Ақ көңілді қонақтар, армысыздар, Сағындырып жауатын қармысыздар!



Дата11.01.2017
өлшемі129,55 Kb.
#6722
«Мәңгілік тағзым»
Жүргізуші: Ақ көңілді қонақтар, армысыздар,

Сағындырып жауатын қармысыздар!

Қыран құстың шоғыры секілденіп

Бәріңіз есен-сау бармысыздар!Қайырлы күн, қадірлі зиялы қауым!

Бүгінгі біздің мектебімізге «Мәңгілік тағзым» атты жиынымызға қош келдіңіздер.Келген қадамдарыңызға нұр жаусын.

I.Сан ғасырлар тарихынан кешегі,

Туған жердің шежіресі өседі.

Менің елім-Қазақстан Отаным

Болашағы бізбен бірге өседі.

II.Жұрттан озған ел боламыз,сеніңіз

,Тәуелсіздік алған біздің еліміз.

Соғыс болмай жер бетінде барша адам

Бейбіт күнде тек бақытты көріңіз.

1-жүргізуші:Құрметті қонақтар,оқушылар, ұстаздар!

Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жан қиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын тарихқа айналды.Сондықтан бүгінгі жиын Ұлы Жеңістің 68 жылдық мерекесіне, Чернобыль оқиғасының 27 жылдығына, Ауған соғысының аяқталғанына ақпанның 15-жұлдызында 24 жыл толуына ,7 мамыр Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері күнінің 21 жыл толуына ,яғни осы атаулы күндерге арналады.



2-жүргізуші:Өкінішке орай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарымыздан алып кетіп жатыр. Бірақ ешкім де, ештеңе де ұмытылмауы тиіс!Себебі, бұл-біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!

Бүгінгі жиынымызды 4 бөлімге бөліп отырмыз:

1. «Ер есімі-ел есінде»

2. «Ерлік кездейсоқ болмайды»

3. «Ауғанның отты жалыны»

4. «Көк байрағын көтерген Қазақстан»



I. Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды.

1-жүргізуші:1945 жылы 8 мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап,қол қойды.1945 жыл мамырдың 9-ында бұрын-соңды болмаған мың зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне,Жеңіс күні осылай келген еді.

I.Жауынгер біздің саңылақтар

II.Жауды жеңген солдаттар

III.Ардақты Отан,ел үшін

IV.Бақытты туған жер үшін

V.Жер жүзінде нұр шашып

VI.Жеңіс күні,

VII.Жақсы үміттің шырағы жанды міне!

VIII.Аспан бетін қаптаған қара тұман,

Серпіліп зұлымдықтың сөнді түні.

II.2-жүргізуші:Мұндай жойқын апаттың көріп түрін,

Адамзат естімеген бұдан бұрын.

Талқандап фашистерді азат болған.

Атаймыз жыл сайынғы

Жеңіс күнін!

Халықтың атын самғаттық!

Жасасын Жеңіс!

Тәуелсіз болып болашағың жүре бер.

Болмасын соғыс. Болмасын!

Сүйінші,халқым,сүйінші!

Беліңді бекем буыншы,

Жеңдік жауды күйрете

Жасашы той, мереке.

1-жүргізуші:Оқушылар , дерек көздеріне сүйенсек соғысқа облысымыздан 42509 жерлесіміз аттанып,13287 жауынгер Отан үшін ұрыс даласында опат болса, 29222-сі майдан даласынан оралған.

2-жүргізуші: Бұрынғы Новобогат, қазіргі Исатай ауданынан Отан қорғауға 1670 адам майданға аттанған екен.Неміс-фашистеріне қарсы кескілескен шайқастарда 1200-ден астам асыл боздақтарынан айырылған ауданда тек 400-дей жерлесіміз соғыстан тірі оралу бақытына ие болды. Араға 68 жыл салып, мамыражай көктемнің басты мейрамын елмен бірге тойлау бақыты бүгінде тек бір майдангерге бұйырды. Жеңісті жақындатуға тылдағы қауырт істерге егіс алқаптары мен мал шаруашылығында майданға киім-кешек, азық-түлік өнімдерін дайындауға 2900-дей адам қатысқан.

1-жүргізуші:- Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар майдангер ағаларымыздың рухына бас иіп, 1 минут еске алайық.

Бүгінгі жиынымызға келген қонақтарды құттықтауға сөз мектеп директоры Амантай Ғайнеденұлына беріледі.



2-жүргізуші: Өлең: « Ардагерлерге арнау».

10а сынып оқушысы Бауыржанова Гүлназ.



« Жеңіс күні » әнін қабыл алыңыздар.

Әскери марш. Слайд « Ер есімі- ел есінде»



II бөлім «Ерлік кездейсоқ болмайды»

1-жүргізуші:1986 жылы 26 сәуірде Украинадағы Чернобыль атом электр станциясының 4 блогы жарылып, реактор істен шықты.Апат салдарынан радиоактивті заттар, соның ішінде уран изатопы, плутанин, цезий қоршаған ортаға таралды. Радиоактивті түтін аймақтан асып 10-нан аса мемлекеттің жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз.

Чернобыль апатына қатысқан ардагер ағаларымыз бүгін біздің ортамызда. Ендеше келесі сөз кезегін Алхам,Данабай ағаларымыз алады.



2-жүргізуші:Адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль оқиғасына биыл 27 жыл толады. Осыдан 6 жыл бұрын Астанада Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан ардагерлерге ескерткіш ашылды. 1986 жылы сәуір айындағы Чернобыльдегі апат әлемді дүр сілкіндірді. Бұл оқиға қаншама адамның тәнін ғана емес, жүрегінде де жара қалдырды.

1-жүргізуші:Чернобыль-Украинадағы шағын қалаалардың бірі.Мұндағы атом электр станциясы 1971 жылы салына бастаған. Жоспар бойынша 6 энергия блогының барлығы іске қосылған жағдайда ол Еуропадағы ең алып атом электр станциясына айналуы тиіс еді.Апатты жағдай бәрін бұзды.

2-жүргізуші:1986 жылы 26 сәуір Мәскеу уақыты бойынша түнгі сағат 23 минут 58 секундта әсем де ежелгі Киев қаласынан небәрі 157 шақырым қашықтықтағы Чернобыль атом электр станциясында адам айтқысыз алапат апат болды.

1-жүргізуші:Талайдың тағдырын шайқаған Чернобыль апатын залалсыздандыруға Кеңес Одағы бойынша 276 әскери бөлім қатысқан.Солардың ішінде әскерде жүргендері бар,азаматтық борышын бұрын өтегендерден қайта шақырылғандары бар, жалпы алғанда 30 мыңнан астам Қазақстандықтар бір кісідей жан аямай ат салысты.
2-жүргізуші'> III бөлім. «Ауғанның от жалыны»

2-жүргізуші: Отан үшін өз өмірлерін құрбан етіп, ерліктің үлгісін көрсеткен барлық кезеңдегі қаһарман жауынгерлер есімі ұмытылған емес.Солардың ішінде Ауған жауынгерлерінің ерліктерін ұмытпау –өскелең ұрпақтың қасиетті міндеті.

1-жүргізуші:1989 жылы ақпан айының 15 жұлдызында аналарды перзентінен айырған,мыңдаған жерлес-бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де қайғылы Ауған соғысы аяқталды.Жылдар өткенімен интернационалист-жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда.Біз еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал ақтаған азаматтар деп құрмет тұтамыз.

2-жүргізуші:Бүгінгі біздің кездесуіміздің мақсаты-Ауған соғысы жайлы тереңірек біліп-тану, мәлімет алу.Ержүрек ағаларымыздың ерліктерін болашақ ұрпаққа үлгі ету.

1-жүргізуші:Кеңес Одағының кезінде Украинаның Обруч қаласында құпия әскери бөлімде ракета қондырғысында механик-жүргізуші болып, 24.06.1973жыл мен 23.12.1974 жылдар аралығында Сирия Араб Республикасындағы әскери қимылдарға қатынасып интернационалистік борышын өтеген ардагер ағамыз Жұмағалиев Мұрат Ізімғалиұлы бүгін құрметті қонақтарымыздың бірі. Мұрат ағамыз көрсеткен ерлігі үшін 1973 жылы 6 октябрь күні «6 октябрь» орденімен марапатталған.

2-жүргізуші:Бүгінгі салтанатты кездесуімізге, біз ауылымыздағы «Ауған соғысының» ардагерлерін құрметтеп шақырғанбыз.Сол соғыста ел мүддесін қорғаған ардақты ағаларымызбен таныстырып өтейік.

Олар Мұрат, Қадыржан, Әлмұрат және Арслан ағаларымыз.



1-жүргізуші: Ардақты ағалар! Біз кітаптың бетінен ғана оқып білген сұрапыл соғысты,сіздер өз көздеріңізбен көрдіңіздер, куә болдыңыздар.Сондықтан, оқушылардың сіздерге қояр сұрақтары көп шығар, әрқайсыңыз өздеріңіз жайлы айтсаңыздар.Сұрақ қою:

1.Алхам ағай Сізді Чернобыльге совхоз директоры жіберді ме, әлде өз еркіңізбен бардыңыз ба?

2.Чернобыльде қанша уақыт болдыңыздар?

3. Мұрат ағай Сирия Араб Республикасына баратыныңызды алдын ала айтты ма, әлде құпия түрде апарды ма?

4. Сирияға барудан бас тартқандар болды ма?

5.Сіз Отан алдындағы борышыңызды өтеу үшін қай жерден шақырылдыңыз және Ауғаныстанның қай провинциясында әскери борышыңызды атқардыңыз?

6.Соғыстың алдында сіздерге жаттығу істерін жүргізді ме?

7.Қазіргі кеде Ұлы Отан соғысының ардагерлері аз, сіздерге қандай көмек көрсетіліп отыр?

8.Омырауларыңыздағы алған медальдарыңыз жайлы айтсаңыздар?

2-жүргізуші:Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 24 жыл толған айтулы күнді атап өту мақсатында «Ауғанның от жалыны» атты ауызша журналымыздың үшінші бөлімін бастауға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші:Ауған соғысының аяқталғанына 2012 жылғы ақпанның 15-ші жұлдызында 24 жыл толады.Ауған жеріндегі шайқас ешқашан ұмытылмақ емес.Осы соғысқа қатысқан барша ержүрек жауынгерлердің көзсіз батырлығы ұрпақ санасында.

1-оқушы:

Армысыздар, ағалар, от кешкендер!

Ақ тәндерін боршалап, оқ тескендер.

Армысыңдар, ағалар, ардагерлер!

Ар сыналған жылдарда от кескендер.

Сендер бізге қашанда үлгісіңдер,

Тым алысты көрсетер дүрбісіңдер.

Адамзатқа жақсылық әкелуде

Жапырақты,саялы, бүрлісіңдер.

2-оқушы:

Тұлғаларың әрқашан биік тұрар,

Батыр деген бір сөзге сиып тұрар.

Ізгіліктің,ерліктің, қайсарлықтың

Өсиетін шүмектеп құйып түрар.

3-оқушы:

Тұрғанын байқамаймыз күн жаңарып,

Ұлыста ұл өседі тұлғаланып.

24 жыл өткенін жазды кеше,

Елге де жетті тез-ақ бұл жаңалық.

Биіксің талай-талай кеуделерден,

Мен сіздерді көп сыналар жерде көргем.

Халықтың ұлы болып туғандарға,

Табиғат жүрек берген, өң де берген.

4-оқушы:

Асықпай жылдар енді тұра тұрсын,

Асқақтап ән айтылсын,жыр оқылсын.

Бейбітшілік орнасын бар әлемде,

«Соғыс»деген мәңгілікке жойылсын!

5-оқушы:

Ардагерлер-ағаларым, ақылшы, даналарым!

Азаматтық борышты адал ақтап өттіңіздер,

Мойынға артқан әр істі абыроймен шештіңіздер.

Енді биік еңсеңіз, қадірлейді Еліңіз,

Арамызда аман боп, қамсыз жасай беріңіз!



6-оқушы:

Қасіретін көзбен көрген жалғанның,

Көкірегінде мәңгілікке қалған мұң.

Алдарыңда бас иеміз тағзым қып,

Соғысында қан кешкендер Ауғанның.

7-оқушы:

Туған жердің әр тасы,

Маған ыстық қашаннан.

Бұйраланған аршасы,

Қорғайтын ер боламын.

8-оқушы:

Топталмайтын түнгі ізі,

Ұланы болам Отанның.

Жарқырап жанған жұлдызды,

Жалғаймын жолын ағаның!

1-жүргізуші:Ауған соғысы-Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі.1979 жылдың 25-ші желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпаны, яғни 9 жылдан аса уақыт бойы Кеңес әскерлерінің шектеулі құрамы Ауған жерінде ұрыс жүргізді.Бұл күнді бұрынғы Кеңес Одағына кіретін барлық туысқан Республикалардан әскер қатарына шақырылған жауынгерлер мен офицерлер-Ауғаныстан соғысының ардагерлері жыл сайын атап өтеді.

2-жүргізуші:Ауған соғысына қатысқандардың өздері келтірген статистикалық мәліметке жүгінсек, бұл соғысқа Қазақстаннан 22269 жауынгер барды. Олардың 924-і сұрапыл шайқастарда ерлікпен қаза тапты, 21 адам хабар-ошарсыз кетті, мыңдаған жігіттер елге мүгедек болып оралды.

Музыка әуенімен 10 сынып оқушысы Руфия өлең оқиды.

Соғыс бітті.Зарлы соғыс аяқталды,

Аналар қуанғаннан жылап алды.

Сұм соғыс жалмап кетті көп өмірді,

Сұм соғыс үзіп кетті көп үмітті.

Оралмай сан боздақтар кетті қанша,

Қалды-ау талай ғұмыр тау мен таста.

Ауған жері,ауған елін қорғаймын деп,

Жастары жетпеген бар жиырмаға да....

Міне өтті қас-қағымда 24 жыл,

Еске алып ұрпақтарың жазады жыр.

Ерлерді ешқашан да ұмытпаймыз,

Отанымен жаны да бір, қаны да бір.

Ағаларым жаралған ерлік рухтан,

Оққа ұшып, отқа күйіп, ел қорғаған.

Отан үшін қан майданда жерді құшып,

Бізге күнді,көк аспанды сыйға тартқан.

Біз солардың жалғасымыз, әніміз,

Біз оларға өтей алмай қарызбыз!

Аялауға, құрметтеуге дайынбыз!

1-жүргізуші:Қазір Ауған жеріндегі соғысқа қатысты түрлі әңгімелер айтылып жатыр.Алайда бір шындығы-әскерлеріміз интернационалдық борыштарын өтеп,ауған халқына көмектесті.Ауған халқының айтуларына қарағанда Кеңес Одағынан барған интернационалист-жауынгерлер қарапайым халыққа соңғы нанына дейін бөліп берген.

Бүгінгі күні Ауған соғысына қатысқан жауынгерлерге сый-сияпат, лайықты құрмет көрсетіп,атақ-абыройын асқақтату-елдігіміздің бір белгісі.

Еліміз бойынша осы соғыста шейіт болған жастарымыздың атында 30-дан астам мектеп, 170-ке жуық көше бар көрінеді.Кеңес Одағы ыдырап, еліміз Тәуелсіздік алған кездерден бастап Ауған соғысына қатысқан біздің елдің жауынгерлері жайлы деректер мен олардың ерліктері топтастырылған еңбектер жарық көре бастады.Фильмдер түсірілуде.Тарих үшін, келешек ұрпақ үшін мұндай дүниелердің маңызы айрықша.

«Жаса, қазағым!» әнін қабыл алыңыздар

2-жүргізуші:Бұл күндері ауған соғысының ардагерлері бейбітшілік өмірде қандай жұмыста болсын «Біздің мақтанышымыз» деп дәріптеуге болады. Олардың өмірі, еңбегі-көпке үлгі.

(Слайд «Интернационалист жауынгерлер» ауылымыздағы Ауған соғысы жауынгерлері туралы әңгімелеу)



1-жүргізуші:Отанды сүю отбасынан басталады. Отбасын сүйген әрбір жас өркен мына үлкен Отанымызды қастерлейді,сақтай алады.Оған біз сенеміз.

Елім, жерім деп еміренген өршіл ақын Мағжан:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін!-деп болашаққа, жастарға сенімін артқан.



