орайда лиризмнің орны ерекше. Лиризм - адамның көңіл-күйі мен ой-сезіміне қозғау салады. Ал, бұл жағдай радиотыңдаушы үшін аса қажет. Дәріс кезінде белгілі бір хабар негізге алынады. Радио хабарларын безендірудегі тағы бір жол - акустиканы пайдалану. Акустика радио мен телевизияда ерекше рөл атқарады. Акустика - тіл әуезі туралы ілім. Ол гректің «естілу» деген сөзінен шыққан термин. Радио мен телевизияда акустика хабарлардың дұрыс жасалауына әсер ететін фактор. Раднода хабарларды акустикалық безендіру құралдары - сөз дыбысы, шу, музыка, монтаж. Яғни, хабар ішінде әртүрлі дыбыстарды дұрыс жазып, оны әсерелеу тәсілдері бар. Радиода тілдік безендіру - фонетика мен орфоэпияның заңдылықтарын ескере отырып жасалады. Және оған акустика заңдылықтары қоса пайдаланылады. Дыбыстық безендіру жұмыстарымен негізінен дыбыс режиссері айналысады. Бірақ, оған әрбір сөздің үндік бояуларының табиғатын танытып отыратын радиожурналист немесе редактор. Осы орайдағы журналистің міндетті жұмыстарына студенттерді машықтандыру жайында әңгіме болады.

2. Бүгінгі күнде телеарналардағы жүргізушілердің сөйлеу мәнері де әр алуан. Мәселен, жаңалықтар жүргізушісі өте шапшаң, бірсыдырғы тездетіп хабарлау тәсілін ұстанса, музыкалық немесе көңіл көтеру бағдарламаларының жүргізушілері жеңіл әрі ойнақы нақышта сөйлеу мәнерін ұстанған. Бұдан жүргізушілер қазақы сөз саптау жүйесін бұзып, әріптердің дыбысталу нормасынан алшақтап, сөз арасындағы кідірістерді де жасанды жасауына тап болып жатыр. Әсіресе, орыс тілі немесе ағылшын тілінің мәнерінде сөйлеуге жол бермей, ақпаратты қоңыр дауыспен ырғақты етіп жеткізуге күш салу қажет.

Дыбысталу жағынан алып қарағанда, сөйлеу жік-жігімен айтылған дыбыс шумақтарының тізбегінен құралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде жігі ажырап, кіші топтарға(үзбелерге) бөлшектенеді. Олар сөйлеудің фонетикалық бірліктері ретінде қаралады. Олар мыналар:


  1. Фраза

  2. Такт

  3. Буын

  4. Дыбыс

11-билет


Радио тілі мен стилі

8.Радио тілінің ерекшеліктері мен оған қойылатын талаптар

9.Сөйлеу тілі мен радио тілінің ерекшелігі


  1. Ұзақ уақыт талқылауға түскен Бүкілодақтық радио 1929 жылы қаңтардан бастап хабар тарату жұмысын бастады. Алғашында радиода кететін қателіктер де оған қатысты проблемаларда көптеп кездесті. Алайда даму кезеңінде радионың өзіндік ерекшелітері туралы айтуымызға болады. Алғашқылардың бірі болып – хронометраждың принципі жарияланды. Хабардың ұзақтығы материалдың мәнділігіне, тақырыптың маңыздылығына , хабардың тыңдалуынп тікелей байланысты болды. Радиохабар тілінің ұғынықтылығы, радионың сөйлеу стилі туралы көп айтылады. Радиожурналистің табан астында суырып салу дарыны болуы жоғары бағаланады. Және радиода фонетиканың, синтаксистің, орпоэпияның қарапайым ережелері радиода маңызды. Жүргізуші сөйлеу мәнерімен, дикциясымен, шешендік қабілетімен тыңдарман көңілінен орын алады. Кейбір сөздерге ерекше екпін тастап, интонация жасауы негізінде автор ойын анық түсінеміз.

  2. Тікелей көпшілік алдында, не радио, телевизор арқылы сөйлеу күнделікті өмір қажеттілігіне айналды. Күн сайын, сағат сайын, ертелі кеш баяндамалар жасалып, мақала, өлең, әңгімлер оқылып, шаруаларға кеңес беріледі. Олардың көбі мазмұнды, өткір, тілі орамды. Десек те, кейбір хабарларда дауыс ырғағы жетіспей жатады.

Сөйлеу тілі адамдардың бір-бірімен күнделікті қатынасында пайдаланады. Сондықтан, онда тілдің коммуникативтік функциясы баса сезіледі.

Сөйлеу стилі белгілі бір жағдайда тікелей жасалатын қатынас стилі болғандықтан, ол сөйлеудің ауызша формасымен тығыз байланысты. Ауызша сөйлеуде еркіндік басым келеді. Яғни үйреншікті жағдайда адамдар қысылмай еркін сөйлеседі. өйткені онда күнделікті өмірге байланысты мәселе сөз болады. Сондықтан сөйлеу тақырыбына сай тұрмыста көп жұмсалатын үйреншікті сөздер мен сөз тіркестері қолданылады. Бұл сөйлеу – тіліне тұрмыстық сипат беріп, оны қарапайымдандырады

Радиотілінде де жанрларына сай хабарлардың өзіндік ерекшелігі мен тіл, стильдік өзгешелігі болады. Ақпараттық хабарларда ресми стиль, көңіл-көтеретін және танымдық хабарларға публицистикалық, әдеби стильдер пайдаланылады. Сонымен бірге балаларға арналған хабарларда оқиға түсінікті баяндалуға тиіс болғандықтан сөйлеу стилі мен кітаби стиль пайдаланылады. Сонымен бірге әрбір хабар қандай стильді пайдаланылғанымен де бағдарлама өзінің мақсатына жету үшін ондағы пайдаланылатын интонация, дыбыс үйлесімділігі, музыка сәйкестілігі де әсер етеді.
12-билет

Тележурналистикадағы тікелей эфир табиғаты және осы саладағы стиль мәселесі

10. Тікелей эфир табиғатының ерекшелігі. Ауызша және жазбаша сөйлеу

11. Тележурналистика саласында жиі пайдаланылатын стиль түрлері және оның өзіне тән ерекшелігі


1 Тікелей эфирге тән ерекшеліктерді атап өтіп, олардың әрқайсысына талдау жасамас бұрын, “Тікелей эфир дегеніміз не?” деген сауалдың жауабын іздестіруге тура келеді. Ендеше тікелей эфир туралы ғылыми анықтаманы тұжырымдап көрейік. Тікелей эфир – тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі, шығармашылық-техникалық сипаттағы соңы технологиялық прогресс, аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі, өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс. Түптеп келгенде, алуан түрлі пішіндер мен жанрлық ерекшеліктерді қамтып, бір мезгілде атқарылытын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесім мен жүргізушінің лингвистикалық және психологиялық белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде жүзеге асатын қызмет жүйесі. Бір кездері пішін ретінде қарастырылған тікелей эфирдің өзінің бірнеше пішіні пайда болды: телеүндесу, кері байланыс, студиядағы хабар, ток-шоу тағы тағы сол сияқты. Оның үстіне қазіргі тікелей эфир бұрынғыдай бір жақты сипат алмайды. Тікелей эфир- аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі. Ең бастысы, тікелей эфирдегі диктордың оқуы журналистің жүргізуіне алмасты. Бұл жөнінде зерттеуші В.Л. Цвик мынадай тұжырым жасады: «Жүргізуші- журналистің тікелей эфирдегі табысы- кәсіби шеберліктің, айрықша қабілеттің, тамаша тапқырлықтың жемісі»

2.


13-билет

Сөйлеу техникасын дамытудағы БАҚ-тың рөлі

12.Сөйлеудегі қосымша құралдар

13.Тілдік талғам рөлі

14.Тележурналистикадағы интонация, екпін, кідіріс. Дауыс техникасының ерекшеліктері мен сақтау тәсілдері

15. Техникалық кідірістер, қолданылу ережесі

1. Телерадиохабарларды жүргізушіге қойылатын негізгі талаптарды нысанаға алсақ:

1. «Музыкалық жүргізуші тікелей эфирден тіл қатқанда оның әуезінде ешкімге ұқсамайтын өзгешелік, эмоционалдық сипат, соған қарамастан шынайы табиғилық болуы шарт.

2. Ол өз радиостанциясын эфирге шыққан сайын әдемілеп әйгілеуден жалықпағаны жөн. Өйткені, оны тыңдап отырған кісі "Бұл қай радио екен?" деп бас қатырмауы керек.

3. Керісінше, басқа радиоларды немесе олардың жүргізушілерін жарнамалаудың еш реті жоқ. Оны да естен шығармаған абзал.

4. Музыкалық жүргізуші — музыкалық сыншы емес. Демек, эфирден берілген әндер жайлы жағымсыз пікір айтуға хақысы жоқ. Әлбетте, музыка әлеміндегі қызықты да құнды жаңалықтарды, көпшілікті елең еткізетін деректі мәліметтерді ұсынуға міндетті.

5. Музыкалық жүргізуші саясат, экономика, дін тапқырыбында сөз қозғауға тиісті емес. Оның міндеті — тамаша туындыларды таңдап, керемет әуендерді кезекпен беріп тындарманның қажетін қанағаттандыру.

6. Ол өзінің және өз радиостанциясының проблемасын (соның ішінде техникалық) айтып, жұрттың жүйкесін жұқартуға тиісті емес. Егер проблеманы айтып, таусылып, шағына берсең, тыңдарманың сенен жалығып, басқа радиоарнаға құлақ түруі әбден мүмкін.

7. Музыкалық жүргізушінің эфирді жүргізіп отырып, эфирден берілген радиороликтерге, джинглдарға, әндерге қосылып шырқауға қақысы жоқ. Ол өз кезегінде әдепсіздік, эфир мәдениетін төмендету болып есептеледі. Өйткені, музыкалық жүргізуші даусы қаншалықты жақсы болғанымен, бәрібір әнші емес.

8. Музыкалық жүргізушінің қандай да бір музыкалық шығарманы қақ ортасынан бөліп жіберіп эфирге шығуы — үлкен ағаттық. Ол әнді тыңдап отырған адамға да, ән авторына да кері әсер ететінін ескерген жөн.

9. Музыкалық жүргізуші өз эфирін аяқтағанда радиостанция жұмысын біржолата тоқтатқандай етіп қоштаспауы керек» - дейді "Ди-джей актеры радио" атты еңбекте.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет