Бас мақала тақырыптары жанрлық ерекшеліктеріне қарай сан алуан болады. Оларда саясат, өндіріс, қоғам өмірі, идеология, мәдениет, әлеуметтік өмір сипаттары т.б. қамтылуы лексикалық қолданыстардың әркелкілігіне, кейбір ала-құлалықтардың болуына жол ашқанмен, қарапайым элементтердің қатыспауына, олардың әдеби тілдік нормалармен қатар қолданбауына қатты көңіл бөлініп отырады. Оның себептерінің бірі- бас мақалаларда ұсақ проблемалар көтерілмейді, негізінен, мемлекеттік, жоғары, аса жоғары деңгейдегі саяси идеологиялық мәселелер әңгіме арқауы болады. Сондықтан бас мақалаларда қолданыс аясы тар арнайы лексика, жергілікті тілдің сөйлеу ерекшеліктері, жаргондар, яғни әдеби тіл нормасы шеңберінен шығып кетпеу негізгі талаптардың бірі болып саналады. Әдеби тілдің нормасына сай келмейтін сөздер бас мақаланың сөздік құрамына енбейді.
4-билет
Достарыңызбен бөлісу: |