1-жүргізуші:Соғыстың қайсыбірі болсын-ол үлкен қайғы, үлкен қасірет.Ананы жалғыз ұлынан, отбасын-тірегінен айыратын, әйелді жесір қалдырып, баланы жетім атандыратын-осы зұлым соғыс.

2-жүргізуші:Ерлік елдің –туы. Ер қуаты қару болса, ел қуаты батырлары, сақадай сарбаздары мен сардарлары.

Халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтқан.

Отан үшін күрес- ерге тиген үлес.Халықтың осы даналығын қайда жүрсек те,санамызда сақтап,Отанымызды қорғау-азаматтық парызымыз екенін ұмытпайық.Ауған қаһармандарын қадірлеп,құрметтеп, Сіздерді Отан алдында борышын адал атқарған абзал азамат, өз елінің патриот жауынгерлері ретінде жоғары бағалаймыз.

1-жүргізуші: Қан кешкен 10 жыл

Ерлікпен өткен «тозақтан»

Баласы елдің құтқарар әр кез азаптан,

Еліміз тыныш, батырларымыз аман боп,

Бірлік жасасын, атпасын енді азап таң.

«Алға , қазақ жігіттері!» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: IV бөлім «Көк байрағын көтерген Қазақстан»

7-мамыр-Қазақстан Қарулы Күштерінің туған күні.Тарихтағы әрбір даңқты күндер секілді бұл мерекеміздің өзіндік сыры бар.Оны жас ұрпаққа ұғындыру күні ертең олардың да Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге баратыны, ол үшін шынығу, шыңдалу қажеттігін жете білуге көмектесу қажет.



1-жүргізуші: Ел қорғайтын ер ағалар-Ардағымыз, арымыз,

Ерлер тойын, елдің тойын,Қарсы аламыз бәріміз!



Олар да аталарындай жігерлі, әкелеріндей өжет,Отанымыздың шырқын бұзғысы келетін қай жауға болса да тойтарыс бере алады.Біз осыған қуанамыз.Мектеп бітірген оқушыларымыз Отан алдындағы борыштарын әрқайсысы Қазақстанның азаматына лайықты атқаруда. Солардың бірі ауылдасымыз, мектеп түлегі , бүгінгі қонақтарымыздың бірі Дамир ағамыз.

2-жүргізуші:Ауылдасымыз Дамир Хабибуллин Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген соң, 2011 жылдың қараша айында әскер қатарына аттанған еді.Бір жылдық мерзімді әскери қызметін абыройлы атқарып,туған жеріне аман-есен оралды.

1-жүргізуші:Отан алдындағы әскери борышын өтеу кезінде контрабандалық ұрылар мен мемлекеттік шекараны бұзушыларды ұстауда асқан қырағылық танытқаны және әскер қатарында Отанға деген адал жауынгерлік қызметі үшін «Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметіне-20 жыл» атты мерекелік медалімен марапатталған.

2-жүргізуші:Дамир аға шекара бұзушыларды қалай ұстағаныңыз жөнінде бізге әңгімелеп берсеңіз?

Ән: «Көк тудың желбірегені». Орындайтын 9б сынып оқушысы Қабделов Нұргелді.

1-жүргізуші:Біздің еліміздің тәуелсіз, егемен мемлекет болғанына 22 жыл болады.Ержүрек бабаларымыздан аманатқа қалған бейбітшілік, тыныштық, татулық пен бірлік деген мұраттарды аман сақтап қалғанда, осындай елдің ұрпағы Қазақстанның Қарулы Күштерінің атағы асқақтай берсін.

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет! Жастарды Отансүйгіштікке баулу, патриоттық тәрбие берудің бір тармағы Ауған соғысы ардагерлерінің еншісіне өтіп жатыр.Сіздерге ашық аспан, өмірлеріңізге тыныштық,бақыт,жастарға патриоттық тәрбие берудегі игілікті істеріңізге табыс тілейміз!

1-жүргізуші:Ардақты ағалар,Сіздерге деген ыстық лебізімізді және құрметіміздің белгісі ретінде мектеп оқушыларының естелік сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші:Құрметті ағалар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі кездесу кешімізді аяқтаймыз, қош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет