БҚО білім басқармасының
2012 жылғы «____»____________ №________ бұйрығына
1 қосымша
«Интерактивті құрылғы қолданылатын үздік әдістемелік әзірлеме»
қашықтық байқауының
ЕРЕЖЕСІ
1. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері.
1.1. Байқаудың мақсаты: интерактивті құрылғыларды оқыту үрдісінде қолданылу әдістемесін дамыту және озық тәжірибелерді тарату.
1.2. Байқаудың міндеттері:
- оқу үрдісінде интерактивті құрылғыларды қолданатын мұғалімдерді мадақтау және қолдау;
- интерактивті құрылғыларды қолдануға негізделген оқу жадығаттарын анықтау және тарату;
- практикалық міндеттерді шешуде интерактивті құрылғыларды қолдануға пән мұғалімдерін көптеп тарту;
- мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін көтеру;
2. Байқаудың ұйымдастырушысы
«Облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығы» (әрі қарай - Орталық).
3. Байқауға қатысушылар
Байқауға жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері қатыса алады. Қатысушылар жеке немесе ұжымдық жұмыстарын ұсына алады.
4. Байқаудың өткізілу мерзімі.
Байқау барлық номинациялар бойынша қашықтық түрде өткізіледі.
5. Байқаудың шарттары.
Шығармашылық жұмыс (сабақтың конспект-жоспары), қатысушының әдістемелік әзірлемесі белгілі бір тақырыпқа (бөлімге) арналады, электрондық нұсқасы жасалады (дискте аты-жөні, жұмыс атауы жазылады), сабақта бір немесе бірнеше компьютер, интерактивті тақта, Xplorer GLX құрылғылары, интерактивті интернет-ресурстар немесе модельдеуші бағдарламалар болуы мүмкін.
Байқау бойынша төмендегі номинациялар бойынша өткізіледі:
Сабақтың үздік интерактивті сүйемелдемесі (флипчарттар, сандық өлшеу аспаптары, бағдарламалар т.с.с.).
Кабинеттің үздік ұйымдастырылуы (мультимедиалық-лингафондық, информатика кабинеті, әмбебап кабинет т.б.)
Үздік интерактивті интернет-ресурсты немесе бағдарламаны қолдану.
Байқаудың ережесіне сәйкес жасалған шығармашылық жұмыстар Орталыққа 25 қарашаға дейін жіберілуі керек, талаптарға сай келмейтін немесе көрсетілген мерзімнен кешігіп жіберілген жұмыстар қарастырылмайды.
Қашықтық байқаудың қорытындылануы 2012 жылдың 3 желтоқсан күні он-лайн режимінде www.ashyk-sabak.kz сайтында өткізіледі.
6. Байқау жадығаттарына қойылатын талаптар.
Байқау жадығаттарының құрылымы:
Байқауға қатысуға сұраныста толық ақпарат беріледі: автордың (авторлардың) толық аты-жөні, лауазымы, жұмыс орыны мен байланыс телефоны.
Титулдық бет: байқаудың атауы, номинациясы; пән, сабақ тақырыбы; сыныбы, білім мекемесінің толық атауы; жоба авторының толық аты-жөні, лауазымы.
Шығармашылық жұмыстардың электрондық нұсқасы CD немесе DVD диске жазылады. Диск сыртына атауы, авторы жазылуы керек.
Сабақтың конспект-жоспары:
- пән, сыныбы, сабақ тақырыбы.
- сабақтың мақсаттары: білімдік, дамытушылық, тәрбиелік; сабақтың міндеттері.
- сабақтың барысы және автордың шығармашылық әзірлемесінің сабақтағы алатын орыны.
Еркін формада жазылған мәтіндік комментарий-түсініктемеде жобада қолданылатын негізгі ұстанымдар сипатталып, қолданылуы туралы ұсыныстар беріледі.
Қажетті ресурстар мен жадығаттар: жобаны компьютерде іске қосуға арналған бағдарламалар, қосымша талаптар (қосымша құрылғылар, компьютер құрылымына қойылатын талаптар, қажет болған жағдайда қосымша техникалық ресурстар).
Дерек көздері: қолданылған әдебиеттер, интернет адрестері.
7. Шығармашылық жұмыстарды бағалау көрсеткіштері:
Сабақтың мазмұны (жоспар-конспектісі):
Шығармашылық жұмыс мазмұнының пән бойынша ең төменгі міндетті білім деңгейіне сәйкес келуі; сабақта қолданылатын қосымша мәліметтердің тақырыпқа, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі;
Сабақта қолданылатын нысандар мен әдістердің тиімді үйлесімділігі;
Сабақта шығармашылық жұмыстардың оңтайлы және мақсатты қолданылуы;
Сабақтың нәтижелілігі (оқушылар қандай нәтижеге жетті, олардың іс-әрекеттерінің түрлері) және оған жетуге авторлық әзірлеменің ықпалы;
Мәтіндік түсіндірме-коментарийде ақпараттың толық болуы.
Шығармашылық деңгейі:
Өзіндік шығармашылық көзқарасы;
Бірегейлігі.
Шығармашылық жұмыстың техникалық сапасы:
Безендіру эстетикасы мен әзірлеменің дизайны;
Технологиялылығы мен қолданылуының қарапайымдылығы.
Сайыс бойынша сұрақтарды 26-04-64 телефоны арқылы қоюға болады.
8. Сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау және марапаттау.
Сайыс қорытындылары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.
І орын – 1
ІІ орын – 1
ІІІ орын – 1
Қазылар алқасының шешімімен үздік номинацияларға мақтау грамоталары және бағалы сыйлықтар беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |