9-сыныпқа арналған олимпиада тапсырмалары Диктант Жақсылардың жақсысы



Дата17.01.2023
өлшемі19,67 Kb.
#165753
Байланысты:
9 сынып олимпиада
TeoriaVer

9-сыныпқа арналған олимпиада тапсырмалары
Диктант 
Жақсылардың жақсысы 
Баяғыда бір ақылды қарияның жалғыз қызы болыпты. Қария бірнеше бөлмелі, жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйінің айналасы бау-бақша екен. Қарияның кішкене қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Қыз кірмеген жалғыз ғана бөлме қалады. Ол бөлме жабық тұрады екен.
Бір күні қыз қарияға:
- Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда, жақсырақ қой деп ойлаймын, - дейді.
- Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың. Өскенде бұл бөлмені саған беремін. Сен оған өмір бойы риза боласың, - деп жауап қайтарады әкесі.
Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп бой жетеді. Қария қызына жабық бөлменің кілтін ұсынады. Қыз қуанып есікті ашып жібереді. Сонда оның көргені – ұршық пен өрмек және кітап. Олардан өзге түк жоқ. Қыз әкесіне жылап келіп:
- Әке, сен жабық бөлмеде жақсылардың ең жақсысы бар деген едің. Мен одан ұршық, өрмек, кітаптан басқа еш нәрсе таппадым, - дейді.
- Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! Ұршық пен өрмек болса, еңбегің жанады. Ал кітап оқысаң, білім артады. Дүниеде бұдан артық жақсы жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады, - деп түсіндіреді қария. (30 ұпай)

Тест сұрақтары



  1. «сұлу» деген мағынаны білдіретін фразеологизмді табыңыз

а)көзді ашып жұмғанша
ә)көзі көрген
б)ай десе аузы, күн десе көзі
в)ит өлген жерде



  1. Мақалды аяқтаңыз: Өнер алды ...

а)ойлап сөйле
ә)өз тіліңді құрметте
б)қызыл тіл
в)келер басыңа



  1. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз.

а)көзді ашып жұмғанша 
ә)көзіңді аш
б)көзіңді жу
в)тез бар



  1. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. ... көріп келдім.

а)өзіне
ә)өзінде
б)өзін
в)өзінің



  1. «жаман» сөзінің синонимін табыңыз.

а)олақ
ә)тамаша
б)тәуір
в)нашар



  1. Мақсатты келер шақтағы етістігі бар сөйлемді табыңыз.

а)Кеше кешке мен теледидар көрдім
ә)Сен осы жерде тұрасың ба?
б)Мен ауылда болғанмын
в)Мен бүгін үйге ерте бармақпын



  1. Септік жалғауы бар сөзді анықтаңыз.

а)сыныбында ә)баяғыда б)ұмытпа в)арманда



  1. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңыз.

а)лар ә)ның б)пін в)хана



  1. Айтылуы бойынша дұрыс жазылған сөзді табыңыз

а)Айтбек ә)өсүмдүк б)басшы в)көзқарас



  1. Мына сөйлемнің дұрыс аудармасын табыңыз. Олжас хотел учиться.

а)Олжас оқуға барды.
ә)Олжастың оқығысы келді.
б)Олжас оқуды армандады.
в)Олжас оқығысы келеді.
(20 ұпай)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет